Математика саба?ынан Шаршы салу та?ырыбына арнал?ан.
Математика сабағы Мұғалім: Баймурзина.С.С
2 “А” сыныбыСабақтың тақырыбы: Шаршы салу
Жалпы мақсат Оқушыларға шаршы салуды және периметрін табуды меңгерту..
Сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Топта, жұпта жұмыс істеу машығын жетілдіру.Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Күтілетін нәтежие
Оқушылар шаршы салуды үйренетін болады.Сыни ойлау қабілеттері дамиды.
Негізгі идеяларОқушылар топпен жұмыс жасауға қалыптасады.
ТапсырмаларМиға шабуыл (сұрақ жауап)
Топтық жұмыс (постер) Жеке жұмыс ,АКТ, фильм, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру (3 минут)
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері «Сандарды санау» әнін айтып қимылдар жасату арқылы сынып оқушыларына жағымда ахуал туғызу.
Пішіндерге байланысты топқа бөлу. Тік төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш пішіндерін баяу музыка әуені ойнап тұрған кезде тарату және топқа бөлініп отыру.
Топ басшысын сайлау
Бағалау парақшасын тарату
Өткенді пысықтау (3 минут )
Әр топ өз фигурасына байланысты постер қорғайды. Фигураның қасиетін ашу.
1.Тік төртбұрыш жайлы не білесің?
2.Көпбұрыш екенін дәлелде.
3.Үшбұрыш туралы не айтуға болады?
Қызығушылықты туғызу
Ой қозғау(3 мин)
Ерте, ерте, ертеде Геометрия патшалығында «Сиқырлы геометриялық фигуралар» тұрыпт . Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты. «Кім мықты?» деп , бір-бірімен өз ерекшеліктерін айтып дауласады.
Сөзге үшбұрыштар араласады:
-Біз орындарымызды ауыстырып әр түрлі бұрыштармен бірге бола аламыз. Мысалы,сүйір бұрышпен ,доғал бұрышпен , тік бұрышпен бірге бола аламыз.
Оның сөзін дөңгелек бұзып:
- Бекерден бекер сөйлеме, кімге керек сенің бұрыштарың?
Міне, мен ешқандай бұрышсызбын , дөңгелекпін , көңілдімін!- деп мақтанады.
-Мен ең күштімін ,менің барлық қабырғаларым тең және мен барлық жерде ең мықтымын!-деп тағы бір фигура сөзге араласады.
-Бұл қандай фигура?-деп ойлайсыңдар?
-Бұл-шаршы.
Мағынаны ашу
Сабақтың тақырыбы: «Шаршы»
Бүгінгі сабақта не үйренеміз?
Сабақтағы мақсатымыз:
1. Шаршының қасиеттерін ашамыз.
2. Шаршы сызуды үйренеміз.
3. Шаршының периметрін табуды меңгереміз.
Шаршының қасиеттері жайлы не білеміз? (5 мин)
Р= а+ а+ а+ а1Төрт төбесі, төрт қабырғалары бар.3 Қабырғаларының ұзындықтары бірдей .2Барлық бұрыштары тік.Шаршының қабырғаларын салыстыру
Бейнефильм көру «Шаршы» (3 мин)
Дәптермен жұмыс (5 мин)
Дәптерге шаршы салуды үйрету.Шаршы салу алгоритмі
1-қадам. 3см кесінді өлшеп ал.
2-қадам. Бірінші төбенің ұшынан 3см кесінді өлшеп сыз.
3-қадам. Екінші төбенің ұшынан 3см кесінді өлшеп сыз.
4-қадам. Белгіленген нүктелерді кесіндімен қос.
Шаршының периметрін тап.
Р=2см+2см+2см+2см=8см
Сергіту сәті . «Әнші пішіндер» (2 мин)
Оқулықпен жұмыс №3 164 бет (5мин)
Жұппен жұмыс. Есепті шығар.
Біздің қалада 25 кітап дүкені бар, ал азық-түлік дүкендерінің одан 45-і артық. Біздің қалада барлығы неше кітап дүкені және азық-түлік дүкені бар?
К. Дүкені- 25
А. Дүкені- 45-і артық? ? дүкен
25+45=70 70+25 =95
25+( 25+45) =95
Жауабы: барлығы 95 дүкен.
“Жасырынған санды тап” (3мин)
20 - 4+ 3- 9+ 52- 60+ 3817 - 9+ 70- 30- 3 - 40+21-топ2-топ20 - 7+ 6- 9+ 58- 40+ 223-топ
Кім жылдам? (5 мин)
ойыны мұнда әр топ өзіне тиесілі ұяшықтары қалауы бойынша аша отырып, қосындымен азайтуларды ауызша орындайды.
1-топ 3-топ 2-топ233213211
Ой толғаныс (2мин)
Нені білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?
Көпбұрыш,
тік төртбұрыш,
үшбұрыштардың қасиеттерін білемін. Шаршы салуды және шаршының қасиеттерін білдім.
Басқа фигуралардың қасиеттерін білгім келеді.
Бағалау Бағалау парақшасы (3мин)
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасын пысықтау
Постер қорғау Дәптермен жұмыс
Шаршы салу Оқулықпен жұмыс
Есеп шығару «Жасырынған санды тап!»
ойыны Кім жылдам?
Екі таңбалы сандарды қосып азайту Баға
Кері байланыс (3мин)
Сабақты қорытындылау
-Бүгінгі сабақта маған не ұнады?
-Маған қиын болды? Үйге тапсырма 2 мин №7 175 беттегі.