Бастауыш сынып бірлестігін апталы? есебі


«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ, «МӘҢГІЛІК ЕЛ»- ТҰРАҒЫМ» АТТЫ
2016-2017 оқУ ЖЫЛЫНДАҒЫ «баСТАУЫШ СЫНЫПТАР ӘБ-НІҢ онкүндігінің есебі»
05.12.-15.12. 2015 аралығында өтетін «Бастауыш сынып ӘБ апталығының жоспары»
Тақырыбы: « Тәуелсіздік-тірегім, «Мәңгілік ел»- тұрағым»
Мақсаты: Жаңа әдістемелік технологияларды пайдаланып әр сабақта оқушыларға терең де тиянақты білім беру.
Бастауыш сыныптар апталығының өткізу принциптері: әр бала апталығының барлық оқиғаларының белсенді қатысушысы болып табылады.
Күні Өткізілетін іс-шараның мазмұны Сынып Өткізетін уақыты Жауапты
05.12
Апталықтың ашылуы
1-4 11.10
Бастауыш сынып бірлестігі: Кусайнова А. Н.
06.12. «Жетім» М.Әуезов
(Әдебиеттік оқу) 4«А» 2 сабақ Байгаринова Г.Ж.
08.12.
«Қазақстан» Қ.Аманжолов
(Әдебиеттік оқу) 2 «Ә» 1 сабақ Бақыт Гүлжаз
07.12.
«Санды өрнектер»
Математика 1 «А»
2 сабақ
Кокбаева А.Т.
07.12 «Жалаң және жайылма сөйлем»
Қазақ тілі 3 «А»
2 сабақ
Кабышова Д.Б.
09.12 «Қайталау. Тік төртбұрыш пен шаршының периметрі»
Математика 2 «А» 2 сабақ Кусайнова А.Н
13.12 «Д дыбысы мен әрпі»
Сауат ашу және жазу негіздері 0 «А» 2 сабақ Муздапарова Р.А.
09.12 «Тәуелсіз елдің ұланы» 0 «А»
1 «А» 3 сабақ Муздапарова Р.А.
Кокбаева А.Т.
14.12. «21-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны. 4 «А»
3 «А» 3 сабақ Муздапарова Р.А.
14.12.
«Мен елімді сүйемін!» мәнерлеп оқу сайысы 0- 1-4 сын 13.15 Бақыт Гүлжаз
Кусайнова А.Н.
12.12. «Менің Отаным Қазақстан» шығарма жазу сайысы 2-4сын
5.12-12.12 аралығы Муздапарова Р.А.
Кусайнова А.Н.
13.12 Патриоттық ән-би конкурсы 0-1-4
сынып 11.00 Кабышова Д.Б
Байгаринова Г.Ж.
18.12. Апталықтың жабылуы.
Жүлдегерлерді марапаттау.
0-1-4 5 сабақ Кусайнова А.Н
Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директоры Маушанов Д.Б бекітті.
Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1 қабаты тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға газеттерімен, гүлдермен безендірілді.
Бастауыш сынып апталығы 5 желтоқсан күні 3 сабақтан кейін болатын үзілісте апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 1 сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты, 2 сынып пен 3 сынып оқушылары ән айтты, 4 және 3-ші сынып оқушылары тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, тәуелсіздікке байланысты және желтоқсан құрбандары жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Басқа да мәліметтер берілді. Ашылу салтанатының соңы Нұржанова Ақнұрдың орындауында «Қазақ елі» әнімен аяқталды.


Онкүндіктің келесі күні ашық сабақтармен жалғасын тапты.
6 желтоқсанда 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Мұхтар Әуезовтың «Жетім» шығармасы бойынша ашық сабақ өтті.Сынып жетекшісі: Байгаринова Г.Ж.

Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар өздігінен автор өмірі мен шығармашылығы туралы дайындап,өлеңдерін жаттап шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын білдіре алды.
Сабақта күнделікті өмірмен байланысқа ,сөз мәнеріне , сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді. Өздік жұмыс, қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жасауға көп көңіл бөле отырып,алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы бере алады. Сабақ өз мақсатына жетті. Топ бірін-бірі , топ ішінде бағалар алды.
Ұсыныс: Бағалау парағын дұрыс қолдану. Уақытты ұтымды пайдалану.
7 желтоқсанда 1 «А» сыныбында математика сабағы «Санды өрнектер» тақырыбында ашық сабақ болды. Сынып жетекшісі: Кокбаева А.Т.

Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай  жоғары деңгейде  құрылған. Сабақ дамытушылық бағытқа құрылды. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларына көп көңіл бөлініп, математикалық терминдер меңгеріліп, қиындық туғызатын тапсырмалар орындауға көмек көрсетілді. Сабақта жаңа  ақпараттық технология құралдарын көрнекті құрал ретінде қолданылды.
Ұсыныстар: Сабақта берілген тапсырмаларды баланың жас ерекшелігіне сай түрлендіріп отыру. Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, әдістерді оқып-үйрену.
8 желтоқсанда 2 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мұғалімнің сабақ жоспары жас ерекшелігіне байланысты әдістемелік талап тұрғысына сай деңгейде құрылған. Интербелсенді әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңдеріне сай ұтымды пайдалана білді. Соның ішінде оқушының атмосферасын көтеру мақсатында шаттық шеңбері аясында тілек айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл, жағымды атмосфера туғызды. Тақырыпты ашу мақсатында видеоның көмегімен оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын өз бетінше шешім шығаруға, өз ойын ортада еркін түрде білдіруге бағыт берді. Әдістерде: Джиксо әдісін қолданды.
Ұсыныстар: Көшбасшы ретінде оқушыға бағыт-бағдарды тиімді беру керек. Оқушыны өз ойын ашық айтуға төселдіру. Интербелсенді әдістерді үнемі сабақ үрдісінде пайдалану.
7 желтоқсан күні 3 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «жалаң және жайылма сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Кабышова Д.Б.
Сабақ 5 кезеңнен тұрды.Мұғалім сабақта әртүрліәдіс-тәсілдер қолдана отырып,сабақты қызықты,мазмұнды өткізуге тырысты. (сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру) Жаттығулар, қайталаулар арқылы теориялық білімдерін практикалық жолмен дәлелдеп бере алады Оқушылар сабақта белсенді қатысып отырды. Әдебиет, тарих сабақтарымен байланысты болды Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық- технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақта тіл мәдениетіне, сөйлеу дағдыларына, тәрбиелік кезеңдеріне көңіл бөлінді.Өздік жұмыс,қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Ұсыныстар: Бағалауды дұрыс ұйымдастыру. Ережелердің толық мағынасын түсіну үшін мысалдар келтіру қажет.
9 желтоқсанда 2 «А» сыныбында математика пәнінен «Қайталау. Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі» тақырыбында ашық сабақ болды. Сынып жетекшісі: Кусайнова А.Н.

Сабақтың мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, топтық жұмысқа бейімдеу, өзін-өзі реттеу. Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді: «Жедел ойлау стратегиясы», «Кубизм» қолданды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастады. Оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптың мазмұнына қарай, тұйықталған сынық сызық және тұйықталмаған сынық сызықтар деп топқа бөлді. Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен белсенді ұйымдастыру қабілеті жоғары жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп берді. Топ басшыларын бес саусақ арқылы бөліп алды.
Ұсыныстар: Әдістемелік бірлестікте іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.
13 желтоқсанда сауат ашу және жазу негіздері пәнінен «Д дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Муздапарова Р.А.

Сабақтың мақсаты: Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу т.б.) Оқу іс-әректеті барысында еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, слайдтарды көрнекілік ретінде пайдаланды. Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын әдіс-тәсілдерін қолданды. . Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды. Оқушылар дыбыстық талдау жасап, өз ойларын, үй жануарлары туралы білетіндерін айтумен болды. Бағалау кезеңінде мұғалім бағдаршам түстерін қолданды.
Ұсыныстар: Сабақ барысында орыс тіліне бейім балаларды ойын еркін айтуға үйрету.
Онкүндік аясында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сабақтан тыс іс-шараларда өтті. Соның бірі 1 «А» мен мектепалды даярлық сынып оқушыларынмен «Тәуелсіз елдің ұланы» атты тәрбие сағаты болды. Тәрбие сағатына тәрбие ісінің меңгерушісі Е.Т. Арнапасов және бірлестік мүшелері қатысты.

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ елінің жүріп өткен жолдарын, тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру. Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу болды.
14 желтоқсанда мәнерлеп оқу сайысымен жалғасын тапты.

Сайыс нәтижесі бойынша:
1-орын: Хаким Ақерке 3 «А» сынып; Илюбаева Альфия 2 «А»
2-орын: Дархан Ерұлан 0 «А»; Мухамадиева Аружан 3 «А»
3-орын: Куаныш Нұрай 4 «А»; Бакимбаев Шакарим 2 «Ә»
14 желтоқсанда «21-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өте жоғары деңгейде өтті. 3-4 сыныптан 6 оқушы қатысты. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. Іс-шара тақырыбына сай презентация көрсетіліп, балалар тапсырманы слайдтан қарап таңдап отырды. Сайыс сұрақтары жас ерекшеліктеріне сай болды. Оқу бағдарламасы бойынша тапсырмалар.
Өкінішке орай ,кейбір оқушылар мемлекеттік рәміздер және олардың авторларын атауда қиналды.
Әділқазылар оқушылардың ұпай сандарын есептей келе, 4 «А» сынып оқушысы Қуаныш Нұрай көшбасшы мадақтамасымен марапатталды.
Шығарма байқауында 2-4 сынып оқушылары аса белсенділік таныта қоймады. Себебі, оқушыларда осындай үлгідегі жазба жұмыстары жиі ұйымдастырылмағандықтан және шығарманың құрылымын кейбір балалар білмейді.
Нәтижесінде: әрбір сыныптар жеке – жеке бағаланды.
Патриоттық ән-би сайысында 0-4 сыныптар ән және би номинациясы бойынша сайысқа түсті.

Өнерлілер сайысына әр сынып оқушылары ән, би, көрініс дайындаулары қажет еді. Бұл сайысқа даярлық топ оқушылары барынша жауапкершілікпен қарап, өз өнерлерін өте жақсы көрсетті. Ән де айтты, бәрі қосылып би билеп, көрініс те көрсетті. 1 сынып оқушылары тек ән айтып, би биледі. 2 сынып оқушылары көрініс көрсетіп, екі ән айтты. 3 сынып оқушылары ән мен би дайындапты. 4 сынып оқушылары ән айтты. 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың дайындықтары орташа болды. Сайысты қорытындылай келе әділқазы алқасы былай деп шешті: ән номинациясы бойынша І орынды даярлық топ , ІІ орынды 3 сынып, мың бұралған бишілер номинациясы бойынша І орынды 3 сынып, ІІ орынды даярлық топ, көрініс көрсету бойынша І орынды даярлық топ, ІІ орынды 2 сынып иеленді. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
15 желтоқсан күні апталықтың жабылу салтанаты өтті. Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.Н. Кусайнова жүргізді. Ол апталық кезінде өткен сайыстар бойынша жеңімпаз оқушыларды марапаттады және апталықты қорытындылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
Герасимовка орта мектебі
Бастауыш сыныптар арасында өткен
онкүндігінің қорытындысы

Бірлестік жетекшісі:Кусайнова А.Н.
2016-2017 оқу жылы