Ойнайы? та ойлайы?! Білім беру саласы: Таным, ?атынас, ?леуметтік орта Б?лім: Тіл дамыту, ?.М.?.?, К?ркем ?дебиет.
Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлім: Тіл дамыту, Қ.М.Ұ.Қ, Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Балаларға сұрақ-жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге машықтандыру, сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін дамыту. Сандарды тура және кері санауда алған білімдерін бекіту. Балаларды достыққа, ұймшылдыққа тәрбиелеу.
Техналогиялық картаны қамтамассыз ету: Интерактивті тақта, Кәмпит, түрлі суреттер.
Ғажайып сәт: Мақтаншақ қыздың келуі.
Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл күйлерің қалай? Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен Мақтаншақ қызбын. Менің көйлегімді көрдіңдер ма сондай әдемі. Бантигым да әдемі. Сендерде осындай көйлек, бантик бар ма? Сендер менімен дос боласыңдар ма? Ендеше мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері:
Күліп қағып қолымды,
1, 2 , 3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы жүзбен қарайын,
Маңдайынан сипайын.
Жарайсыңдар балалар. Сендер білесіңдер ме мен кәмпитті сондай қатты жақсы көремін. Сендер ше? Мен далада сырғанақ ойнап жүріп уйдегі кәмпит есіме түсіп Әжемнен кәмпит сұрап барған едім ол маған мынандай үлкен кәмпитті берді. Бұл жейтін кәмпит емес қой деп едім Әжем мұнда түрлі тапсырмалар бар екенін айтты. Егер соны орындасам әжем саған арнаған тосын сыйым бар деді. Бірақ мен тапсырмаларды жалғыз өзім орындай алмайтындықтан сендерден көмек сұрап келдім. Маған көмектесесіңдер ме?
Ия.
Жарайсыңдар балалар? Мен балабақшаға келе жатқанда қатты жаурап, тоңып қалдым. Айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Қыс айларын атап беріңдерші?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Жарайсыңдар достарым енді кәмпитті ашып көрейікші. Мұндағы
1-тапсырма: Достар мұнда жұмбақ жасырылған екен. Шешіп көреміз бе?
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны?
(Аққала)
Суда мұз бар
Жерде қар бар,
Боран боп соғады,
Бұл қай кезде болады?
(Қыста)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
(Аяз)
Жарайсыңдар балалар сендер жұмбақтарды жылдам әрі тез шешеді екенсіңдер. Енді тақтадағы суреттерге назар аударайықшы. Қандай суреттер бейнеленген?
Балалар интерактивті тақтадағы қыс мезгілі бейнеленген суреттерге қарай отырып әңгімелейді.
Балалар біз қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
Балалар: Жылы киінеміз. Мысалы: Жылы бас киім, үстімізге тон, колымызға қолғап, аяғымызға етік.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше екінші тапсырмамызды ашып көрейік. Балалар мұнда жаңа өздерің айтып кеткендей түрлі қолғаптар бар екен. Қазір мен сендерге бір-бірден таратып берейін. Балалар қолғапты біз тек бір ғана қолымызға киеміз ба?
Жоқ.
Ендеше өз қолғабымыздың сыңарын табайық.
Балалар дамыту ортасынан өз қолғаптарының сыңарын тауып әкеледі.
Ал енді балалар келесі тапсырманы ашып көрейік.
3- тапсырма: Мұнда балалар Паравоздар шатасып кеткен сияқты. Қане паравоздың вагондарын ретімен орналастырып санап шығайықшы. Енді балалар мұндағы паравоздарға назар аударайықшы (дамыту ортада) Мұнда үш паравоз тұр осы үшеуінің де вогондары түгел емес сияқты қане түгендеп жіберейікші.
Балалар паравоздың вагондарын түгелдейді. Вагондарды тура және кері санайды. Блингвалды сыңарын айтып өтеді.
Қане балалар сендер тапсырмаларды орындап шаршаған боларсыңдар. Барлығымыз бір сергіп алайықшы.
Сергіту сәті.
Көңілді күн.
Жарайсыңдар балалар келесі тапсырманы ашып көрейік. Мұнда балалар түрлі ертегі бейнеленген суреттер бар екен енді осы қай ертегі екенін тауып көрейік.
Балалар суретке қарап қай ертегі екенін табады.
Балалар сендер ертегілерді жақсы білетін сияқтысыңдар. Жылдам әрі тез жауап бердіңдер. Мұндағы интерактивтегі аңдарға назар аударайықшы. Мынау не балалар?
ҚАСҚЫР. Қасқыр қай ертегілерде кездеседі?
Мынау ше: АЮ. Аю қай ертегіде кездеседі?
ТҮЛКІ қандай ертегілерде кездеседі?
Қоян қандай ертегіде кездеседі? Керемет балалар сендер тапсырмаларды жақсы орындап келесіңдер. Енді мұнда тағы бір тапсырма қалған сияқты ашып көрейікші. Ой балалар мұнда ҚОРЖЫН бар екен бұның ішінде не бар екен. А-а-а, әжемнің тосын сыйы осында екен ғой. Қараңдаршы мына қоржынның іші толған кәмпит екен. Мен сендерге уәде еткендей кәмпиттерді таратып берейін. Рахмет сендерге достарым. Сендер болмағанда ре істер едім. Жалғыз өзім бұл кәмпитті аша алмас едім. Достар біз кәмпиттің ішінен қандай тапсырмаларды орындадық? Сендер менің әжеме барғыларың келе ме? Кеттік ендеше менімен.