Саба? жоспары Негізгі ж?не туынды зат есім
Бекіту сабағыСабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есімСабақтың мақсаты: Білімділік: Өтілген тақырыпты бекіту. Зат есім туралы грамматикалық ұғымдарын кеңейту. Сөйлем ішіндегі зат есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Зат есім, олардың сұрақтары,жалқы және жалпы есім, жайлы алған білімдерін кеңейту. Негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығын білу. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасау жолдарын үйренудегі практикалық дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын мысалдар арқылы дәләлдеуге үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың ойын дамытып сөздік қорын молайту. Ұжымдағы шығармашылық қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау,іздену әрекетіне баулу.Сабақтың типі: Білімдерін бекіту.Сабақтың түрі: бекіту сабағы,топтық білім байқау.Сабақтағы педагогикалық технология: ұжымдық оқытуСабақтың әдісі: ой ашар, ой шақыру, топтастыру, инсерт, венн диаграммасы, 5 жол өлең.Пәнаралық байланыс: ана тілі.Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті сурет,кестелер, карточкалар, оқулық, материалдар.
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту кезеңі1. Ұйымдастыру кезеңі.а) сынып тазалығын тексеру.ә) түгендеу2. Психологиялық дайындық (жиын)а) Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу рәсімін орындау.-Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр,амандасайық.
Сабағымыз былайша басталады:3-сынып оқушылары қол ұста-сып,шеңбер құрып тұрады да, бір –біріне жақсы сөздер,тілек айтады.-Қайырлы күн!-Мен сендерді көруге қуаныштымын!-Сендерге сәттілік тілеймін. Тәртіпті бол. Шыншыл ьол.
Б) -Балалар, бері жақындап мына үстелдің үстінде жатқан әр түстегі дөңгелекшелерден таңдап алыңдар. Қызыл тустер «Білім» тобы, көк түстер «Ғылым» тобы. 2 топқа бөліп отырғызу.
3. Үй тапсырмасын тексеру.(ой ашар)Үйге қандай тапсырма берілді?3-жаттығу. Мақалды жатқа жазу.Туынды зат есімді сөз құра-мына талдау.Туынды зат есімнің түбірі қай сөз табы.
-Кәне,1-2 топ балалары дәптерлеріңді бір-бірлеріңе беріп тексере қойыңдар. Қатесін қарындашпен түзеп беріңдер. Туынды зат есім білім. Біл+ім түбірі біл, ім зат есім жасайтын жұрнақ, білім туынды сөз. Туынды зат есімнің түбірі біл етістік.
Талант сөзіне тусінік беру (табиғи дарын, ерекше қабілет) Біздің елде талантты жастар көп.
Талант қартаймайды,Білім ортаймайды.- дегеніміз адамның бойында талант болса, онда бойындағы қабілеті өмір бойы сақталады,ең бастысы білімі болса, ол өмірде пайдалана алады.
(Ой шақыру)-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?-зат есім дегеніміз не? (ережесін айту)-жалқы және жалпы зат есім зат есім дегеніміз не?(мысал келтіру)-негізгі және туынды зат есімдер дегеніміз не?( мысал келтіру)
(Топтастыру)Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?-Зат есім-Зат есім дегеніміз не?(Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Олар кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.)-Жалқы есім дегеніміз не?(Жеке я дара заттарға берілген атауларды жалқы есім дейміз. Мысалы: Ертіс, Қызылтаң, Алатау)-Жалпы зат есім дегеніміз не?-Бір тектес заттың ұғымдарын қамтитын атауларды жалпы есім дейміз. Мысалы: өзен, көл, адам, құс, ағаш)-Негізгі зат есім дегеніміз не?-Туынды зат есім дегеніміз не?
ІІ. Мағынаны тану.(бұрыңғы біліммен жаңа білімді ұштастыру)
4. Оқулықпен жұмыс.Оқулықты ашып, 1-жаттығуға қарайық.-Қымбат берілгенін оқы.«Білім» тобы 1 қатардағы сөздерді сөз құрамына талдайды.«Ғылым» тобы 2 қатардағы сөздерді сөз құрамына талдайды.Тақтаға сызба сызылады, оқушылар кезектеп шығып жазады.
Білемін. Білмеймін. Зерттеймін.
АдалдықАстықұзындықБілімҚыратжолдасЖүзік
Көрік Жүзік
КөрікАдал(қандай ? сын есім, -дық з.е тудыушы жұрнақ, Адалдық не? туынды зат есім.)Жолдас түбірі з.е жол, дас з.е тудырушы жұрнақ.Қырат- қыр түбірі з.е.,-ат жұрнақ.Көрік-көр түбірі етістік, ік жұрнағы. Көрік туынды зат есімөшір+гіш(не істе? Етістік. гіш з.е. тудырушы жұрнақ.өшіргіш не? Т.з.е.Татулық (қандай?тату с.е.) лық зат есім тудырушы жұрнақ. Татулық.не? Т.з.е.(Сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлем құрау)
5. Топпен жұмыс.І-топ Білім ІІ-топ Ғылым3-жаттығу 4-жаттығуАтқыш дос-достықСепкіш (кім? не?)Куәлік батыр -батырлықорындық (кім? не?)ілгіш сөз- сөздік( не? не?)
6. Карточкамен жұмыс. Мына схема бойынша туынды сөз жаз.№1 №2. . . . . .. . . -дық . . . -тық. . . . . .
. . . . . .. . . –лық . . . -лік. . . . . .
. . . . . .. . . -қыш . . . -кіш. . . . . .
ІІІ. Ой толғаныс7. Сурет бойынша әңгіме құрау.8. Венн диаграммасы
9. Бес жолды өлең құрастыру.Білім Ғылым1. білім 1. ғылым2. қиын,ауыр 2.әртүрлі3. артады, дамиды 3. зерттейді,дамиды4. Білім-өмір шырағы. 4. Ғылым таппай мақтанба…5. Оқу 5. ілім10 Сабақты қорыту.Тақырыбы: Мазмұнына сәйкес келе ме?Негізгі және туынды зат есімИӘ ЖОҚӨЙТКЕНІ
(Оқушылар өз ойларын дәлелдеп қорытынды шығарады)
11 үйге тапсырмаЕрболат, Асхат «Кім болам» тақырыбына шығарма жазып келу.12. БағалауОқушылар хормен:өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,Қазақ тілі- өз жұлдызың көктегі.Қазақ тілі -көгіндегі шамшырақ,Қазақ тілі-өмірің де,өлең де,Қазақ тілі-тамыр жайған тереңге,Қазақ тілі- болашаққа жетелеп,Ұрпақтарды танытады әлемге!-Сау болыңдар, балалар.-Сабақ аяқталды.