Болаша?ты? ?аласы. «Болаша?ты? ?аласы» композициясын жасау.
Өнер сайысы: Болашақтың қаласы. «Болашақтың қаласы» композициясын жасау.
Сайыстың мақсаты: Суретте сюжетті бере білу дағдыларын бекіту, қала суретін бейнелеуге үйрету. Шығармашылық жұмыстарға баулу. Композицияны, түсті сезунілерін дамыту . Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу
Сайыстың көрнекіліктері: слайд –фильм «Астана көріністері», қарындаш, түсті қағаз, қайшы, желім.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Өлеңді оқу «Ей,бас қалам-Астанам!»
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қалам-Астанам!
Шырқап көкке аспан ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам-Астанам!
- Балалар, өлең не туралы?
2. Оқушылармен тақтадағы сөйлемді оқу.
«Астана - бас қала»
«Астана - бас қала» сөйлемін қалай түсінесіздер?
Астана – еліміздің Астанасы.
ІІ. Слайд фильм: «Астана көріністері»
Астана қаласына саяхат ұйымдастыру.
* Ақ Орда резиденциясы — HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%96" Қазақстан Республикасы Президентінің
Резиденциясы. Онда біздің елімізді басқаратын Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады.
*Бәйтерек — Астананың басты символы
* Тәуелсіздік Сарайы - мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны.
* Бейбітшілік пен келісім сарайы –архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің
бірегей туындысы.
* «Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы)
Сергіту сәті:
Топ, топ басайық,
Алақанды соғайық.
Жаса, жаса жарқын күн,
Жаса, жаса алтын күн.
ІІІ.
1. Балаларды топқа бөлу.
2. Мағынаны таныту.
*Оқушылармен бірге Астна қаласының көріністерін тамашалап, ғимараттарының бейнелеуіне көңіл бөлу.
* Альбом бетіне балалар өздері ойларынан шығарған ғимаратты салады.
* Салған үйді қиып алады.
* Әр топ үйді үлкен ортақ ватман қағазына жапсырып, безендіреді.
*«Болашақ қаласы» панносын тамашалау, әр топтың жұмысын сынау, бағалау.
ІV.Оқушыларды бағалау-мадақтау.