Абай шы?армаларына иллюстрация жасау 5-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, сұлулыққа ( табиғат сұлулығын түсінуге, бейнелей білуге) тәрбиелеу; Абай шығармаларын түсінудегі бейнелеу өнерінің ролі туралы айту.
Дамытушылығы: оқұшының қабілетін дамыта отырып, жеке тұлға қалыптастыру, әдеби шығарма желісіне иллюстрация жасауға бейімдеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағыКөрнекілігі: суреттер альбомы, суретшілер шығармалары мен иллюстрациялар, презентация.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру
Өтілген материалды қорытындылау
Форзац дегеніміз не?
Кітап безендіру үшін нені жақсы білу керек?
Кітап графикасының дамуына өз үлесін қосқан қазақстандық суретшілерді атаңдар
Жаңа сабақ: Абай шығармаларына иллюстрация жасау .
Оқушылардың қызығушылығын ояту:
Оқушылар, біз алдымен ән тыңдап алайық.
Бұл кімнің әні?
Абай кім
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Абай шығармаларына иллюстрация жасау».
Ұлы ақын, суреткер – Абай Кұнанбаевтың (1845-1904) 8 мыңдай өлең жолы, 45 қара сөзі, дастандары, аудармалары, лирикалық өлеңдері бар. Соның ішінде біз бүгін табиғат лирикасына тоқталамыз. «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға».
«Жаз»
Жаздығүн шілде болғанда,
Көк орай шалғын бәйшешекҰзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенгеКөшіп ауыл қонғанда...
«Жазғытұрым»
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпылар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көз.
«Қыс»
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзің,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды«Қан сонарда...»
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл.
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанда.
«Қараңғы түнде тау қалғып».
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел-сал ғып
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол дағы,
Сыбдырламас жапырақ
Тұншығарсың сен дағы
Сабыр етсең азырақ.
«Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға келтіреміз (елестетеміз). Бұл өленде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Желсіз тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкілдалаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір-сары алтын түске бөлеп, діріл қағады.
Ағаш жапырағы өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер беті ерекше сұлулыққа бөленгендей.
Ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі-түсті бояулардан жасалған келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз.
Ал енді осы көріністі қағаз бетінде салып көрейік. Ол үшін бізге суреттің негізгі тақырыбын ашу керек. Демек, бұл бейнелеу өнері тілінде табиғатты бейнелеу дегенді білдіреді. Өзен, су, жер, қалын ағаш- мұның барлығы бір бүтін көріністі құрайды.
Топтық жұмыс:
Оқушылар 4 топқа бөлініп Абайдың өлеңдеріне сурет салады. Әр топтан бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды.
«Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
Галерея аралау әдісі. Оқушылардың кітап графикасы тақырыбындағы салған суреттері тақтаға ілінеді. Оқушылар өз жұмыстарын өздері бағалайды.
1. Иллюстрация дегеніміз не?
(кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет)
2. Абай кім?
(Абай ұлы ақын, суреткер)
3.Өлеңдерде табиғаттың қай кездегі көріністер суреттелген?
Үйге тапсырма:
Абай өлеңдеріне сурет салу.