?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті : ?атынас Б?лімі : К?ркем ?дебиет Та?ырыбы : «А? к?шік» та?па?ынан ?зінді о?у


Бекітемін ________________ Келісемін ______________
КМҚК «Айналайын» ясли бақшасының КМҚК «Айналайын» ясли бақшасының
Меңгерушісі: Шакирова С.М әдіскері: Мушакулова С.Б
« » ақпан 2016жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Қатынас
Бөлімі : Көркем әдебиет
Тақырыбы : «Ақ күшік» тақпағынан үзінді оқу
Дайындаған: Беккулова Бақыт Ережепқызы
Құлсары қаласы

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет
Тақырыбы: « Ақ күшік»тақпағынан үзінді
Мақсаты:Суреттерді қарап түсініп,қуанамбілуге үйрету,үй жануарларымен таныстыру.
Әдіс-тәсілі Оқу,көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.
Көрнекі құралдары Ақ күшік суреті,үй жануарлары.
Оқу іс-әрекет кезең
дері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
Іс-әрекеті
Мотивациялық қозғалушылық Жылулық шеңбер құрайық,бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуын сезінейік.
Үлкен де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар әлемге
Бас иеміз біз.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Күн шуақта жатқан күшіктің қасына «мысық»келеді.

Күшік пен ойнақтап тұрып,күшіктің сүйегін алып алады.
-Байлаулы жатқан күшік.Мысыққа жете алмайды.
-Мяу-мяу,Эй күшік сен жеті қазынаның бірісің ғой.Сен бос жүрген де маған маза бермейтін едің ғой.
Күшік Аф-аф-аф.Мысық кешір мені,мен саған тиіспеймін,әкел менің сүйегімді берші.
Мысық Мяу-мяу-мяу.Сен маған тақпақ айтып бересің,сүйегіңді беремін
Күшік Аф-аф-аф.Мен тақпақ оқи алмаймын-деп мұңайған күшік тәрбиеші апай қарап көмек сұрайды.
Тәрбиеші –Жарайды мысық.Ақтөскетің орнына мен айтайын.Сен құлақ сап тыңда «Ақ күшік»тақпағы
Мен күшікпін,ақ күшік
Қырағы да,сақ күшік.
Түні бойы жатпаймын
Қоралы малды сақтаймын.
Тәрбиеші күшік туралы мағлұмат береді.
Мысық Күшік ,сен күштісің ғой,үй жануарларын қорғайсың екен.Сен маған үй жануарларын атап берші.Мен қайталайын.
Тәрбиеші Қане,балалар Ақтөске біз көмектесейікші.Балалар біз бәріміз үй жануарларын білеміз.Олар түйе төлі-бота,сиыр төлі-бұзау,

Жылқы төлі-құлын,қой төлі-қозы.
Балалар,сендер білесіңдерме?Жануарлардың адамға пайдасы көп.Мінсең көлік болады.Жесең ас болады.Біздер малды сауып сүтін,ағарғанын ішсек,еттен түрлі тағамдарәзірлейді.Тоңсақ жүннен жылы кеудеше,аяғымызға шұлық қолымызға қолғап,басымызға түрлі-түсті,бас киім тоқып киеміз.Жастансақ жастық,жамылсақ көрпе,қызылды,жасылды,алаша тоқимыз.Әжелеріміз жүннен киіз басады.Киізден байпақ жасаған.Ал қане,балалар бойымызды бір сергітіп алайық!
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Су құйғанда өседі.
Мысық Жарайды күшік тақпақ маған ұнады.Үй жануарларының пайдасын білдім.Тәрбиеші апай сізге де рахмет!Ақтөс міне сенің сүйегің,
Күшік Кел енді дос болайық.Сау болыңдар балалар.
Рефлексиялық түзетушілік Тәрбиеші белсенділік танытқан балаларды мадақтайды. Балалар,
күшікпен мысықпен қоштасады.
Күтілетін нәтиже.
Біледі.Үй жануарларының пайдасын.
Игереді.Үй жануарларының төлін ажырата білуді.