Саба?ты? та?ырыбы: Материктер мен м?хиттарды? зерттелу кезе?дері: : Жер бетінде болатын ?дерістерді? н?тижесінде туындайтын т?тенше жа?дайлар (баспас?з конференциясы


Технология пәні
Сабақ тақырыбы:
Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары
Білімділігі: Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы:Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбилігі: Ұлт –жандылыққа ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу
ІІ. Жаңа сабақ барысы
Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады. 4-5 стақан бидай ұны, 1стақан сүт (немесе су), 1 шай қасық тұз, 2 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа керек.Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа.
III.Қорытынды нұсқау
Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау.
Бағалау:
Сабақтың тақырыбы: Қамзол тігу технологиясы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға қамзолға қажетті тігіс түрлері және қамзол тігу технологиясы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қамзол тіге отырып іскерліктерін, дағдыларын, шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қамзол тігу арқылы ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, әсемділікке, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Тақтамен жұмыс, таратпа материалдары (техникалық қауіпсіздік ережелері)
Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
Өткен сабақты қайталау-5мин.
Жаңа сабақ-10мин.
Сарамандық жұмыс-17 мин.
Сабақты бекіту-5 мин.
Қорытындылау-3 мин.
Үйге тапсырма, бағалау-3 мин
Сабақ барысы:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).
Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.
Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қамзол тігу технологиясы». Сабағымыздың мақсаты: қамзолға қажетті тігіс түрлері және қамзол тігу технологиясымен танысу
.Қамзол тіккен кезде біз қол тігісі және машина тігістерін қолданамыз.Қол тігісі – көктеу.Көктеу тігісі дегеніміз- бұйымды уақытша біріктіруші тігіс.–Бүгін біз сіздермен қамзол тігу технологиясымен танысамыз.Қамзол бөлшектерін және желімді төсем материалдарын пішіп алу.Пішім бөлшектерін желімді төсеммен қатырмалау (пішімдік әдіп).Иық және бүйір тігістерін тігу.Дайын әдіпті бұйымның өң жағына өңір келтіріп, түйрегішпен түйреп қосып көктеу, машина тігісін жүргізу.Мойын ойындысының тігісін бірдей аралықта тігіске жеткізбей қиып шығу.Әдіпті өңірді өң жағына аударып, тігістерін дұрыстап, алдыңғы бойдан 1-2 мм шеттік жасап айналдыра көктеу.Жалпы, бүгін біз сіздермен қамзолға қажетті тігіс түрлері және қамзол тігу технологиясымен таныстық.
Сабағымызды қорытындылай келе мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
Көктеу тігісі дегеніміз не?
Пішімдерді матаға қалай орналастырады?
Ине мен қайшымен жұмыс жасаудағы техникалық - қауіпсіздік ережесін айтып беріңіз?
Үйге тапсырма: қамзолды көктеу.
Сабақтың тақырыбы:Біз кесте тігу
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Сабақтың міндеті: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Тақтамен жұмыс, таратпа материалдары (техникалық қауіпсіздік ережелері)
Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі- 2 мин.
Өткен сабақты қайталау- 5мин.
Жаңа сабақ- 10мин.
Сарамандық жұмыс -17 мин.
Сабақты бекіту -5 мин.
Қорытындылау -3 мин.
Үйге тапсырма, бағалау -3 мин
Сабақ барысы:
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері  нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.Әредік кестеде материалдың әр жері өшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.
Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады
Сабақты қортындылау:1. Кестенің қандай түрлерін білесіңдер?
1. Бағалау:
Үйге тапсырма:Біз кесте тігу
Сабақтың тақырыбы :Машина тігістерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды,тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін ,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.Білімділік: Тігін машиналарымен жұмыс істеуді үйрету.Дамытушылық: Тігін машинасымен жасалған бұйымдарды сән үлгісі ретінде қолдану.Тәрбиелік: Оқушыларды өзімділікке, сұлулық пен әсемдікке талғампаздыққа баулу, олардың эстетикалық талғамын арттыру.Сабақ түрі: Аралас.Сабақ әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс.Сабақтың типі: Іскерлікті қалыптастыру.І. Ұйымдастыру.1.Сәлемдесу.2. Бөлме тазалығын қадағалау3.Оқушыларды түгендеу.4. Ережелерді қайталау.ІІ. Үй тапсырмасы.Қайталау сұрақтары арқылы:1. Тігін машинасының түрлерін атаныз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина)2 Тігін машинасыныың жобасын ұсынѓан кім? (Леонардо да Винчи). Мата неден тұрады? (Талшықтан)4 Матаны ылѓалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу).5 Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже).ІІІ.Жаңа сабақ.Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістіњ ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса, ол жұмыс істеуге дайын болғаны.Бос жүрісте маховик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе, машина дұрыс жүрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.Машинада дұрыс отыру тәсілдері:-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп түсінру қажет.-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.-құрал - жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.-Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаныың арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.4. Жіпті ілу5.Ілмек6.Инеге сабақтауІV. Практикалық жұмыс.1.Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйренеді.2.Мұғалім қадағалап,қатемен жұмыс жасайды.3.Тігістің сапасын тексереді.Ү. Сабақты қорыту. Бағалау.ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың тақырыбы : Сумканы немесе дорбаны өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба,топтастыру стратегиясы т.б.
Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: өмірмен,биологиямен,химия.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен амандасу. ә)Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Ой қозғау (нені білеміз?) Ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.Оқушылар жинаған ұпайларына қарай бағаланады.
Ү.Жаңа сабақ
Іздену (нені білгіміз келеді?)Тігін өндірісінде ылғалды жылулықпен өңдеу киімдерге белгілі форма беру үшін ақырғы рет үтіктеу.Ылғалды жылулықпен өңдеу кезінде матаны сулап,ыстық температурада қысымның көмегімен үтіктеледі.Ал енді оқушылар сендермен бірге топтастыру стратегиясы арқылы қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік
Жұмыс түрі
1.Іс жүзінде қолдану Бастыра үтіктеу. Бұйымды әрлеп үтіктеу.Матаның қыртысын кетір.Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу
ІІІ.Сарамандық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:Бұйымды үтіктеп көрсету.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту. Ой қорыту (нені білдік?)
1.Ылғалды жылумен өңдеу нешеге бөлінеді? 2.Бастыра үтіктеу киімнің қай жерлерінде қоланылады? 3.Қауіпсіздік ереже. 4.Булау дегеніміз не?
Ү. Қорытынды.
ҮІ Оқушыларды бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма:Бұйымды әрлеп үтіктеу

Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері:
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсіндіру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыра отырып,топтық жұмысқа бейімдеу..
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсінеді Жан-жақты, ізденімпаз бола отырып, тыңдай және сөйлей білу белсенділігі артады,топтық жұмысқа бейімделеді..
Түйінді идеясы: Ұлы географиялық ашылулар.
Сабақтың әдіс-тәсілдер:, карта құрау тапсырмасы,сәйкестендіру
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,дескрипторлар арқылы бағалау.
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, карта қиындыларын таратады топқа бөледі.
2. Үй тапсырмасына шолу жасау. 1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.
2. Оқушылар құраған карта қиындыларындағы,құрлықты,
мұхитты картадан көрсете отырып сипаттайды.

Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
2.Ұлы саяхатшылар бейнебаян көрсетіліп,мәтінмен танысады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.
Негізгі
бөлім
1.Мен саған,сен маған сұрақ-жауап әдісімен бейнебаянмен ,мәтінді салыстыра отырып сұрақтарға жауап береді.
2.Сәйкестендіру тапсырмасын жұп болып орындауға береді.Тексерілген тапсырмаларды салыстырады ,жақсы жұмыс атқарған жұптарды мадақтайды.
Сергіту сәті 1. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
3.Оқушылар жұптасып сәйкестендіру тапсырмасын орындап,келесі топқа тексеруге береді.
Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Кері байланыс парақтарын оқушыларға береді.
Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу және саяхатшылардың суреттерін салып келу,немесе саяхат жолдарының картасын сызып келу. Блоб сыныпта кері байланыс парағын орындайды.
Сабақтың тақырыбы : Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар (баспасөз конференциясы)
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар жайында түсінік беру,оқушылардың ортада ашылып сөйлеу қабілеттін артырып,сыни ойлау деңгейін ,көшбасшылық қабілеттін дамыту.
Күтілетін нәтиже : Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар жайында біледі,сыни ойлауы қалыптасады,көшбасшылық қабілетті артады.
Түйінді идеясы: Дүниежүзілік мұхиттардың шаруашылықтағы маңызы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері,жұмыс түрі:Баспасөз конференциясы,пікірталас
Ресурстар :Интерактивті тақта,микрофон.
Бағалау:2 жұлдыз,1 ұсыныс
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, психологиялық жақсы ахуал туғызады,баспасөз конференциясын ұйымдастырады.
1.Оқушылар амандасады, үйге алдын-ала берген тапсырма бойынша оқушылар баспасөз конференциясына кіріседі..
Жүргізуші 2 оқушы болады үй тапсырмасы бойынша дайындаған жер бетінде болатын төтенше жағдайлар жайында бейнебаян көрсетіп ,түсінік беріп өтеді.Конференция қонақтары оқушылардан құралған
Ғалым минеролог
Ғалым океанолог
Ғалым эколог
Ғалым биолог
Ғалым географ
және 5 әртүрлі БАҚ журналистері
Негізгі
бөлім
Мұғалім көрермен оқушылармен бірге жұмыс барысын бақылайды. Журналистер ғалымдарға сұрақ қою арқылытөтенше жағдай және оның туындауы жайында ой бөліседі.Көрермен оқушыларда сұрақтар қойып пікірталасқа қатысып отырады.
Қорытынды Мұғалім баспасөз конференциясы жайында ,оқушылар пікірін тындап қорытындылайды.
Үйге тапсырма гидросфера тарауын қайталау. 2 жұлдыз,1 ұсыныс арқылы баспасөз ұйымдастырушыларды көрермен оқушылар бағалайды
Сабақтың тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымының таралуы
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру
2. Дамытушылық: Ауа температурасын карта бойынша кестені оқу, білу және қысымды анықтау
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің тұрған жерлеріндегі ауа температурасымен қамтамасыз ету мәселесімен таныстыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Суреттеп түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, климат картасы
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер шарының ауа қабаты – атмосфераның құрамы мен құрылымы. Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары-бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға-қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады. Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қоса
сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.
Ауа массалары:
1. Экваторлық – төмен қысым-0ºС 2. Тропиктік – жоғарғы қысым-30ºС 3. Қоңыржай – төмен қысым 4. Антарктикалық – 65ºС
Ауаның әрқашан жоғары қысымды аймақтардан төмен қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Сол себепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуынабайланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30ºс.е. пен 30ºо.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде Жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.
Жаңа сабақты бекіту:
Атластағы климаттық карталарды пайдалана отырып:
Еуразиядағы 60ºш.б. меридианы бойымен;
40º және 50ºс.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері қанша болуы тиіс
Қыс пен жазда ауа массаларының желдердің бағытын анықтау
Төменгі ауа массалары нені білдіреді
Қандай белдеуде ауа қозғалысы қалай пайда болады
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, атмосфераның жердегі тіршілігі үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа теапературасы мен қысымның таралуын, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық, білдік.
Үйге тапсырма: Атластағы климаттық картаны пайдалану, §6 оқу. Климаттық картамен жұмыс жасау
Сабақтың тақырыбы: Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру,ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге үйрету
2. Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білімге құштарлығын, ізденімпаздылығын дамыту
3. Тәрбиелік Оқушыларды табиғаты, елін жерін сүюге оны құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Климат картасы, суреттер, оқулық, кескін карта
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.
Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:
1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ
3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.
4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.
Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.
Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.
Жаңа сабақты бекіту:
Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер
Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады
Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.
Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарыедағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді салып келу. Қосымша деректер жинау, климат картасын жасау.
Сабақтың тақырыбы : Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру, Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымның таралуы жайында түсінік алып, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.
Түйінді идеясы: Атмосфера жердің қорғаныс қабаты.
Сабақтың әдіс-тәсілдер: Кезбе тілші,Зейінді дамыту жаттығуы,Геодиктант,сұрақтары бар қорап
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,сыныпта психологиялық ахуал туғызады,стикерлер түсіне қарай топқа бөлінеді.
2. Үй тапсырмасын тұйық оқушыларды сабаққа тарту мақсатында "Кезбе тілші"ойыны арқылы сұралады.Мұғалім жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау арқылы ,тілші мен репортер жұмысына қол шапалақтау арқылы қорытындылайды. 1.Оқушылар амандасады, оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында стикерге өзіне арнап
ізгі тілек жазып,оны сыныптасына сыйлайды,қолындағы стикер түсіне қарай топқа бөлінеді.
2.Тұйық оқушы микрофон алып тілші болып сұрақтар қояды,2 тұйық оқушы камера ұстап репортер болады.
Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын мен мақсатын айқындайды.
6 сыныпта өтілген қысым ,ауа массалары тақырыптарын сұрақтар арқылы еске түсіріп,жаңа сабақ мақсатын айқындайды.
2.Мәтінмен танысқан оқушыларға,22-23-24 суреттер бойынша сұрақтар қойып түсінік береді. 1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.
2 Оқушылар мәтінмен танысады,суреттер бойынша сұрақтар қойып жаңа сабақты талқылайды.
Негізгі
бөлім
1.Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.
2.Геодиктант тапсырмасын орындатады. Оқушылар дәптерлеріне орындап жүп болып тексереді және бағалайды
Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.
"Сұрақтары бар қорап"ойының жүргізеді.
Үйге тапсырма береді :
Өтілген тақырыпты оқуға және тақырып соныңдағы тапсырманы 3 топқа бөліп береді.
Оқушылар өзіне қиындық келтірген жаңа сабақ барысындағы сұрақтарды қорапқа жазып салып кетеді,келесі сабақта ол талқыланады.