Металлургия кешені. ?ара металлургия ашы? саба?


Сынып: 9 «Б» күн: 17.11 Тексерілді:
Сабақ тақырыбы: Металлургия кешені. Қара металлургия және түсті металлургия.
Сабақ мақсаты: Ауыр өнеркәсіптің басты саласының бірі- металлургия. Ол екі саланы-қара және түсті металлургияны қамтиды.Металлургия зауытында кен өндіру және қорыту жұмыстары іске асырылатыны жөнінде түсінуге, толық меңгертуге жұмыстар жасау арқылы оқушыларға білім беру, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын дағдыландыру арқылы, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: оқулық, карта,кесте, суреттер
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. /1 мин/
Оқушылармен амандасу. Олар бір-біріне қарап бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
ІІ. Ұй тапсырмасын сұрау: /3 мин/тест арқылы өз-өздерін тексереді.
ІІІ. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру./4 мин/
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра отырып, топқа бөлінеді. Жаңа сабаққа қатысты жұмбақтар мен суреттер жасырылады. Бұның жауабын табу химия пәнімен байланыстыру арқылы оқушыларды суреттерді таңдау арқылы жанатын, рудалы, рудасыз пайдалы қазбалар болып үш топқа бөлінеді.
Жұмбақтар:
1. Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді? Айтшы,ойланып, денеңде жетпейтін қандай тұз еді? /натрий/
2. Ертеден белгілі жетеудің бірімін. Электроника саласында ірімін. Көптеген құймаларға кіремін,әдемілігім жөнінен алтынмен тең жүремін./мыс/
3. Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым, әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын, мені балқыта алмай қиналады көбісі, Қазақстан әлемінде біріншіорын аламын. /вольфрам/
4. Қара металлургия жанымын, машина, трактордың қанымын. Жетінші қосымша топшада болсам да, металл атаулының ең көп қолданылатын санымын. /темір/
5. Өзі ауыр металға жатады, емшілер қорықтық құюға қолданады./қорғасын/
6. Сүйекті қаптайтын элемент. /кальций/
7. Қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. /болат/
8. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде ІІІ периодта, Ү топтың негізгі топшасында, реттік нөмірі-15, атомдық массасы 30,97. /фосфор/
ІҮ.Жаңа материалға көшу. /3 мин/
Жаңа тақырып: Металлургия кешені. Қара металлургия. /дәптерге жазғызу/ Енді әр оқушы қара, түсті металлургия туралы қызықты мәлімет білетінін және осыған дейін металлдар туралы не білетіндерін стикерге жазып жапсырамыз.
Түсті металлургия
Қара металлургия

Бағалау өздерін
Ү. Жаңа материалды меңгерту /17 мин/
Оқулықпен жұмыс. Сабақты толық меңгеру үшін оқушылар мәтінмен танысып оқып шығу. (Оқулық пен карта көмегімен). Енді жалпы слайд арқылы қысқаша оқушыларға мәлімет беру. Сосын әр топқа тапсырмалар беріледі.
Топпен жұмыс жасайды,әр топ тапсырмаларын тақтаға шығып талқылайды.
І топқа:
1. Металлургияның негізгі шикізаты, оны қалай аламыз?
2. Ірі темір кен орындарын атап, көрсетіңдер? Қандай комбинат,фирмалар жұмыс істейді?
3. Темірдің адам өміріндегі маңызы, қайда кездеседі?
ІІ топ:
1. Ферроқорытпа өндірісі туралы не білеміз?
2. Кен орындарын көрсет,ата.
3. Қандай комбинат,зауыттар жұмыс істейді?
ІІІ топ:
1.Қара металлургияның қажетті шикізаты-марганец кені.
2. 8- сызбанұсқаны талдау, картадан көрсету арқылы
3. Экологиялық проблемасы.
Әр топ қорғайды шығып, топпен жұмысымызды бағалаймыз. /6 мин/
ҮІ. Бекіту. Енді сабағымызды қорытындылай келе, жинақтау кестесін толтырамыз.
Әр топ кестенің әр бөліміне топ болып ақылдасып, металлургияның пайдалы, пайдасыз, тиімділігін және қауіп-қатерін стикерге жазып,айтып жапсыру. /5 мин/
ҮІІ.Үй тапсырма:
І топқа: Ойтолғау жазу: Мен металлург болсам ... .
ІІ топқа: Түсті металлургия туралы мәлімет жинау.
ІІІ топқа: Металлургия өндірісі тудыратын экологиялық проблемалармен күресу жолдарын қарастыру./2 мин/
ҮІІІ. Бағалау парағын толтырамыз, өз бағаларын айтып түсіктеме береді, мұғалім өз ұсынысын, тілегін айтады ./2 мин/
ЖОББ Шежін мектеп-балабақшасы
Тақырыбы:
Металлургия кешені. Қара металлургия
География пәні мұғалімі: Б.Карменова
2015 оқу жылы