Сызы?ты? функция ж?не оны? графигіне есептер шы?ару 
Сабақ №2
Сабақ өтілетін күн: Орны: №28 кабинет
Пәні: Математика
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Қаймолдина Динара Барлық оқушы саны: 8
Қатысқаны: 8
Сабақ тақырыбы Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару.
Жалпы мақсаттар Сызықтық функциялардың графиктері туралы игерген білімдерін ары қарай жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.  
Сілтемелер Күнтізбелік жоспар, 6-сынып  математика
Түйінді идеялар Сызықтық функция-түзу сызық графигі
Оқыту нәтижелері -Сызықтық функция анықтамасын есептер шығаруда қолдана алады;
- Сызықтық функциялардың  қасиеттерін біледі.
-Функцияның анықталу аймағын таба алады.
-Түзудің k-коэффициентін табады. 
Көрнекіліктер слайд «Сызықтық функция және оның графигі», сызғыштар, үлестірме материалдар
Дереккөздер Электронды оқулық-6 сынып, оқулық  Математика-6   Алдамұратова Т.А,  Байшолпанова Т.С ,  «Атамұра» 2011ж                                   
Әдіс-тәсілдер «Тыңдап отырған үштік», «Бірге ойлаймыз»,  «Аялдама», «Маган көрсет», «Крестиктер-нөлдіктер»
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Формативті бағалау
Ұйымдастыру
(2 мин) Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастырып,тілек айтады Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Топқа бөлу –    суреттер таратады, топ ережесін құрады, тақтаға плакат іліп, оқушылардан:  -Топпен жұмыс істеу үшін топ мүшелері қандай ережелерді сақтау керек? т.б. сұрақтар қояды.Алдағы уақыт та осы ережелерді басшылыққа  алып,топтық  жұмыс жасайтындарын айтады.  Оқушылар ұқсас  суреттерді бірігіп 2 топ құрайды,   әр топ тапсырма бойынша: топ ережесін топта талқылап, талдап, плакатқа топтар кезектесіп жазады. Үй тапсырмасын тексеру
(2 мин) «Тыңдап отырған  үштік» бойынша есептерін тексеру. Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге оларға қарсы сәл алшақта-бақылайды. Бір-бірінің есептерін тексереді.
№1334 7.20 суреттегі графигі болатын сызықтық функцияларды формуламен жазыңдар.  «Бағалау парағы» бойынша топ басшысы бағалап отырады.
Практикалық тапсырмалар. «Бірге ойлаймыз» Топқа  4-есеп беріледі, топта талқылап шешімін табады. Электронды оқулықтар тапсырмалар орындайды.  Смайликтер арқылы бағалау
Сергіту сәті: «Аялдама» әдісі бойынша оқулықтан топтарға әртүрлі есептер беріледі.
 «Көңілді күн» видио арқылы беріледі. 1-топ    №1341
у=-х-2    2) у=0,5х-3   3) у=-1,5х+3   4)у=0,2х+1
2-топ    №1342
f(8)=19.5  
 f(-5)=8.5   
 f(0.3)=6.2 Топ бір бірлерін бағалау.
Сабақты бекіту «Маған көрсет» тапсырмадағы қателерді табу ұсынылады. Оқушылар тапсырмадағы топпен бірлесе қателерді тауып көрсетеді. Мадақтаулар
Қорытынды «Крестиктер-нөлдіктер» сабақты қорытындылау мақсатында қолданылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берсе 0, қате болса х деп белгілейді. Оқушылар ұяшықтардағы сұрақтармен есептерді ашып жауаптарын айтады.  Бағалау парағына бағалау
Үйге тапсырма № 1344, №1345 Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»  Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады. Стикерлерге жазу
Бағалау Топ басшылары бағалау парақтары бойынша қорытынды жасайды.