Арифметикалы? прогрессия. Арифметикалы? прогрессияны? n-ші м?шесіні? формуласы (9 сынып). 
Сабақ жоспары №46
Пән: алгебра -9
Күні: __________
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Арифметикаклық прогрессияның айырымы, n-ші мүшесі
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:  ұжымдастыққа. бірізділікке. сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:   бекіту сабағы
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық   шеңберіне тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру, сұрақтарына жауап беру
Өткен тақырыпты қайталау:
1.Арифметикалық прогрессия анықтамасы
2.Арифметикалық прогрессияның айырымы 
3.Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі, қай кезде кемімелі болады
4.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласыМатематический диктант.
Нұсқа бойынша орындалады (квадрат жақшаның ішінде екінші нұсқаның тапсырмалары)  
1) Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 4 [6], екінші мүшесі 6 [2]. Айырманы тап  d.
2) Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 6 [4], екінші мүшесі 2 [6]. Үшінші мүшені тап
3) Арифметикалық прогрессияның оныншы [сегізінші] мүшесін табыңдар, егер бірінші мүшесі 1, ал айырмасы 4 [5].
4) Жұп [тақ] сандар тізбегі арифметикалық прогрессия тізбегі бола ма? 
5) ап – арифметическалық прогрессия. а1және  d арқылы өрнекте:  а10; а2k; ak + 3 [a20; ak; a2k + 1].
ІІІ  Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Ауызша орындалатын тапсырмалар: 
1)a1 мен d арқылы a50, a102 , a32 мүшелерін өрнекте.
2)  аn мүшесін табу  формуласын жаз. 
а n= 2n болғанда үшінші, бесінші,алтыншы мүшесін тап.
3)Арифметикалық прогрессияның анықтамасын айтыңыз.
4)Тізбектің берілу тәсілдерін атап шық.
Оқулықпен жұмыс
  №177,  №178,  №179
Сабақты бекіту кезеңі: 
-Арифметикалық прогрессия анықтамасы
1) (Аn)-арифметикалық прогрессия а1= -3 және d =11, а11 мүшесін есептеңдер         а)100;   ә)107;   в)103;   с)105  2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия а11 = 15, а3= 20 болғандағы d мен а1 ді есептеңдер    а) 5; 10;   ә) 5; 5;    в)  5;  -10;   с) -5;  10 
3)Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар  а15 = 219,   d = 14
          а) -23;     ә) 24;    в) 23;   с) -244) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар  0,2; 1; 
          а) 6,6;   ә) 5;   в) 5,6;   с) 6Үйге тапсырма: №180,181
Бағалау .                          БББ кестесін толтыру
Білемін Білгім келеді Білдім