Кел, Жа?а жыл, Жа?а жыл!
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз Атаның, Ақшақардың, Ұлу мен Жыланның карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату. Мерекелік көңіл күйлерін көтеру арқылы ой өрісін, қиялын, эстетикалық талғамдарын дамыту. Бір біріне деген достық қатынасқа тәрбиелеу.
Қатысушылар: Аяз Ата, Ақшақар, Ұлу, Жылан
Мереке барысы:
(Әсем безендірілген шырша пердемен жабылған, ортада безендірілмеген, кішкене шырша)
Аяз Ата мен 6 бала Жаңа жылдық шыршаны безендіреді.
Аяз Ата: Ой, шаршағаным ай кішкене отырып дем алып алайыншы.
(Шамдар өшеді, кіші шырша мен пердені алып тастау, шам жанады)
Жай ғана әуенмен залға Ұлу балаларды ертіп кіреді.
Ұлу: Балалар, қараңдар мынау біздің Аяз Атамыз ғой. Оятып алмай жақынырақ барып жақсылап қарап алайық.(қарайды)
Балалар, біз жаңа жыл мерекемізді бастауымыз керек қой. Ал біздің Аяз Атамыз ұйықтап қалыпты. Аяз Атаға арнап ән айтып берейік мүмкін атамыз оянар.
Ән: Аяз Ата
(Аяз Ата оянады)
Мәссаған, мені қара басып ұйықтап қалыппын, барлық мереке өтіп кеткен шығар, балалардан ұят болатын болды ғой, сыйлықтарын да бере алмадым.
Ұлу: Сәлеметсіз бе Аяз Ата. Ат көлігіңіз аман біздің шыршаға келіп жетіпсіз ғой. Қош келіпсіз! Сіз ештеңеден де кеш қалған жоқсыз, асықпай аптығыңызды басыңыз. №6 «Балдырған» тобының жаға жылдық ертеңгілігі енді ғана басталғалы жатыр, сіз дәл уақытында ояндыңыз.
Бұл топтың балалары өте өнерлі сізге арнаған ән, билері тақпақтары өте көп.
Аяз Ата: Ой рахмет саған Ұлу жылы.
Армысыздар, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
ендеше қане балалар тақпақтарыңды тыңдап көрейік.
Тақпақтар:
Әлия:
Жаңа жылда жаңаша
Жақсы тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Аппақ аяз атамыз
Е.Сұлтан:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Мейірлан:
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер
Жаңа жылда би билеп,
Ән де салып беріңдер.
Асылбек:
Ескі жылға ризамыз,
Өсе түсті бойымыз.
Талай сырға қанықпыз
Шарықтады ойымыз.
Дарина:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Ой рахмет балалар! Қандай өнерлісіңдер Балалар менің Ақшақар қызым қайда? Қар түйіршіктері, қайдасыңдар? Менің қызым қардың астында қалып қойған шығар. Маған қызымды тауып алуға көмектесіңдер.
Би: Снежинки (қыздар)
(Ақшақар келеді)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттіп- ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал сендер
Аяқтаңдар ойынды.
Ойын: Кім жылдам? (қолғаппен ойын)
Аяз Ата: Ой шаршағаным ай! Қане ендеше отырып біраз демалайық. Мен сендерге өте қызық бір ертегі айтып берейін.
Көрініс: Жыл басына таласқан хайуанаттар.
Автор: Ерте заманда адам аңқау, аңдар жалқаукезде адам баласы жылды, жыл аттарын білмейді екен. Бір күні жыл келетін болыпты. Оны ауылдағы аңқау адамдар естімей, айдаладағы саққұлақ аңдар естіпті. Олар жылды көреміз, жылға ат қоямыз, деп жинала беріпті, жинала беріпті. Жануарлар енді жыл басы болуға таласыпты.
Барыс: Мен барыспын, азуым алты қарыспын
Айналама сыйлымын, сыйлымын.
Сезімсізбен сенемін, сенемін.
Бәрін де жеңемін, жеңемін.
Жыл басы болуға шіреніп келемін.
Жыл басы мен боламын. ЫР- Р-Р.
Автор: Шөп түбінде жатқан түсі суық шұбар жылан былай дейді.
Жылан: Мен жыланмын,
Өзімше мен де ылаңмын
Шақсам қой түгіл
Түйеңді де құлатамын
Мен күштінің күштісімін. Жыл басы болуға мен лайықпын.
Ит: Жоқ түсі суық сұр жылан сенен адам да, аң да шошиды, сенен аулақ жүреді. Ит малдың да, адамның да досы. Аф – аф
Сақ төбетпін жолдыаяқ,
Саңқылдаймын қоймай ақ.
Бөріге қой бермеймін,
Ұрыға жол бермеймін.
Жыл басы болуға мен лайықпын
Сиыр: Ит, сен қашан да итсің ғой. Жаман адамды итке теңейді. Мен адамның қаймағымын, майымын, айранымын. Адамға пайдалымын.
Торпағым ау, торпағым,
Далаға шықсам қорқамын.
Сүт анасы сиырмын,
Адамдарға үйірмін.
Жыл басы мен боламын, мө- ө – ө
Қой: Сиыр, сен мақтанба. Сен кәдімгі талпақ танау сиырсың. Адамтүк түсінбейтін адамды сиырға теңейді. Мен қоймын. Адамның ырысымын.
Мә – ә – ә. Мен қоймын,
Көк шөпке тойдым
Жыл басы болуға
Кетіп тұр ойым.
Жыл басы мен боламын.
Жылқы: Иго – го – го. Жылқы тұрғанда саған жол болсын. Мен жылқымын, адамның асыл мүлкімін. Ат адамның қанаты деген.
Ел қуанып айдаған,
Жылқы деген мен болам.
Етім дәрі, сүтім саумал
Ер қанаты мен болам. Жыл басы мен боламын.
Түйе: Жылқы сен өйтіп мақтанба. Сен жай ғана жылқысың. Бар жақсылықтың иесі түйе емес пе? Мен адамның көшсе көлігімін, шөлмен жүрсе мойымайтын серігімін. Шөл кемесі дейтін берігімін. Адам жақсы көретін баласын ботам дейді. Қызын ботакөзім дейді.
Төрт аяқтыда бота тату, деп мақтайды. Жыл басы болуға мен лайықпын.
Мешін: Түйе сен адамға менен жақын емессің. Мен адамның алыс туысқанымын. Тексере келгенде тіпті арғы атасымын, өзім адамға ұқсаймын. Жыл басы мен боламын.
Мен мешінмін, мешінмін,
Күні бойы секірдім.
Жыл басы мен болам деп,
Орталарыңа кеп тұрмын.
Тауық: қыт – қыт – қыт.
Жыл әлі неге жоқ,
Жұмыртқамды жеген
Барлық бала тоқ
Құрт, құмырсқа жемтігім.
Жоқ ешбір кемдігім.
Бәрің де бос мақтанып
Шаршамаңдар ентңгңп
Жыл басы мен боламын
Ұлу: Мен ұлумын,
Өзімше сұлумын.
Ыстыққа күймеймін, суыққа тоңбаймын.
Ұлу деген мықтымын.
Жарқын, жарқын шықты үнім.
Ойым озар өзімнен,
Сабыр етем төзіммен.
Күш пен көрік құлпырар
Салиқалы сөзімнен. Құмда жатқан көп жәндіктің атынан мен өзімді ұсынам.
Қоян: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Алды – артына қарамай
Ытқып, ытқып жүгірді
Мен қорқақ қоянмын, менде өзімше ноянмын. Қарықсам жел жетпейтін жүйрікпін. Жыл басы болуға мен лайықпын.
Тышқан: шиқ – шиқ – шиқ
Мен тышқанмын. Адамға жақын өмір сүремін. Адаммен ауылдаспыз, табақтаспыз. Онша мешкей де емеспіз. Барды қанағат тұтамыз. Көп тышқандардың атынан мен өзімді ұсынамын.
Доңыз: (қорсылдап ортаға шығады)
Менің доңыз деген атымнан қорықпай ақ қойыңдар. Адам жақсы көрген баласын торайым дейді. Мен адамның ырысымын, өзім жуаспын. Жыл басы мен боламын.
Автор: Ақыр соңында бойына сенген түйе былай дейді.
Түйе: Уа, халайық құр таласпен іс бітпейді. Жылдың келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол жыл басы болсын.
Хормен: Жылды қарап тұрайық
Ойын сауық құрайық
Жылды көрген батырды
Жыл басы деп ұғайық.
Автор:Тышқан қулық ойлайды
Келіспеске қоймайды.
Шығып алып түйенің
Өркешімен ойнайды
Түйе мойнын созады
Мен болам деп жар салып
Тышқан одан озады
Жылды алғаш қарсы алып.
Тышқан: Алақай, алақай
Жылды көрдім алақай
Қулығыммен, ақылыммен,
Бәрін жеңдім, алақай.
Хормен: Тышқан деген батырың
Таңды көзбен атырды
Төбесінен түйенің
Жылды көріп қатырды
Барлығың да қараңдар,
Енді үйге тараңдар.
Жылды көрген тышқанды
Жыл басы деп санаңдар.
Ән: «Ертегілер» Қарақат
Ертегі ұнады ма сендерге балалар?
Ақшақар: Рахмет саған Аяз Ата. Барлығымыз бір демалып қалдық. Біздің балалар сондай шетінен өнерлі. Олардың сізге арнап жаттаған өлеңдерін тыңдап көрейік.
Тақпақ:
Диана:
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл
Қарсы аламыз біз сені
Ақ көңілмен, ақ пейілмен,
Баршамыздың төрінде
Жұманияз:
Көрікті шыршамыз,
Шамдары самғаған
Көңілді ортамыз
Айтамыз шырқап ән.
Гүлнұр:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қарға омбығып, бет домбығып
Балдырғандар ойнайды.
Дінмұхамет:
Жылдың әсем бұл шағы
Шыр айналдық шыршаны
Шоқ жұлдыздай көрікті
Жымың қағып тұр шамы
Асан:
Аппақ ұлпа қары бар
Қардың да өз әні бар
Жаңа жылда жас ұлан
Биге, биге бас ұлан.
Ән: «Орманда туды жас шырша» Шахназ, Варя
Би: Қар жинау (Ұлдар)
Рахмет сендерге балалар,өте өнерлі екенсіңдер. Енді мен сендердің ата аналарыңмен ойнап көрейін.
Логикалық сұрақтар.
Сіздерге де көп рахмет. 2013 жылды жақсы біліммен қарсы алайын деп отыр екенсіздер. Енді маған айтыңыздаршы келе жатқан жыл қалай аталады?
Біздің көптен күткен жылан жылымыз да Жаңа жыл қарсаңына қарай ортамызға келіп қалыпты. Олай болса Жыланды қарсы алайық.
Жылан: Амансыңдар ма балалар! Міне біз де 12 жылдан кейін аман есен қайта жолықтық. Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, 2013 жыл менің жылым. Менің түсім қандай суық болса да, жүрегім жылы. Менің ешкімге зияным жоқ. Өзіме тиспегендерге менде тиіспеймін. Менің уымнан көптеген дәрі дәрмектер жасалады. Терімдегі әдемі өрнектер сән әлемінде кеңінен қолданылады.
Мен жыланмын, жыланмын.
Өзімше менде ылаңмын
Уым дәрі, терім сән
Он екі жылдың бірімін.
Бір жыл бойы мен сендермен біргемін. Менен жылан деп қорықпай өз өнерлеріңді көрсетіңдер., менің де сендерге әкелге сыйым бар.
Тақпақ:
Аңсар:
Ақ сақалды, таяқты
Қалың қырау қабақты.
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты.
Айша:
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Кел билейік баршамыз
Аңсаған:
Жаз күніндей шуақты,
Жылы пейілі қуантты
Ойыншығы, кәмпиті
Орасан көп сияқты
С.Сұлтан:
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне
Алина:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Әли:
Сақалының ұзыны ай
Саудыраған мұзын ай
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы ай!
Ойын: Балалармен
Қане ендеше балалар жыланнан қорықпай қалынан ұстап әсем шыршамызды айналып ән шырқап берейік.
Ән: Келді бізге Жаңа Жыл!
Би: Оппа кан нам стайл. (хареограф)
Аяз Ата: (Ұлу жылымен қоштасып, шығарып салу)
Кремль куранттары.
Ән: Ағылшын тілінде «Қоңырау күмбірі»