Математикадан интеллектуалды сайыс Кім тап?ыр?


Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр? Кім жылдам? Кім білгір?»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, білім, білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту,
дамыта отырып оқыту.
Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білуге баул у, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру. Одан әрі дамыту бағытында түрлі сұрақтар беру арқылы ой өрісін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: ішінара іздену
Көрнектілігі: плакаттағы жазулар «Кім тапқыр? Кім жылдам? Кім білгір?», «Ақылды адам ең әуелі ойнайтын адам. И.Хейзинг», «Математика дұрыс ойлаудың қоспасы. Л. Кельвин»
Мұғалім: Білекке сенген заманда
Ешкімге есе бермедік
Білімге сенген заманда
Қапы қалып жүрмелік
Деп Абылай хан бабамыз айтқандай бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ. Жарысқа 7 сынып оқушылары қатысып отыр. Сабақтың тақырыбы «Кім тапқыр? Кім жылдам? Кім білгір?» болғандықтан бүгін кімнің жылдам, тапқыр, білгір екеніне көзіміз жетеді.
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса халық сөзі
Әр қашанда нанымды
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер асқан дарынды.
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырып, танысалық. Әр команда өзін таныстырсын.
Мұғалім: Бүгінгі күн көңілді әрі тапқыштар
Бар өнерін жұрт алдында салады
Кім білімді көп оққыған болса егер
Бүгігі күн жеңімпазы болады.
Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Жорға». Бұл бөлімде әр командаға он сұрақтан беріледі. Әр сұраққа жауапқа бір ұпай беріледі.
Бірінші командаға:
1)Бөлу амалының шығындысы? (бөлінді)
2)Қандай санға бөлуге болмайды? (0)
3)Ең үлкен екі таңбалы сан? 99
4)Бір кг да қанша грамм бар?1000
5)Қайсысы үлкен 2 дм, әлде 23 см? 23см
6)15 секунт минуттың қандай бөлігі?
7)Бағалы тастың өлшем бірлігі? Карад
8)Неше цифр білесің? Тоғыз
90Көбейтіндіні қашан нолге тең болады?
10)54 дәрежесі?
Екінші командаға:
1)Көбейту амалының шығындысы? (көбейтінді)
2)Бір сағатта қанша минут бар?
3)Ең үлкен натурал сан?
4)Миллиардта неше нөл бар?
5)Қайсысы үлкен 2 м, әлде 201 см? 201см
6)Тоннаның он процентті қанша?
7)Білімді бағалаудың түрі?
8)Ең кіші жай сан?
9)Санның қандай дәрежесі бірге тең болады?
10)44 дәрежесі?
Ал келесі бөлім «Кім тапқыр?». Бқл турда метематика саласына байланысты сөздің соңғы әріпінен басталатын математикалық сөзді екінші көманда айтады. Қай команда сөз айт алмаса ойын тоқталып, екінші командаға бір ұпай беріледі. Ойынды мүғалім бастап береді. «Радиус»
Сайысымыздың ең шешушң кезеңі есептер шығару. Бұл бөлімде капитандар және топтар бөлек еептер шығарады. Есептер геометрия пәніне байланысты. Капитандарға карточкаға жазылған есептер беріледі. Ал топтар парта үстінде тұрған құпиялы жеті фигураларды таңдаумен есептер шығарады. Алдымен мұғалім кеңістіктегі фигураларды таныстырып өтеді, сосын таңдауға жол береді.
Капитандар тапсырмасы:
АВС бұрышы 80˚ тең. Ал ВСД бұрышы 120˚ тең. АВ және СД түзулері параллель болмайтынын дәлелде.
ВАС үшбұрышының АВС бұрышы 30˚ , ВАС бұрышы 75˚. А нүктесі арқылы САД бұрышы 75˚ болатындай етіп, АД түзуін жүргіз. ВС түзуі АД түзуіне параллель екенін дәлелде.
Топтарға берілетін тапсырмалар:
Жазыңқы бұрыштың мәні
Отыз бұрышы тік бұрыштың қандай бөлігі
Үшбұрыштың анықтамасы
Үшбұрыштың түрлері
Бес нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады
Үш қабырғаның әрқайсысына қарсы бір бұрыштан және әр бұрышқа қарсы қабырғадан жатса бұрыш нешеу? Қабырға нешеу?
Қорытынды.