Классный час на тему Птицы наши друзья
№ 64 мектеп – лицейі
Тәрбие сағаты
Өткізген: А.Б.Даутбаева
Астана қаласы
Мұғалім: Даутбаева А.Б.
Тақырыбы:«Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:Құстарды қорғау, сақтау қажеттігі туралы түсінік беру.
Оқушыларға құстарды аялауға, оларға қамқорлық жасауға баулу.
Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:слайд,плакаттар,құстардың суреттері,тыйым сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы «Құстар біздің досымыз». Балалар, сендер қандай құстардың түрлерін білесіңдер?
Жер бетінде 8600 жуық құстардың түрі бар. Олардың көбісі Орталық және Оңтүстік Америкада. Ал Қазақстанда 474 құстардың түрі тіршілік етеді.
Тіршілік ететін ортасына байланысты құстар жер бетімен жүруге, суда жүзуге,алғашқы өрмелеуге де бейімделген.
Дүние жүзіндегі құстар мекеніне қарай бұта-орманды, батпақ-шалғынды, шөл-даланы, мекендейтін,тіршілік ететін құстар тобы болып жіктеледі. Ұшуына қарай қалықтап ұшатын және қанатын қағып ұшатын құстар болып ерекшеленеді. Құстардың ішінде даусы қатты шығатындары да бар. Олардың ішінде ұзақ жасайтындары да бар:тотықұс-140,бүркіт-120,қаз-80,сүңқар-150-170,қарға-100,аққу-300 жыл жасайды.
Біздің республикамызда құстың 474 түрі бар. Бұлар көктем шығысымен сәуір айында біздіңөңірге ұшып келеді. Көктемгі ауыл шаруашылығы еңбегінің нәтижелі болуына көмегін тигізеді. Құстар жыл сайын көптеген зиянды жәндіктердің, кемірушілерді құртып егін мен орманды қорғайды. құстар пайдалы өсімдіктердің тұқымын басқа жерге таратып та адамға көп қызмет етеді.
Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмек көрсетеді. Құс-табиғат байлығы. Байлықтың бір көзі құстар, сондықтан да құстарды қорғау керек.
Құс –табиғат, өмір көркі. Ертеде байлар мен патшалар,хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көләнде жүздіріп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық байлықтын әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
Құстадың тіршілік бақылау,оларға қамқорлық жасау өте қызықты,жыл сайын балалар құстарға көптеген ұялар жасап пайдалы іс істейді. Себебі ол ұяларға жыл сайын құстар келіп мекендейді.
Ал, балалар, жұмбақ шешіп көрейік.
Түрі қара мамықтай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай. (қарлығаш)
Тау басында түндіксіз отау. (ұя)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі аласа,
Бұл қандай құс? (сауысқан)
Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып,
Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)
Садақша мойыны иіліп,
Көрген жанды сүйсініп,
Жүзгенде көлдін сәні өзі
Жердегі құстың еркесі. (аққу)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы. (бұлбұл)
Кеудесі қайқандап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
Екі айыр құйрығы,
Қият мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (қарлығаш)
Талдың басында,
Жемі бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы. (құс ұясы)
Суреттер бойынша жұмыс
Әр құс туралы әңгімелеу
Құстар венн диаграммасын толтыру
1-жабайы құстар
2-ортақ қасиеттері
3-үй құстары
Ал, енді, балалар, құстардың түрлерін ажыратып, кесте толтырайық. Кім қандай құстардың түрін біледі?
Үй құстары Жыртқыш құстар Жыл құстары Қыстайтын құстар
Тауық
Қаз
Үйрек
Әтеш
Жапалақ
Үкі
Бүркіт
Қыран
Ұзақ
Бұлбұл
Аққу
Тырна
Бозторгай Сауысқан
Қарға
Тоқылдақ
Кептер
Шымшық
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Құсша қанат жайайық
Құсқа ұқсап қалықтап
Ұшып – ұшып алайық.
Сұрақтарға жауап беру.
Басында тарағы бар, бірақ шашынды тарай алмайсың. (әтеш)
Қай кішкене құс ұшып жүріп аулайды.(қарлығаш)
Қай құс өзінің атын қайталайды. (көкек)
Құстың негізгі мекені. (ұя)
Қандай құс хат тасушы атанған? (кқгершін)
Қай құста ұя мүлде болмайды? (көкек)
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(бүркіт)
Енді , сөзжұмбақты шешіп көрейік.
Қарқылдайтын құс қалай аталады?(қарға)
Орман әншісі қай құс? (бұлбұл)
Бір көлдін суын тауысқан қандай құс? (сауысқан)
Аяқтары ұзын болып келетін қандай құс? (тырна)
Көлде жүзетін ең әдемі құс қалай аталады?(аққу)
Суда жүзетін үй құсы. (үйрек)
қ а р ғ а б ұ л б ұ л с а у ы с қ а н т ы р н а
а қ қ у ү й р е к
Қорытынды: Құстардың тіршілігін бақылау, оларға қамқорлық жасау өте өызыөты. Жыл сайын балалар құстарға көптеген ұялар жасап, пайдалы іс әстейді. Себебі, ол ұяларға жыл сайын құстар келіп мекендейді. Сондықтан да құстарға қамқор болып. Оларды аялауға тиіспіз.
- Балалар , бұгінгі сабақта не үйреніп, не білдік?
Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды.