?орша?ан ортамен таныстыру. Та?ырыбы : ?ОС ардагерлері


Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы 16.05.2016
Білім беру салалары: Таным Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ұлы Отан Соғысы ардагерлері Мақсаты: өлең шумақтарын мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу; өлеңді қайталау,жаттату; 9 мамыр-Жеңіс күні туралы, Ұлы Отан соғысында елімізді, жерімізді жаудан қорғаған батыр ағаларымыздың ерлігі туралы сурет бойынша әңгімелеу; өз елін, жерін құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:ойындар ойнату,жұмбақтар шешу. Әдіс тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.. Көрнекілік құралдар: 9 мамыр-Жеңіс күні мерекесіне арналған иллюстрациялы суреттер, Ұлы Отан батырларының суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд. Билингвалдық компонент : Жеңіс-победа-victory, қорғаушы-защитник-defender.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері Балалардың әрекеттері
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Шаттық шеңбері: Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз. Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз. .
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі -мамыр-Жеңіс күні! Біздің батыр ағаларымыз бен апаларымыз елімізді, жерімізді жаудан қорғап қалды. –Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аға-апаларымызды атаңдаршы. –Жеңіс-соғыста жеңу,жеңімпаз болу деген сөз. Елімізді,жерімізді, Отанымызды жаудан қорғауға міндеттіміз. –Бүгін біз ақын ағамыз Қайрат Жұмағалиевтің «Жеңіс күні» деген өлеңімен танысамыз. Ойлап-ойлап тұрдым көп, Сауал қойдым білгім кеп: «Қуанышты мереке-Жеңіс күні қай күн?»-деп. Атамнан да сұрадым, Әкемнен де сұрадым, Ағамнан да сұрадым, Апамнан да сұрадым. Тосты бәрі құлағын, -Дұрыс,-десті,-сұрағың! -Бейбіт күннің бәрі де Жеңіс күні, шырағым! Сөздік жұмысы: Бейбіт, тыныштық сөздері-елімізде барлығы дос, бір-біріне мейірімді деген мағынаны білдіреді. Билингвальді компонент: Отан-Родина, жеңіс-победа,қорғаушы-защитник. Сергіту сәті: Қиынсынып, қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен Жаттығуды бастаймыз. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Сұрақ-жауап: -Өлең қалай аталады? -Жеңіс күні деп қай күнді айтамыз? Дәптермен жұмыс: Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру. Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Балалардың жауаптары. Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова т.б
Өлең сөздерін тәрбиешімен бірге қайталайды, жаттайды.
Балалар сөздердің мағынасын түсініп алады.
Қайталайды: Отан-Родина, жеңіс-победа,қорғаушы-защитник.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалардың жауаптары.
Дәптердегі берілген тапсырманы орындайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. -Жеңіс күні қандай мереке? Балалар өз ойларын айтып жеткізеді.
Күтілетін нәтиже : Нені біледі:Жеңіс- соғыста жеңу, жеңімпаз болу екенін біледі. Қандай түсініктерді игерді :Жеңіс күні –бейбіт, тыныштық күні екенін түсінеді. Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:бейбітшілік, тыныштық туралы өз ойларын айта алады.