Семинар для классных руковадителей 1-11 классов


И.Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сынып жетекшілердің семинарын өткізу жоспары.
Уақыты: 03.12.2015ж
Күн тәртібінде:
І. Психологиялық тренинг
ІІ. Тақырыбы: «Ата-аналармен жұмыс және ата-аналарға арналған сауалнамалар және психологиялық кеңестер» методикалық көмек ретінге семинар
1.Ата-аналармен жұмыс түрлері, сауалнамалардың түрлері Р.Асипова
2. Ата-аналар жиналыстарында өткізілетін психологиялық кеңестер түрлері Д:Айнидинова
ІІІ. Реттегі жұмыстар:
Жас сынып жетекшілер және тәлімгерлердің жұмыстары
Жаңа жыл шыршасын өткізу туралы
Мейрам күндеріне алынатын қол хаттар туралы
1. Психологиялық трениг Д.Айнединова «Мен бақыттымын»
2. Ата-аналар жиналысын өткізудің тиімді жолдары
Сынып ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Сыныптық ата-аналар жиналысын даярлау ережелері: 1. Ата-аналар жиналысының тақырыбы ата-аналар үшін өзекті болуы тиіс. 2. Ата-аналар жиналысы ата-аналарға қолайды уақытта өткізілуі тиіс. 3. Ата-аналар жиналысын өткізу жоспары ата-аналарға белгілі болуы тиіс. 4. Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасы сыпайы әрі сенімді болуы тиіс. 5. Сынып жетекшісі балаларға ат қойып, айдар тақпауы тиіс. 6. Ата-аналар жиналысы педагогикалық жағынан пайдалы және жақсы даярланған болуы тиіс.
Ата-аналар жиналысының түрлері 
Ұйымдастырушылық, • Жалпымектептік немесе сыныптық • Жоспардан тыс (туындаған төтенше жағдайларға байланысты) • Тақырыптық, ақпараттық-ағартушылық • Дифференциалды (арнайы шақырылған ата-аналар тобы) • Қорытындылау 
Жиналыста қолданылатын әдіс-тәсілдер: 
Сөздік – Әңгіме – Баяндама • Көрнекіліктелінген – Таблицалармен жұмыс – Слайдты демонстрациялау – Диафильмдерді көрсету – Компьютерді пайдалану • Іс-тәжірибелік – Тесттермен жұмыс – Тренингтік жаттығулар Ата-аналар жиналысында компьютерді пайдаланудың артықшылықтары - Уақытты үнемдеу; - Жеделдік; - Байланыс жасау мүмкіндігі; - Көрнекілігі. 
Ата-аналар жиналысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жаднама
1.Жиналыс басталар алдында нашар көңіл-күйдің «есік сыртында» қалғаны жөн.
2.Жиналысқа бөлінетін уақыт 1, 5 сағаттан артық болмасын.
3.Адамға ең жағымды дыбыс - оның өз аты. Алдыңызда ата-аналардың аты-жөндері жазылған тізім болсын.
4.Ата-аналар жиналысын бастар алдында талқыланатын мәселелерді жариялаңыз.
5. Педагогикалық талдаудың «алтын ережесін» ұмытпаңыз: сөзді оңды нәтижелерден бастап, негативті жәйттерге сонан кейін көшу керек, сөйтіп әңгімені алдағы болашаққа жасалатын ұсыныстармен аяқтау қажет.
6.Ата-аналарды ақпараттардың бәрі бірдей балалар игілігі үшін қызмет өте бермейтіндігі туралы ескертіңіз.
7.Жиналысқа қатысқандардың барлығына уақыт тауып келгендері үшін ризашылығыңызды білдіріңіз (әсіресе әкелерге).
8.Ата-ана баласының оқу үлгірімі үшін мұғалімі де өздерімен бірдей күйзелетінін түсінетін болсын.
9.Жеке әңгімелесу кезінде бала үлгірімі туралы оның әлеуеттік мүмкіндіктеріне сәйкес баға беріңіз.
10.Ата-аналарға «нашар оқушы» «нашар адам» деген сөз емес екенін ұқтырыңыз. Жиналыста мына нәрселердің орын алуы дұрыс болмайды:
Сладй көрсету
Реттегі жұмыстарды қарау
ТІЖО---------------- Р.Асипова