Дауысты? б?зылуы ж?не оны? алдын алу
Аргынова Кулсара Илиясовна , логопед
«Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» КММ
Дауыстың бұзылуы және оның алдын алу жолдары
Дауыс дегеніміз-адамның дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы.Дауыс мүшелеріне өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.
Артикуляция мүшелеріне ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады
Адам дауыс арқылы өз ойын,көңіл-күйін,сезімін білдіріп,сөйлеу арқылы еркін қарым-қатынасқа түсе алады.
Дауыстың бұзылуы екі үлкен топқа бөлінеді.
1.Органикалық бұзылу
2.Функционалдық бұзылу
Органикалық бұзылу орталық және шеткі болып бөлінеді. Органикалық бұзылу көбінесе бас миының зақымдануы және церебралдық сал ауруы кезінде кездеседі.
Органикалық бұзылуда көмейкейдің құрылысындағы: дауыс шымылдығындағы және жалғамалы құбырындағы өзгерістердің тұрақталып қалатындығы байқалады. Түзету жұмысында логопед дауыстық қатынас қызметін ойдағыдай қалпына келтіреді, бірақ дауыстың сапасында бұрыңғы қалпынан едәуір айырмашылық болады.
Шеткі бұзылу көмекейдің сал ауруымен жарақатынан пайда болады.
Функционалды бұзылу көмекейдің өткір,созылмалы аурулары салдарынан пайда болуы мүмкін.Көмекейдің қарлығуы кеселінде дыбыс жалғамаларының (голосовые связки)ісініп,қалыңдауында дыбыс жалғамаларының сөйлеу кезіндегі толық ашылып жабылмауына байланысты болады. Дыбыс жалғамаларының ісінуіне,домбығуына, зақымдануына аллергиялық реакциялар да себеп болады.
Дауыстың функционалды бұзылуы ересектерге қарағанда балаларда сирек кездеседі.
Балалардың дауысына шамадан тыс салмақ түсуден пайда болатын бұзылудың ең көп тараған түрі спатикалық дисфония(қарлығу) деп аталады. Дисфония баланың бес жасындағы шамадан біліне бастайтындығы байқалады, ал 8-10 жастың аралығында өте жиі болады. Қатты айқалап, шыңғырып сөйлейеу дауысқа ауырлық түсенірумен бірге,жұтқыншақ(танзиллит), көмекей безінің (аденоиды)қабынуына әкеліп соғуы мүмкін. Дияфония қатты айқалап сөйлейтін, ұшқалақ мінезді даурықпашы балаларда жиі пайда болады. Бұндай балаларда әдеттегідей таңертең дауысы таза және анық болады да, кешке қарай біртіндеп қарлығып қырылдауы күшейеді.
Дауыстың кенеттен бұзылуы баланың аллергиямен ауруынан да болуы мүмкін. Сондай-ақ дияфония баланың жүрген ортасындағы және тұрған жайдың ішіндегі шаң тозаңының, түтінің, шудың сөйлеген кезде тигізетін зиянынан да болуы мүмкін.
Көмекейдің жарақатынан кейін дауысты қалпына келтіру үшін:
1.Психотерапиялық дайындық қажет
2.Дұрыс тыныс алуды жаттықтыру
3.Кешенді тыныс алу жаттығуларын орындау(тік тұрған қалыпта және отырып орындау)
-Мұрыннан дем алу,дем шығару (тез ,терең дем алып,демді баяу шығару)
-Танаудың бір тесігінен дем алып,екіншісінен дем шығару(кезекпен)
-Танаудың бір ғана тесігінен дем алып,дем шығару(кезекпен)
-Танаудан дем алу,демді ауыздан (ерінді сәл жымқырып тұрып) шығару
7-10 күннен кейін көмекей,мойын бұлшық еттеріне жаттығулар жасау керек
-Қолды шүйдеге қойып тұрып басты еңкейту,шалқайту
-Жұдырықты иекке тіреп басты алға ию
-Басты екі иыққа кезекпен ию
- Астыңғы жақты төмен,оңға,солға,алға қарай кезекпен қозғау
-Жақты кең ашу,қабыстыру
-Тілдің ұшын жұмсақ таңдайға тигізу
-Екі жаққа(щеки) кезек-кезек үрлеу
-Есінеу
Бұл жаттығуларды күніне 6 реттен,әр жаттығуды 4-5 рет орындау керек.
Дауыс бұзылуының алдын алу үшін:
- Баланың даусын кішкентай кезінен күту керек
-Баланы жас кезінен шынықтыру,дұрыс тыныс алуын қадағалау
-Тамақты өте ыстық,өте суық күйінде ішпеу
-Суық тию,тамақ ауруларының толық емделуін қадағалау
-Баланың қатты шыңғырып, айқайламауын қадағалау
Балаңыздың дені сау, даусы әуезді болсын!