Кел жа?а жыл, жа?а жыл ерте?гілік


« Кел жаңа жыл- жаңа жыл »
( Музыка әуенімен балалар залға кіреді )
Жүргізуші: (Маржан) Армысыздар, құрметті жиналған ата- аналар,қонақтар, тәрбиешілер және сүйкімді де менің әдемі бүлдіршіндерім! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін, мына арай жыл!!!
Балалар, қараңдаршы, шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз қандай әдемі!
Хор: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ойыншықты мұншама
Кім ілді екен шыршаға?
Алақай, айнала түрленді
Балақай би- биле тұрма енді!
Балалар, біздің мерекемізге не жетіспейді? Ендеше шырша шамын жағайық!
Балалар: Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 2 рет
Жүргізуші: Балалар,енді шыршымызға арнап тақпақ айтайық.
Әмина:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле- төрле жаңа жыл
Бізге құт жыл болсын!
Әлішер:
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
3. Жанерке:
Жаңа жылың,жаңа нұр ала келсін,
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың ескеріп көкейіңде
Қимас шақтың бірі болып қала бесін!
4. Кәусар:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
5. Инабат А:
Жаңа жылды қарсы алдық,
Мініп алып күймеге.
Менде бүгін ән салдым,
Араластым бигеде
Жүргізуші: Бізге біреу қонаққа кеп тұрған сияқты. Қане, қарайықшы?!
Жаңа жылдың кешінде,
Аңдар келіп бір шешімге.
Достаспақшы ниетпен,
Жиналыпты келісімге.
Шыршаның артынан қоян секіріп шығады.
Қоян: (Кәусар) Биші батыр қоянмын,
Ноян десең ноянмын.
Ер болған соң кеш жатып,
Елден бұрын ояндым! (Секіріп жүрген қоянның алдынан аю шыға келеді. Қоян сасқалақтап қалады).
Қоян: Амансың ба, аю паң!
Аю: (Әлішер) Алып батыр балпақпын,
Ақ ниетті-дарханмын.
(Аю мен қолыстасып тұрады). Сол кезде қуана қутыңдап түлкі кіреді.
Түлкі: (Сабина) Қоян жанға бір салем!
Аю жанға бір салем!
Аю мен Қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Сыйлығын ол береді.
Жұмбақ шешкен түлкінің,
Өнерін жұрт көреді.
(Аю мен қоян жұмбақ жасырады).
Аю мен Қоян: Суда батпайды,
Отта жанбайды
Түлкі: Жұмбақтың шешуі: (Мұз).
Аю мен Қоян: Рахмет, түлкі жан,жүрген жерің күлкі ән!
Қасқыр: (Әділбек) Аю сені қолдаймын,
Арам ниет болмаймын.
Қадірлі аңдар, достасам.
Қастандықпен оңбаймын.
Аңдар қосылып: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын. Қане, тамашалайық!

Жүргізуші: Тамсандырып талайды,
Әлішер ән айтуды қалайды.
Ортамызға әсем әнімен Әлішерді шақырайық.
Ән: «Жаңа жыл» әні.
Олай болса балалар, мың бұралған бишілерімізді ортаға шақырайық.
Би: «Айгөлек» биі.Билейтіндер: Сәбина, Н.Инабат, Жанерке
Жүргізуші: Рахмет, балалар, өнерлерін өрге жүзсін!
Ескі жыл: (Сафура) Амансыңдар ма, балаларым.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат!
Алдыңғы сапта боларсың
Келер жыл саған аманат!
Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ескі жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз.
Қандық талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз.
Барлығы: Сау болыңыз, ескі жыл?!
Жүргізуші: Балалар бәріміз Жаңа жылға арнап тақпақ айтамыз ба? Ендеше келе қойыңдар.
6. Н.Инабат:
Әдемілеп ілінген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқаймыз баршамыз.
7. Мерей:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
8. Арайлым:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
9. Ақбаян:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын, жаңа жыл,
Ата, әже, әке, шеше,
Құтты болсын жаңа жыл!
10. Сәбина:
Бақша іші мереке,
Ойын- күлкі, асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған.
Жүргізуші: Олай болса, назарларыңызға заман талабына сай сегіз қырлы, бір сырлы «Балдаурен» би тобын ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! Би: «Оппа гангнам стаил».
Жүргізуші: Балалар, бізге алыстан қонақ келе жатыр. Қане қарсы алайық!
Ақшақар: Сәлеметсіңдерме балалар, мені таныдыңдар ма? Мен Аяз атаның немересі Ақшақармын ғой. Алыстан, қар патшалығынан келдім. Аяз ата сендерге салем айтты. Ал енді балалар, Аяз ата келгенше би- билейік, жұмбақ шешейік.
Жүргізуші: Ән саламыз, би билеп,
Жырдан шашу төгілді.
Бүгін біздің жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді.
Ортаға шықты бұралып, Инабат өзбек биімен.
Би: «Өзбек биі»
Ақшақар: Қане,бүлдіршіндердің ата- аналары отыр екен. Бірігіп ойын ойнап, жұмбақ шешейік.
Ойын: «Кім көп қар түйіршігін жинайды» (Ата-аналар ойын ойнайды).
Жүргізуші: Балалар «Жаңа жыл» келді.
Балалар: Алақай, алақай! Жаңа жыл! Ж а ң а ж ы л! Ж а ң а ж ы л!
Жаңа жыл: Балалар, шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет. Өзіммен бірге жақсылығымды ала келдім. Жаманды жөнге салар, жақсының жақсылығын танытар, халқыма тыныштық, көршілес елдермен тату болар құтты жаңа жыл боламын.
Жүргізуші: Ақ сиса, қызыл сиса,сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын,
Жігіттер шамаң келсе маған ұқса.
Ортаға сері әрі әнші жігітіміз Әділбекті шақырамыз.
Ән: «Жаяу мұса»
Жүргізуші: Жаңа жылым таңдансын,
Тақпақты айтып берейік
Ортамызда шыршамыз
Ойнап бірге күлейік.
Тақпақтар:
11. Мейіржан:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
12. Сәния:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
13. Гүлбазар:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той- маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
14. Ерубай:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
15. Ақжол:
Орадың өлкеме,
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
16. Әділбек:
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, аяз атай,
Келе жатыр алыстан.
17. Саламат:
Аула сырты, бақта да,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айнала,
Ойнаймыз біз, шаттана.

Қуыршақ: Сәлеметсіздерме? Мен көңілді қуыршақпын, қыздармен бірге би билеуге келдім.
Би: «Қуыршақтар» биі, бір топ қыздар.
Ақшақар: Ой. Рахмет, қандай өнерлі едіңдер, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер! Енді мен сендерге және ата- аналарыңмен бірге жасырар жұмбағым бар, кәне, шешіп көріңдерші!?
Жасыл ине киемін,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң
Төріндемін үйіңнің.
(шырша)
Жаздай тынығады,
Қыста зымырайды.
(шана)
Ұстасаң қолың тоңады,
Ол не???
(қар)
Сақалы желбіреп,
Жүрегі елжіреп
Жылда бір келеді
Көп сыйлық береді.
(Аяз ата)
Жүргізуші: Келіңдер, балақайлар!
Ертегімді тыңдаңдар,
Ертегімде сан қилы,
Қызық-қызық сырлар бар.
Ал, қанекей, балаларымыздың «Ертегілер елінде» атты қойылымызды тамашалайық.
Ертегі: «Мақта қызбен мысық».
Ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде, сонау өткен заманда мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Олар бір – бірімен өте тату болыпты. Бір күні Мақта қыз үйін сыпырып жүріп, бір түйір мейіз тауып алыпты.
Мақта қыз: (Гүлбазар)
Мысық: (Ақжол)
Сиыр: (Әмина)
Тал: (Әлішер,Саламат)
Қыздар: (Мерей, Сәния , Ақбаян)
Дүкенші: (Н.Инабат)
Тауық: (А.Инабат)
Тышқан: (Мейіржан).
Сөйтіп, Мақта қызбен мысық айырылмастай дос болыпты.
Жүргізуші: Рахмет, балақайлар!
Жүргізуші: Көрікті шыршамыз,
Шамдары самғаған.
Көңілді ортамыз,
Айтамыз шырқап ән.
Ән: «Ойыншықтар» Орындайтындар: Гүлбазар, Сәния, Кәусар, Ақбаян.
Мыстан кемпір: (Сарбиназ) Е- е – менсіз той жасағалы жүр екенсіңдер ғой. Соншалықты батыр ма едіңдер? Жо – жоқ?!
Оған жол бермеймін.
Жақсылыққа көнбеймін.
Жаңа жылға енбеймін,
Мен тұрғанда адамға.
Мереке жоқ әманда.
(Мыстан кемпір жұлқынып, ашу шақырады. Ақшақар мыстаннан балаларды қорғай бастады).
Ақшақар: Ей, мыстан кемпір, бос айғайды қойсаңшы. Ешқашанда жамандыққа тоймайды екенсің. Қашанғы осылай жүресің, одан да бізбен бірге ойнап, күл. Мен қазір сенімен, және балалармен ойнағым кеп тұр. Егер балалар жеңсе, онда сен бізбен бірге Жаңа жылды қарсы аласың! Жарайма?!
Мыстан кемпір: Ал, ойнап көрейік.
Ойын: «Кім тез пиманы киеді?»
Мыстан кемпір: Жоқ, мен бұған көнбеймін.Менің шартым бар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын,егерде барлығын дұрыс шешсеңдер, сендерге бөгет жасамаймын.
Жұмбақ:Терезеге қонады,
Әсем ою салады
(Аяз)
Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр қатты – ақ
(Мұз)
Тіккен, тіккен, тік пісте,
Қысы, жазыбір түсте.
(шырша)
Мыстан кемпір: Балалар мен кіммін? Мен мұнда не істеп жүрмін? Сендер менің шартымды орындадыңдар. Мен сіздерге бөгет болмаймын деп уәде еттім. Сол уәдеме тұрып жөніме кетейін. Мені кешіріңдер. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде – жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Кел, Жаңа жыл біздерге
Кел, «Жаңа жыл! Жаңа жыл!»
Олай болса барлығымыз Аяз атаны шақырайық.
Балалар: А я з а т а, А я з а т а, А я з а т а !!!
Аяз ата: Амансыңдар ма балапандарым! Орман тоғайды, аязды артқа тастап, әйтеуір жеттім – ау сендерге! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Жүргізуші: Рахмет Аяз ата! Сәл отырып деміңізді алыңыз. Келгеніңіз қандай жақсы болды. Өзіңізбен бірге Жаңа жылды тойлайық! Балалардың сіздерге арналған өнерлері бар.
Жүргізуші: Шақырайық ортаға,
Кіп – кішкентай Арайды,
Шығып ол ортаға,
Бұлбұл құстай сайрайды.
Ән: «Балапаным Арайлым».
Жүргізуші: Қарсы алайық Мерейді,
Үнді биін билейді.
Би: «Үнді биі»
Ән: «Төлдер». Орындайтындар: Әмина, А.Инабат, Мерей, Н.Инабат.
Жүргізуші: Салем бізден баршаға,
Құттықтаймыз жар сала.
Бүгін біздеЖаңа жыл!
Қош келіпсіз шыршаға.
Қанекей, біздің ертегі кейіпкерлерімізді шақырайықшы ортаға.
Қойылым: «Бауырсақ» ертегісі.
Жүргізуші: Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда.
Бір шал мен кемпір өмір сүріпті.
Бауырсақ: Арайлым
Шал: Ерубай
Кемпір: Жанерке
Қоян: Кәусар
Аю: Әлішер
Қасқыр: Әділбек
Түлкі: Сәбина
Аяз ата: Ой, керемет, қандай керемет ертегінің ішінде жүргендей болдым ғой! Жарайсыңдар балаларым!
Жүргізуші: Би «Өзбек» Орындайтын: Жанерке
Жүргізуші: Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді,
Құттықтаймыз ән салып!!!
Ән: «Ақшақар». Орындайтындар: Сәбина, Жанерке
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Барлықтарың өнерлі екенсіңдер, киген киімдерің қандай әдемі! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар ғой. Ақшақар қызым маған көмектес.Сонау алыстан алып келггн сыйлықтарымызды балаларымызға таратайық. (Балаларға сыйлықтар таратады). Менің баратын жерлерім көп, ендібіз жолға шығайық.Қош, с а у б о л ы ң д а р!!!
Жүргізуші:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай, әрбір күнің әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Құрметті қонақтар, балалар, Жаңа жыл құтты болсын!!! Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!