Бірлік бар жерде, ба?ыт бар.
Тақырыбы: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
Мақсаты:
Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге үйрету.
Оқушыларды сөздерді, сөз-тіркестерді және сөйлемдерді мәнерлеп, көңіл-күймен бір тыныста айтқызып дағдыландыру. Орфоэпия ережелерін сақтау. Дауыс ырғағымен, деммен жұмыс істеу.
Тиянақтылыққа, ұжымшылдыққа, ауызбіршілікке, адал дос бола білуге баулу, этикалық, эстетикалық тәрбие беру;
Көрнекілігі: шаңырақ, плакат, нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, шарлар, гүлдер.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ән айту, би билеу, мадақтау, жігерлендіру.
Таңертеңгіліктің барысы:
Залға әуенмен алты ұлттың өкілдері шығады.
Амандасып, шаңырақтың айналасына қазақ, орыс, өзбек, татар, украин, түрік ұлт өкілдері лентаны ұстайды.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, мұғалімдер! Бүгінгі «Бірлік бар жерде бақыт бар» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Осы ұлт бірлігіне, достығына байланысты тілектеріңізді білдіріңіздер. Кәне, соны тыңдайық.
(қазақ, орыс, өзбек, татар, украин, түрік ұлт өкілдері лебіздерін білдіреді.)
/Украин халқының лебізі/
Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
/Татар халқының құттықтауы/
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
/Өзбек халқының құттықтауы/
Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ,Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген.
/Түрік халқының құттықтауы/
Барлық елдің бөбегі,Бір-бірімен туысқан,Бәрімізге төгеді,Өз шуағым күміс таң.
/Орыс халқының құттықтауы/
Дружба народов - не просто слова,
Дружба народов навеки жива.
Дружба народов – счастливые дети,
Колос на ниве и сила в расцвете.
/Қазақ халқының құттықтауы/
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.Достығымыз ғасырларға жарасқан,Туған елім,шарықтай бер кемелден!
Жүргізуші:
Балалар, әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына
байланысты рәміздері бар.
Біздің мемлекеттік рәміздерді кім айтады?
Біздің мемлекеттік рәміздер әнұран, ту, елтаңба.
Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
Қазақстан Республикасының азаматымыз.
Тәуелсіздік деген не ?
Тәуелсіздік деген – жалпы халықтың өзара татулығына қол жеткізу.
Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?
1991 жылы.
Ел ордасы-қай қала?
Ел ордасы-Астана қаласы.
Жүргізуші: -«Өзбек өз ағам» - дейді қазақ, өзбек биін тамашалайық! Өзбек биі.
Жүргізуші:
Ал, балалар, сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақ
1 Қ
2
А
3
З
4
А
5Қ
6
С
7Т
8
А
9
Н
1. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
2. Қазақстанның ел ордасы қай қала?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
5 Қазақстанның көршілерінің бірі?
6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?
8. Қазақстан неге бай?
9. Біз Қазақстанның қай қаласында тұрып жатырмыз?
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар! Балалар, Қазақстан туралы тақпақ білесіңдер ме?
1-оқушы: Қазақстан туған елім,
Алтын бесік-Ақ ордам.
Даңқың сенің арта берсін,
Елім менің жаңарған.
2-оқушы: Қазақстан!
Сені айтамыз ән қылып,
Тарқамасын көкжиектен таңғы үміт.
Еліміздің татулығы – мәңгілік!
3-оқушы: Уа, елім!
Уа, жерім!
Сырласым!
Сені бүкіл халық тыңдасын!
4-оқушы: Қазақстан!
Достық жыры,
Халықтар үні
Тұтасқан
Ұлттардың бәрі
Жарасқан жаны!
Жүргізуші: - Балалар, енді сендердің ақындық шеберліктеріңді байқайық. Тиісті сөздерді өлеңді ұйқастырып қойыңдар. «Жаттығу – ойлану».
Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.
Менің елім ------------
---------- - жарасқан.
Ту ғып ұстап ---------------
------- ------- әрқашан.
(Қазақстан, татулығы, бірлікті, тату болған)
Жүргізуші: -Ал енді, балалар, ағылшын тілін білу заман талабы болып отыр. Ағылшын әнін тыңдайық.
Ағылшынша ән.
Жүргізуші:
- Балалар, енді сендермен бірге мына ребусты шешейік. Бірінші суреттерді атайық.
4''' ' '' Ғ '' 7'' Р
(Туған жер)
Жүргізуші:
Қазір, балалар, біз әр халық ұлттық тағамдарын ала келеді. Ал, ондай болса, әр елдің ұлттық тағамдарынан ауыз тиейік.
Орыс ұлттық бәліш алып шығады.
Жүргізуші: - Сіз қандай тағам пісіріп келдіңіз?
Орыс ұлты: - Мен, пирожки пісіріп ала келдім.
Татар ұлты: - Мен, чак чак алып кедім.
Украин ұлты: - Мен, ватрушки алып келдім.
Өзбек ұлты: - Мен, самса алып келдім.
Түрік ұлты: - Мен, пахлава алып келдім.
Қазақ ұлты: - Мен, бауырсақ пен шелпек алып кедім.
Жүргізуші:
-Ал, енді біздің балаларымыздың бірлікке арналған өлеңдері бар. Кәне, соны тыңдайық. Речетативті ән.
Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.Ортақ болсын асар тау,Жеміс толы бақша-бау.Болсын жер мен су ортақ,Болсын бізге ну ортақ.Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз!
Жүргізуші:
- Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болсын. Бірлігімізді ардақтай білейік!!! Балаларымыздың орындауында «Мекенім Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!
«Мекенім Қазақстан» әнімен таңертеңгілікті аяқтау.