Тіл ж?йрікте кім ж?йрік? (сыныптан тыс сайыс саба?ы)
Астана қаласы
№2 мектеп –гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қасымғалиқызы Лаураның сыныптан тыс
өткізген жұмысының жоспары
Тіл жүйрікте кім жүйрік? (сыныптан тыс сайыс сабағы)
Мақсаты:1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;(сыныптан тыс іс-шара 6 «А», 6«Ә» сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 5 оқушы қатысады. Мұғалім:– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.Өмірдің өзі адамды тірестірген,Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.Айнала отырып ап исі қазақАзаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 6«А», 6 «Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Оқу ісінің меңгерушісі Айгүл Құрманғазықызы, Әдістеме бірлестігінің жетекшісі Нүрекенова Алма Абдуахитовнаны , қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Тұрымтаева Лаззат Қазиқанқызы, Айтакова Анар Бекболатқызын шақырамыз. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы , яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.- Ана тілі қазағымның қаймағы,Тілің сенің өміріңнің айғағы.Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,Әр сыныптың білгірлерін сайлады-дей келе сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін.– Бүгінгі біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:І. ТаныстыруІІ. Деген екенІІІ. Білімді мыңды жығарІҮ. Өлең өрнегіҮ. Сөз болаты – мақалІ. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.ІІ. «Деген екен» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша көрініс көрсетеді. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз.
- Осы бөлім бойынша әр топтың ұпай сандары сұралады. ІІІ. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді. 6 «А» сыныбына қойылатын сұрақтар реті:1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)2. Лексика нені зерттейді?3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)4. Ертегілерді ата.
5. Отан туралы 5 мақал-мәтел.
6. «Алпамыс батыр» жырындағы Батырдың тұлпарының аты.
7. Әдеби тіл нешеге бөлінеді? 8. Антонимге 5 мысал.
9. «Келбет» сөзінің синонимін ата.
10. Мәтін деген не?6 «Ә» сыныбына қойылатын сұрақтар реті1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы2.»Қобыланды батырдың» қарындасының аты.3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? 4. Ашық дауыстыларды ата.5. Тіл туралы 5 мақал-мәтел айт.
6. Ұзын сөзінің антонимі?
7. Фонетика нені зерттейді?8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.9. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз). 10. Алпамыс батырдың әкесінің аты.
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.ІҮ. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа өлең шығару.– Құрметті көрермендер ақындарымыз өлең сөздерін аяқтағанша біз 6«А» сыныбының оқушысы Нұрғалиев Әлінұрдың орындауында « Сарыарқа» күйін тыңдайық. – Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.Ү. «Сөз болаты -мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз.5 турымыздың шарты бойынша сайыскерлер, сендерге сөздер беріледі, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып айтуларың керек. – Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.Ана тілсіз тарих та жасалмайды,Ана тілсіз іс өрге аса алмайдыЖелмаяның үстінде желіп тұрып;Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Анықтама
Тіл мерекесі қарсаңында Астана қаласы, №2 мектеп-гимназиясының 6 «А»,«Ә» сыныптары арасында «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайыс өтті. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Әр бөлімге оқушылар үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. 6 «А» -«Алғырлар» тобы, 6 «Ә» «Қыран» тобы деген атпен өздерін таныстырды. Шешендіктерін танытты. Мақал-мәтелден де құр алақан еместігін көрсете білді. Қорыта айтқанда, сайыс өз дәрежесінде өтті. Пән мұғалімдері топтағы жүйрік, алғыр балаларды ерекше атап өтті. «Алғырлар» тобына – «Білімділер» деген номинация, ал «Қыран» тобына –
« Алғырлар» деген номинация беріп, марапаттады.
Сайыс қатысушылар үшін өте қызықты өтті.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Қасымғалиқызы Л.