?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні? технологиялы? картасы Та?ырыбы: С?леметсіз бе! Танысайы?. Hello! Nice to meet you
Мерзімі: 03.09.2015 жыл
Ортаңғы «Балауса» тобының ағылшын тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Сәлеметсіз бе! Танысайық. Hello! Nice to meet you.Мақсаты: Балаларды қуыршақ Тілмашпен таныстырып, үш тілде амандасуға, қоштасуға үйрету.
Сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс құрастырып сөйлеуге үйрету. Балалардың сөздік қорын кеңейту.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Балалардың танып білуге, тілдерге деген қызығушылығын арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер және материалдар: Интерактивтік тақта, демонстрациялық материалдар, қуыршақ Тілмаш, Үш тілдегі әндер жинағының ноталары.
Оқу іс-әрекетінің белсенді лексикасы: hello, good morning, good afternoon, good evening, good night, good bye, thank you.
Билингвальді компонент: hello-сәлем-привет, good morning-қайырлы таң-доброе утро, good afternoon-қайырлы күн-добрый день, good evening-қайырлы кеш-добрый вечер, good night-қайырлы түн-спокойной ночи, goodbye-сау болыңыз-до свидания, thank you-рақмет-спасибо.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Мұғалім балалармен амандасады.
Good afternoon, good afternoon,
Good afternoon, to you,
Good afternoon, good afternoon,
We are glad to see you. Балалар шеңбер құрып тұрып, мұғаліммен амандасады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Мұғалім балаларға жер бетінде әртүрлі елдердің және онда тұратын көптілді халықтардың бар екендігін әңгімелейді. Біз Қазақстанда тұрамыз және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлесеміз. Ресейде адамдар орыс тілінде сөйлеседі. Ұлыбританияда-ағылшын тілінде.
Мұғалім балаларды қонаққа келген Тілмашпен таныстырады. Ол енді балаларды үш тілде сөйлесуге үйретеді. Тілмаш балалармен үш тілде амандасады және үш тілде әңгімелесуді ұсынады:
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Здравствуйте, дети!
-Hello, children!
-Қайырлы таң!
-Доброе утро!
-Good morning!
-Қайырлы күн!
-Добрый день!
-Good afternoon
-Сау болыңыз!
-До свидания!
-Goodbye!
-Рақмет!
-Спасибо!
-Thank you!
Тілмаш «Саяхат» ойынын бірге ойнауды ұсынады.
-Балалар, отырыңдар!
-Садитесь, дети!
-Children, sit down!
-Біз Қазақстанға келдік. Біз қай тілде сөйлесеміз?
-Біз Ресейге келдік. Қай тілде сөйлесеміз?
-Енді біз Ұлыбританияға ұшып келдік. Қай тілде сөйлесеміз?
Мұғалім балаларға өлеңді үш тілде жаттауды ұсынады.
Қайырлы күн, ұстазым!
Қайырлы күн, достарым!
Шеңберге тұрайық!
Жылулық сыйлайық!
Добрый день, учитель!
Добрый день, друзья!
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте всем добра!
Good afternoon, good afternoon,
Good afternoon, to you,
Good afternoon, good afternoon,
We are glad to see you.
Балалар мұғалімді мұқият тыңдайды.
Балалар Тілмашпен үш тілде амандасып, өзара үш тілде әңгімелеседі:
-Сәлем!
-Привет!
-Hello!
-Қайырлы таң!
-Доброе утро!
-Good morning!
-Қайырлы күн!
-Добрый день!
-Good afternoon
-Сау болыңыз!
-До свидания!
-Goodbye!
-Рақмет!
-Спасибо!
-Thank you!
Балалар Тілмашпен бірге «Саяхат» ойынын ойнайды.
-Қазақ тілінде.
-Орыс тілінде.
-Ағылшын тілінде.
Балалар таныс емес сөздер тізбегін айтуға үйренеді, Тілмаш көмектеседі.
Балалар өлеңді мұғаліммен бірге қайталап, жаттайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Мұғалім оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Тілмаш балалардан ұнаған сөздерді, ойындарды естеріне түсіруін сұрайды, балалармен қоштасады.
Goodbye, children! See you. Балалар ұнаған сөздерді, ойындарды естеріне түсіреді, Тілмашпен және мұғаліммен қоштасады.
Goodbye!
Күтілетін нәтижелер:
орындайды: жаңа лексикалық бірліктерді;
түсінеді: ағылшын тілінде танысқанда және сәлемдескенде;
қолданады: сәлемдесе білуді және өзін-өзі таныстыруды.