Беткі а?ыстарды? таралуы. М?хитта?ы тіршілік. Тыны? м?хиты. Атлант м?хиты. ?нді м?хит. Солт?стік м?зды м?хит. (7-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Беткі ағыстардың таралуы. Мұхиттағы тіршілік. Тынық мұхиты. Атлант мұхиты. Үнді мұхит. Солтүстік мұзды мұхит. (7-сынып)Сабақтың мақсаты: Беткі ағыстардың пайда болу себебі мен түрлерін ажырату. Мұхиттағы тіршілік дүниесінің алуан түрлілігіне және таралу ерекшеліктерін білу. Мұхиттар туралы мағұлмат бере отырып, түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың әдіс, тәсілдері: ББҮ әдісі, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Кесте(адасқан нысандар), кескін карта, атлас карта.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Мәтінмен жұмыс.
2.ББҮ- кесте.
Мәтінмен жұмыс: Негізгі мақсаты оқушылар тақырыпты оқып, ашық түрде бір – бірімен пікір алысады. Пікір кезінде мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді.
Ағыстардың мұхиттық тіршілікке әсері қайдай?
Не себепті ағыстар суық және жыл деп аталған?
Мұхиттағы тіршілік дүинесі қалай бөлінеді?
Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттардың өзіне тән ерекшеліктері қандай?
2.ББҮ – кесте
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мұхит, тұздылық, желдер, жануарлар, өсімдіктер Ағыстардың қандай түрлері бар?
Ағыстардың тигізетін әсері қандай?
Мұхиттағы тіршілік дүниесі неше топқа бөлінеді?
Ағыстардың түрлерін.
Ағыстардың әсері.
Мұхиттағы тіршілік дүниесі (планктон, нектон, бентос)
Бекіту тапсырмасы: «Адасқан нысандар» картадан объектілерді көрсете отырып, семантикалық картаны толтыру.
Р/с Тақырып Тынық Моллюкалар Каспий Канар Гольфстрим Кариб Пассат балдырлар Батыс Қоңыржай
1. Мұхит 2. Жел 3. Ағыс 4. Белдеулер 5. Өсімдіктер 6. Жануарлар 7. Теңіз Қорынтынды: «Үш минуттық эссе» бағалау.
Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды?
Сіз үшін ең қиыны және ең түсініксізі не болды?
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, кескін картаға ағыстарды бейнелеу.
Тақырыбы: Күн жүйесінің планеталары. Алып планеталар.
 Мақсаты: Алып планеталар жөнінде жалпы мағлұмат бере отырып,  түсініктерін қалыптастыру.
 Дамытушылық: ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерлігін дамыту.
 Тәрбиелік: Елін, қоршаған ортасын аялауға тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: Планеталардың беткі температурасы, серік планеталардың Күнді айнала қозғалу кезеңі және өз білігінен айналу кезеңі, орбита.
Сабақтың түрі: аралас. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен, сәйкестендіру, геогафиялық диктант, кесте.
Көрсетілетін материалдар: алып планеталардың фото – суреттері.
 Оқушылардың өзіндік іс – әрекеті.  Дәптерлеріне алып планеталардың негізгі сипаттамасын көшіріп жазу. Қосымша ғылыми – әдебиеттерден материал жинақтау, талдау.
Сабақтың дүниетанымдық аспекті. Оқушыларды Жерге мүлдем ұқсамайтын планеталардың барлығын ұғынуға әкелу.
 
Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылауІҮ. Жаңа материалды меңгертуҮ. Жаңа материалды бекіту.
ҮІ. Жаңа материалды қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, кластың сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Кім күшті?»  5 ұпайКүн жүйесіндегі планеталар неше топқа бөлінеді? (жер тобы планеталары, алып планеталар)
Күнге өте жақын орналасқан планета (Меркурий)
Меркурийдің беткі жоғарғы температурасы? (4000С)
Жерге ұқсас планета. (Шолпан)
Шолпанның жоғарғы температурасы? (5000С)
Алғаш рет Шолпанға ғарыштық станса қай жылы қондырылған? (1970ж. «Венера – 7»)Тіршілігі бар планета (Жер)
Күн жүйесінде Марс нешінді орында? (4)
Күнге жақынырақ орналасқан планеталарды ата. (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)
Алып планеталарды ата. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
Кезең 3 мин. алады.
 ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. Әр топтан бір оқушы қорытындылау  5 ұпай, қалғандарына – 1 ұпай (бонус)
 ІҮ. Жаңа материалды меңгеру.  Мұғалімнің кіріспе сөзі. Кезең 3 мин.
а) Мәтінмен  жұмыс. Жаңа материалды меңгеруге бағыт беру. 5 ұпайКезең 5 мин.
б) Топтық жұмыс. «Кім алғыр» Карташа тандау. Оқушылар карташадағы тапсырмалармен танысады. Жинақтаған қосымша мәліметтерін пайдалана отырып, мәселені ортаға салып, талқылайды. 5 ұпайКезең 10 мин. алады.
ІІІ. «Ойлан, тап» Адасқан объектіні сәйкестендір. 10 ұпай1. Ең ыстық     Шолпан 4620 С2. Ең суық        Плутон шамамен 2350С
3. Ең жылдам   Меркурий 172 000 км/ сағ4. Ең алыс        Плутон телескотан ғана көрінеді5. Ең тығыз     Жер судан 5 есе тығыз6. Ең алып      Юпитер
Кезең 1 мин.
 Ү. Жаңа материалды бекіту. Географиялық диктант
1. Күн жүйесінде ………………….. планета бар.  (9)
2. Сатурн Жердің массасынан…………….. есе үлкен. (95)
3. Сатурн…………, ………… және …………. тұрады. (тастан, мұздан және тозаң)
4. ……………… үлкен ғаламшар. (Юпитер)
5. Уран ………………. ғасырда ашылған. (ХҮІІІ)
6. Нептунның сақиналары …………… ғарыштық аппарат фотоға түсірген. («Вояджер – 2»)
7. Плутонның жалғыз серігі …………… .  (Харон)
8. Юпитерді ………………… деп атайды. (Қызыл таңдақ)
9.  …………….. 2006 жылға дейін Күн жүйесінің ең алыстағы және ең кішкентай планетасы болып есептелді. (Плутон)
10. Күн жүйесінде планеталар ……………… бөлінеді. (2)
ҮІ. Қорытынды. «Білгенге маржан».
«Марсты неге қызыл планета деп атайды?»
«Сыртқы планеталар туралы фактілер»
«Қай планеталар онша әйгілі емес?»
ҮІІ. Үйге тапсырма.Бағалау.
§13 оқу.  Марс пен Юпитерді салыстыру. (Венн диаграммасы)