Д?ниетану саба?ынан саба? жоспары.Та?ырыбы: Т??ым ж?не жеміс


Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп – өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.Дамытушылық: Дүниетанымын, ой – өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл – ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Әдіс - тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ – жауап.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызбалар суреттер, үлестірмелі парақша, жеміс.Сабақтың түрі: Ойын, жұмбақ – оқушылардың зейінін дамыту.Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындықТалпын жақсы болуға,Күндей сәуле шашатын.Білім іздеп, өнер тап,Түнді күндей ашатын.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Жапырақ. Күзде неге сарғаяды?* Мазмұнын айту.* Сұрақ – жауап.Ойын « Жеміс – жидектер жинау» Мақсаты: өткен тақырыпты пысықтау.Оқушылыр жемісті таңдайды, сол жемістің артында сұрағы бар.1. Өсімдіктер тірі ағза екенін дәлелде.2. Жапырақтары нені жұтады, нені бөліп шығарады?3. Топырақтың құрамын ата.4. Сабақтың қандай түрлері бар?5. Тамырдың атқаратын қызметі қандай?6. Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын не үшін сүртіп, су бүркіп отырады?7. Өзің тұратын жердегі мал жейтін шөптерді ата.8. Өсімдік мүшелерін ата.9. Сабақтың қандай түрлері бар?10. Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?11. Жапырақтың түсі қалай өзгереді?12. Топырақтың атқаратын қызметі қандай?ІІІ. Жаңа сабақ.Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.Ал жемістер қайдан шығады?Сызба арқылы түсіндіру:Суреттерін көрсетуБұлардан басқа өсімдікте гүлі мен жемістері, тұқымы болады.Әуелі тұқым құнарлы жерге түседі. Қолайлы жағдай болса ғана сол тұқымынан тамыр пайда болады. Тамыр тереңге бойласа, сабағы күнге ұмытылады. Сабақта жапырақтар мен гүлдер пайда болады. Гүл ашылады, ашылғаннан кейін сол жерде жеміс пайда болады. Жемістің ішінде тұқым болады.Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс болып бөлінеді. Бүкіл өсімдіктер жемістің ішінде болатын тұқымынан өседі.Қайың жарықты сүйеді және топырақты талғамайды. Ол өзге ағаштарға қарағанда Өскелең. Аязға шыдамды... тұрмыстық заттар, жиһаздар жасалынады. Емдік қасиеті бар. Шырын алынады. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жайып көктейді. Жемісі – жаңғақша тұқымынан өседі.Жөке ағашы – жемісі жаңғақша жүрек тәрізді. Гүлдеу мерзімі 10 - 15 күн. Дәрілік қасиеті бар. Күздің соңына дейін жайқалып тұрады. Тұқымын желмен немесе кеміргіш құстар таратады.Бақбақ гүлі тостағанша ақ – сары болып келеді. Бақбақ жемісі – дәнек деп аталады. Желмен тарайды. Сабақ ұшында орналасады. Мал азығына, тағамына пайдалы. Бидай, жүгері, жаңғақ, өрік, шие, жүзім, қияр, қарбыз, алма, бұршақ, күріш, тары, үрмебұршақ т. б.ІV. Оқулықпен жұмыс.Оқушыларға әр азат жол бойынша тізбектей оқыту.А) Жемістің пайда болуы.Ә) Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп – жетілуі. Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады. (Жергілікті жермен байланыстыру)Шырша – бүрАғаш Қарағай – бүрЕмен – жаңғақТұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.- алма, қауын, қарбыз, қияр, т. б.V. Сергіту сәті.VІ. Оқушыларды топқа бөліп тапсырмалар беру.І топ. Шырынды жемістердің суретін салу.ІІ топ. Құрғақ жемістердің суретін салу.ІІІ топ. Үлпілдек тұқымды өсімдік.VII. Жұмбақ шешу.1. Көктемде жерге сенемінЫлғалда өсіп өнемін.Менің өскен жемісім,Қыс бойғы сенің қорегің. (тұқым)2. Аспай піскен.Қайнамай түскен. (жеміс)VIII. Қорытынды бөлімі.1. Өсімдік не арқылы көбейеді?2. Тұқым қалай тарайды?3. Жемістер қалай бөлінеді?IX. Үйге тапсырма.1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.2. Жемістердің суретін салу.Х. Бағалау