Конспекты по казахскому языку на тему ?желер сайысы
Тақырыбы: «Қарты бардың қазынасы бар » әжелер сайысы Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу. Кіріспе сөз. Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызға 5 әже немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарс алып отырайық. Армысыздар,жамағат! Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім, Ала келген бар әлемнің шаттығын. Қазан-қазан көже жасап, Азан-қазан көңілменен күй кешу. Біздер үшін бақ бүгін - дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық. 1. Айдархан Айзере - Шарипа әжесімен
2. Әбдразақ Мерей - Шарипа әжесімен.
3. Аділбек Айдын – Ұлман әжесімен. 4. Айару - Ләззат әжесімен.
5. Кәрібай Диас – Қалдыгүл әжесімен
Өткізу барысы.
І. Таныстыру.ІІ. Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
ІІІ. Өнер көрсету. V. Ұлттық тағамдар.
Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар алқасын(сайлап)таныстырып өтейік.
1. Балабақша әдіскері- Гаухар Адырбекова2.«Балапан» тобының тәрбиешісі Жансая Асанқызы3. Ата-аналар атынан – Ақпанбет Салтанат.
І. бөлім. Таныстыру.Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға, Сыпырды толмағасын осы дұға. Қызып келген қырандай керілтеді. Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге өздерін таныстырып өтсін.
ІІ. бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.) Бұл сыр сандықшада ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу рәсімдері жазылған осы сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып жеткізу. 1.Бесікке салу. 2.Шілдехана. 3.Той бастар.
4.Тұсау кесу.
5.Ат қою.
Әжелерім асыл менен ақылды.Ажыратар алыс пенен жақынды.Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету.
ІІІ бөлім Өнер көрсету.Қазақ жұрты киелі,Өнерліні сүйеді.Сізді сонша аңсап ел,Би билеп,ән салыпОртаға салып береді
V бөлім Ұлттық тағамдар
«Ас-адамның арқау» -демекші әжелеріміздің үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын таныстырып өту. Әділ- қазылар алқасы өз шешімдерін талқылап шешкенше ортаға «Көгершін» тобының орындауында «Бау бақша белдер» әнін тамашалаңыздар. Әр әжелер мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе, «Сабырлы әже» , «Шебер әже»,«Өнерлі әже», «Тапқыр әже», «Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды. «Көп жасағанан емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі тұтып, есімізде сақтап жүрейік. Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын. Сау болыңыздар!