Планирование по технологии Ыдыс-ая?тар.?а?аздан ыдыс-ая?тар жасау 
Бекітемін:       _______________                                                                    Күні:  05.03.2015ж
 №249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған                                                                                                                                                                               
                 Сабақ жоспары
                 Сыныбы: 4г
                 Пәні: Еңбекке баулу
      
Сабақтың тақырыбы: Ыдыс - аяқтар. Қағаздан ыдыс - аяқ жасау. Сабақтың мақсат-міндеттері: А) білімділік:   
Оқушыларға еңбекке баулу сабағында қағаздан ыдыс-аяқ  жасаудың  жолын үйрету.  Ә) дамытушылық:  
Оқушылардың  ой - қиял қабілетін,шығармашылығын  дамыту.  Б) тәрбиелік:  Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: Дамыта оқыту технологиясы Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Аралас  сабақ Сабақтың әдістері: Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап Сабақтың формасы:  Жеке,ұжымдық Сабақтың пәнаралық байланысы: Бейнелеу өнері,математика
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар: Қағаздан жасалынған ыдыстың үлгісі,50мл су,2 ас қасық ұн,қағаз немесе газет,кез-келген ыдыс,қайшы.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі -амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының  
  дайындығын  тексеру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Оқушылардан киізден қуыршақ жасау  туралы түсінгендерін сұрау,жасаған қуыршақтарын  тексеру.
ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық - Балалар,ыдыстың қандай түрлері бар?
- Оны неден жасайды?
- Қағаздан ыдыс жасауға бола ма?
  Балалар,ыдыстың металдан,қыштан,шыны,пластмассадан жасалған түрлері бар.Қағаздан ыдыс жасау шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді.
 Оны жасау үшін жұмыс жасау барысындағы реттілікті анықтап алайық.
Жұмыстың жасалу реттілігі:
1.Газет парағын қиып аламыз.
2.50мл суға 2 ас қасық ұн салып,араластырып,желім дайындап аламыз.
3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып,ыдысқа газет қиындылары жапсып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.
4.Газет қиындыларын  ұннан жасалған желімге малып,ыдысқа айналдыра желімдейміз.
5.Осылайша 3-4 рет қабаттап,ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.
6.Кепкеннен кейін қағаздан  қабатталып жасалған  қалыпты ыдыстан  түсіріп аламыз
7.Дайын кесеге  ою-өрнек  желімдейміз..
Ереже:
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін есіңе түсір.
Балаларға өз бетінше жұмысты аяқтату 
- Сонымен,қағаздан қандай ыдыс жасалады  екен?
- Жасағанқағаз ыдысыңа не салуға болады?
- Жасаған  ыдысыңды  қалай әшекейледің ?
  VІ. Үйге тапсырма.  Келесі сабаққа түйме,бау,жіп,ілгек,қайшы  ала келіңдер. ҮІІ.Бағалау Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай  бағалау.