М?дени ?сімдіктер. М?дени ?сімдіктерді? к?беюі ж?не о?ан ?ажетті жа?дайлар.


Cабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктер туралы түсінік қалыптастыру. Жабайы өсімдіктерден айырмашылығы және шыққан орталықтары жайында білім беру. Дамытушылық: Мәдени өсімдіктер түрлерін меңгерту, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың  көрнекілігі: Кесте, тірек-сызбалар,тақырыптық суреттер. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі.
Сабақтың  барысы:
І.Ұйымдастыру  бөлімі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі дүниетану сабағын мен өткіземін, аты-жөнім- Әйкен Гүлжанат Мұғалімбекқызы.
Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару. 
Психологиялық дайындық:
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын сендердің бүгінгі сабаққа деген дайындықтарыңды тексергім келіп тұр.
- Бүгінгі күнге деген көңіл-күйлерің қандай? (1рет шапалақтау)
- Сабаққа дайынсыңдар ма? (2рет шапалақтау)
- Өте керемет! Ал,енді балалар мына әріптерден сөздер құрастырайық. Әрбір сөз 4әріптен құралады.
Б Л І Р
Й С Қ ІІ.Өткенді  қайталау: Алма ағашында ілулі тұрған алмалар артындағы тапсырмаларды орындау.
- Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер?
- Жемістің ішінде не болады?
- Тұқымның қандай түрлері болады?
- Құрғақ жемістерді атаңдар?
- Шырынды жемістерді атаңдар?
- Алма жемісінің тұқымы қандай?
- Неліктен шырынды жеміс?
- Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.
Үй тапсырмасы: «Тұқым және жеміс» мәтінін әңгімелеу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру: - Балалар, сендер өткен сабақтарда өсімдік және оның мүшелері туралы өттіңдер? - Олай болса, өсімдік тіршілігіне не қажет екен? «Өсімдік тіршілігі» атты кластерді құрастырту: шашылған қима қағаздардағы сөздерді топтастырып, кластерді құрау.
-27051028575Өсімдік тіршілігі
жарық
жылу
су
ауа
қорек
Көктем
Күз мезгілі
жаңбыр
Жаз мезгілі
суару
тыңайтқыш
Қопсыту
топырақ
Өсімдік тіршілігі
жарық
жылу
су
ауа
қорек
Көктем
Күз мезгілі
жаңбыр
Жаз мезгілі
суару
тыңайтқыш
Қопсыту
топырақ


- Балалар, енді біз өсімдік түрлерімен танысамыз? Өсімдіктердің түрлері өте көп. Біз бүгін «Мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар» туралы өтеміз. - Мәдени өсімдіктер дегеніміз не? Ерте кезден-ақ адамдар жабайы өсімдіктерді баптап, суарып қолда өсірген. Сондықтан мұндай өсімдіктерді мәдени өсімдіктер деп атайды. - Мәдени өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?
70104014605Мәдени өсімдіктер
Дәрілік
Май
Мәдени өсімдіктер
Дәрілік
Май


center7620Тағамдық
Тағамдық

238125017145
center94615Көкөністік
Көкөністік

center10350500
center126365Астық
Астық

12630151821180ұлсы
ыарт
үеріжг
қабұрш
нүзәйт
атақм
япиз
токарп
зісәб
ұлсы
ыарт
үеріжг
қабұрш
нүзәйт
атақм
япиз
токарп
зісәб
Астықтар қатарына: бидай, сұлы, жүгері, тары Көкөністер қатарына: сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, қияр, пияз, картоп Май алынатындар қатарына: күнбағыс, ас бұршағы, зәйтүн, мақта жатады. Сыныпты 3топқа бөлемін. Әр топқа мәдени өсімдіктерге байланысты ат қойылады және әрбір топқа қима қағаздар таратылады. Қима қағаздарда ретсіз орналасқан әріптерден құралған мәдени өсімдіктердің түрлері жазылады. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, өсімдік түрлерін топтастырады. I топ- Бидай:
II топ- Күнбағыс:
III топ-Қияр:
-323851025525-Жарайсыңдар! (жеңіске жеткен топты марапаттау) IV.Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы мәтінді оқыту; Сурет бойынша әңгімелеу.Тізбектетіп оқыту. - Өсімдіктер не арқылы көбейеді?
17583155715Тұқым
түйнек
Тамыр
Мұртша
Тұқым
түйнек
Тамыр
Мұртша
296799062865м
00м
Өсімдіктердің көбеюі
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай теректер, Үлкен болып өседі. V. Ой қозғау. Жұмбақ шешу: Ұзын мұртты сарылар. Қойнында наны бар. (бидай) Көк лағым көгенде тұрып семірген. (қарбыз) Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (алма) Жер астында темір қазық. (сәбіз) Аласа ғана тойы бар, Қабат-қабат тоны бар. (орамжапырақ) Күннің нұрын сүйемін, Күнге басымды иемін. Моншағым жоқ мойнымда, Үлкен қалпақ киемін. (күнбағыс)
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз) Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда,майда қызыл шоқ. (Анар) VI. Дәптермен жұмыс: Кесте толтыру.Әр партадағы оқушыларға кестелер таратылып беріледі. Бірлесіп жұмыс жасайды.
Сипаттап жазу Көлемін сипаттау Жемістің қай түріне жатады?
Қарбыз Сырты қатты, іші жұмсақ. Түсі жасыл Домалақ, үлкен Шырынды
VII. Бекіту: «Кім жылдам?» Көкөніс аттарын тақтаға іліп. Сөздер құрастыру. «Орамжапырақ» - жапырақ, ақ,ора,ор, арық, жарық, қар т.б. «Күнбағыс» - күн, үн, бас, нас, сан, ағыс, ас т.б. VIII.Үй тапсырмасы: Оқулықта берілген мәтінді оқу. Қыс мезгіліне байланысты сурет салу. IX.Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды стикерлер арқылы бағалау.