План производственного урока на тему Тойтарма ?оспаларыны? т?зілуі


Өндірістік сабақ жоспарыТақырыбы: Тойтарма қоспаларының түзілуі
Сабақтың мақсаттары:
Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларды детальдарды қосу турлеріментаныстыру, тойтарма тәсілдерін көрсету,екі металды тойтаружаттығуын орындау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың теориялық білімдерін ісжүзінде көрсетулерін ұйымдастыру, мамандықтары бойынша іскерлікдағдыларын қалыптастыру, материалдар мен шикізаттарды үнемді
пайдалана білу, жұмыс орнында техника қауіпсіздігі ережелерінқатаң сақтауды үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды қазіргі заман талабына сай маманатануға ұмтылдыру, жауапкершілік пен ұқыптылыққа, таңдаған
мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың материалдық-техникалық көрнекіліктері: «Тойтарма қоспаларының
түзілуі» технологиялық нұсқау карталары, демонстрациялық құралдар:
тойтарма аспаптары, тойтарма шегелерінің жиынтығы, әртүрлі өлшемдегі
тескіштер,металл дайындамалар,белгі салу құралдары, «Құрал-саймандар»
сөзжұмбағы , «Тойтарма жұмыстары» плакаттар жиынтығы.
Пәнаралық байланыс: Сызу, ,арнаулы пәндер,слесарь ісі, жадығаттану,тарих, химия.
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы :
І. Ұйымдастыру кезеңі : 8.30 - 8.35
Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Білім алушылардың құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.
Білім алушылардың арнайы киімдерін киіп отыруларын қадағалау.
ІІ. Кіріспе нұсқау: 8.35 – 9.20
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Сабақты «Тендерге қатысушылар отырысы» түрінде өткіземіз. Ол үшін әр студент өзін «Акционер» орнында, яғни бір компания басшысы немесе өкілі ретінде көрсете білуі керек. Сабақ барысында білімін, қабілетін,іскерлік дағдысын көрсетуі тиіс.
І – бөлім: «Ой қозғау»
3. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтарын беру:
(Сұрақтар үлестірме карточкалар арқылы беріледі. Әр сұрақ слесарь
құрал – жабдықтары формасына жазылған)
Мамандықтарыңызға байланысты қандай материалдармен жұмыс істейміз?
Қандай операция түрлерімен таныспыз?
Қандай құралдармен жұмыс жүргізе аламыз?
Белгі салу процесінде қандай құралдар қолданамыз?
Жұмыс барысында қандай техника қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс?
Балғамен жұмыс істеудің қандай әдістері бар?
Егеумен қандай жұмыс жүргізіледі?
Бұрғы құралы не үшін қажет?
ІІ – бөлім: «Шабыт»
Өткен сабақтан жаңа тақырыпқа ауысу үшін мына сөзжұбақты шешіпкөрейік! Жауабына байланысты жаңа тақырыбымызды бастаймыз.
«Құрал – саймандар атаулары» сөзжұмбағы
8. Слесарьдың жұмыс орны.
7.Металдан жоңқа шығарып
кесу аспабы.
6. Металды жоңқасыз кесетінсайман.
5. Дайындама бетіне белгі салу
құралы.
4. Металды бөлу аспаптарының
бірі.
3.Металды тесуге арналған құрылғы.
2.Ішкі бұранды тілу аспабы.
1.Слесарьдың ең негізгі құралдарының
бірі.
Жауабы: Т О Й Т А Р М А
Бұл сөз жаңа тақырыбымыздағы – негізгі түсіндірме сөз.
3. Жаңа тақырып материалы бойынша нұсқау беру:
Мамандығымызбен байланыс, Металл өңдеу тарихы.
Металл өңдеу операциялары, Тойтарма процесі.
Слесарлык – құрастыру жұмыстары. Тойтарма шеге қосылыстар және оны қолдану.
Тойтару процесі, оның өмірде, тұрмыста,өндірісте кездесуіТойтару қоспалары, тойтарма жіктеріТойтарма шегенін орналастыру схемасы. Тойтарма шегенің ұзындығың аңықтау.
Тойтарма жасау құралдары.
Тойтару жұмысы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау .Тойтару процесіндегі ақаулар, оларды болдырмау шаралары.
 
ІІІ - бөлім “Бүгінгі менің ойым”
4.Кіріспе нұсқаудың материаларын бекіту:
Детальдарды қосудың қандай түрлері бар?
Тойтарманың қандай түрлері бар?
Тойтарманы қандай бұйымдарда кездестіреміз?
Тойтарманың негізгі қызметін қалай түсіндіруге болады?
Тойтарма жұмысында қандай құралдар пайдаланылады?
Тойтару жұмысын жүргізуде қандай ережелер сақтауымыз қажет?
Бұйымда ақау болдырмау жолдары қандай?
ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмысын көрсету: 9.20 – 9.50
1. Тойтарма жұмысына арналған жұмыс орнын талапқа сай ұйымдастыру.
2. Металл дайындамаларды, тойтару аспабы мен тойтарма шегелерді, көмекші
құралдарды жұмысқа дайындау, жарамдылығын тексеру.
3. Металды тойтармалы қосылыс, бұрандылармен қосу тәсілдерін көрсету. 4. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
ІҮ. Ағымдық нұсқау: 9.50– 14.15
1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.
2. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.
3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.
Білім алушылардың технологиялық нұсқау карталары бойынша жұмыс жасауларын бақылау мақсатында жұмыс орындарын аралау:
1-аралау: Жұмыс орнының талапқа сай ұйымдастырылуын ,дайындығын,
жұмыстың уақытылы басталуын тексеру.
2- аралау: Білім алушылардың құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білуін, ұстау
әдістерін, іс- қимылдарын қадағалау.
3- аралау: Техника қауіпсіздігі ережелерінің толық сақталуын , технологиялық
нұсқау карталарымен жұмыс жасауларын қадағалау.
4- аралау: Жаттығу орындау барысында жіберген қателіктерін уақытылы
түзету,ескертпе жасау және қосымша нұсқаулар беру.
5- аралау: Орындалған жаттығу жұмыстарын қабылдау, тексеру,
бағалау.
6- аралау: Жұмысты аяқтау,жұмыс орнын жинастыру, тазалау,құралдарды тазалап,
орналастыруын, арнаулы киімдерін орындарына ілулерін қадағалау.
ІҮ - бөлім “Сүйіспеншілік сипат”
Ү. Қорытынды нұсқау: 14.15 – 14.30
Сабақты қорытындылау: Тендерге қатысушы акционерлердің сабаққа қатысу белсенділігін, білім деңгейлерін, шеберлік дағдыларын сараптап, атап өту және жаттығу жұмыстарын орындау сапасына қарай , жаңа сабақ материалдарын игерулері бойынша білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру: Слесарь ісі пәні бойынша«Тойтарма қоспаларының түзілуі» тақырыбын қайталау
Технологиялық нұсқау картасыТақырыбы: Тойтарма қоспаларының түзілуі
Р.С. Жұмыстың атауыЖұмыстың сызбасыҚұрал-жабдықтар
1 Тойтарма жұмысына керекті аспап пен шегелерді дайындау Тойтарма аспабы,
тойтарма шегелер2 Металл дайындама бетіне белгі салып, бұрғымен тесу жұмысын орындау Сызғыш, кернер, балға, дайындама, бұрғы тескішімен3 Металлдарымызды қабыстырып, тойтарма шегемізді тесікке орналастыру Тойтарма шегелер4 Тойтарма аспабының тесігін тойтарма шегесінің диаметрімен сәйкестендіру Тойтарма аспабы кілтімен5 Тойтарма қоспасын жасау жұмысын орындау мақсатында аспапты шегеге ендіру Тойтарма аспабы,
тойтарма шегелер6 Тойтарма аспабын іске қосу, аспаптың сабына күш түсіре қысу арқылы жұмысты жүргізу