Саба?ты? та?ырыбы: Зат есімні? жасалу жолы. Деректі ж?не дерексіз зат есімдер
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жасалу жолы. Деректі және дерексіз зат есімдерСабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушыларға зат есімнің жасалу жолы, деректі және дерексіз зат есімдер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.Кезекші мәлімдемесі.Журнал бойынша түгелдеу.Жаңа сабаққа дайындық.ә) Үй тапсырмасын сұрау.Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.Дәптерлерін алмастыру.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.б) Жаңа сабақты түсіндіру.Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Зат есімнің жасалу жолы. Деректі және дерексіз зат есім» тақырыбы жайлы түсіндіремін.Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі зат есім болып үшке бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой+шы, күй+ші, жақсы+лық, т. б.Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады. Мысалы: Көкше+тау, ашу+дас, т. б.Деректі және дерексіз зат есімдер.Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен ұстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар: мектеп, қағаз, ағаш, қалам, т. б.Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, т. б.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 119 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтап, ойларыңды дәлелдеңдер.Жаттығу жұмысын орындап болған соң қосымша тапсырма беремін: Мәтін қай шығармадан алынған? Өз ауылдарындағы қандай бәйге атын білесіңдер? Мәтінге не деп ат қояр едіңдер?Келесі тапсырма: 120 – жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Төмендегі Бурабайдың суретіне қарай отырып, сөйлемдерді оқыңдар. Жалқы есімдерді табындар және олардың емлесін естеріңе түсіріңдер. Жалқы есімдердің мағыналарына назар аударып, қандай ұғымдарды білдіріп тұрғанын айтыңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Өз мекен - дерің жөнінде суреттеме мәтін құрап жазыңдар.Келесі тапсырма: Суреттегі екі балаға мінездеме беріңдер. Олардың бойындағы қасиеттерді салыстырып жазыңдар. Қандай дерексіз зат есім - дерді пайдаланғандарыңды айтыңдар.Сабақтың қорытындысы:Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.Үйге тапсырма: 122 - жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Жұмбақтардыкөшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.
Кері қайту