Урок на тему Шыны?сын денеміз (0 класс) 
Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Шынықсын денеміз.
Сабақтың мақсаты:   Балаларға тақырыпты таныстыра отырып, өлеңді жаттату, қыс мезгілінде   
                                     ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру.
                                     Шынықсаң шымыр боласың мағынасын жете ұғындыру.
                                     Сырғанауға арналған заттарды нақты білуге,жұмбақтар шеше білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сырғанап жүрген балалар суреті, шана, шаңғы, коньки суреті, т/б
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, жаттау, жұмбақ шешу, ойын,?-жауап, топқа бөлу.
Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру.
                                  Шеңберге тұрып жылы лебіздер білдіру.
 -Төлеп  шымыр  болып өс.
 - Гүлнұр денің сау болсын.  Жалғаса береді.
2. Жұмбақ жасырамын   Шанамен зырлап желесің,
                             Шаңғы, коньки тебесің.
                                                 Аққала жасап ойнайтын, 
                                                 Қай мезгіл деп ойлайсың.
-Қыс
-Дұрыс айтасындар.  Өткенге шолу жасалады.
364426512128500258508511938000142811524320500Қимылды ойын «Кім жылдам»
                                                                                                                                                                                                             
 құралдар суыру арқылы, 3 топқа бөлініп, сырғанап келіп орнына отырады 
2. Негізгі бөлім: а)Дәптермен жұмыс:  Сурет бойынша  әңгіме. 
 ә)Б. Соқпақбаевтің  « Шынықсын денеміз» өлеңін оқып беру тусіндіру, құрыспай, құрыштай сөзінің мағынасын ашу, өлеңді жаттату.(көтеріңкі, орташа, жай дауыспен 3 рет қайталанады).
Әр топқа 1 шумағын жаттатамын.
Әр топ бір-бірін  жетелеу арқылы  бір шумағын өздері айтып шығады.
б)-Тапсырма « Жұмбақ шешу»
 1 топ                                                          2 топ                                                               3 топ
Қыста үйге кірмейді,                  Аяғымда басы қайқы кос сырық,            Табанға қанжар байладым,
Көктем шықса жүрмейді.         Таяғымда қуады оны састырып.              Бетінде айна ойнадым.
?- жауап сәті: Қыста ауырмау үшін не істейсің? Әр топ шешуін тауып топ аттарын қосып әңгімелеп қорғап шығады. Мыс: Шана тобы: Қыста ауырмау үшін, қалың киініп шанамен зырғанау керек т.с.с
Сергіту:  Жас ұланмын шыныққан,
              Жасқанбаймын суықтан.
                                                                              Қардан жасап аққала,
                                                                             Сырғанаймыз шаттана. (қимылмен көрсету)
     Ойын:   «Кім тапқыр» Ағайынды бес туыс,
                                                 Жамылатын тоны бір.
                                                Бесеуінде бес қуыс
                                                Сырттан кірер жолы бір.  (Шешуін тауып, суретін салып,  бос жолды 
12534901778100
                                                                               толтыру)
3.Қортынды: Қыс мезгілі ұнай ма?
                        Қандай ойындарды білдік?
                        Топ аттары неге олай қойылды? 
                         Қандай өлең жаттадық? Қосылып айтып шығайық.
 Мақтау мадақтау аяқтау.