?арыш ?лемі ашы? саба?
Ғарыш әлемі.
Мақсаты: Балаларға ғарыш , ғарыштық ұшулар ,Байқоңыр ғарыш
айлағы, ғарышкерлер дайындау орталығы туралы
түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы
айта отырып, балалардың ғарыш а әлеміне деген арттыру.
Тәрбиеші: Балалар қане бәріміз Жермен, аспанмен, күнмен, бір-бірімізбен амандасып алайықшы.
Жылулық берген күнге рахмет,
Тіршілік берген жерге рахмет.
Амансың ба достарым ,
Сендерді көрсем қуанам.
Балалар 12- сәуір – Ғарышкерлер күні. Себебі 1961 жылы дәл осы күні адамзат тарихында алғаш рет Кеңес одағының орыс азаматы Ю.А.Гагарин ғарышта болып қайтты.
Біздің қазақ жігіттерінен ең алғаш ғарышқа ұшқан Т.Әубәкіров және Т.Мұсабаев.
--Ғарышкер деп кімді айтамыз?
--Ғаламшарды зерттейтін адамдарды.
-Балалар ғарышкерлер ғарышқа ұшу үшін әр түрлі дайындықтан өтіп арнайы білім алады. Біздің төбемізде әдемі аспан бар , оны аспан әлемі деп атайды.
- Ал, сендер осы аспан әлеміне, айға ұшатын қандай әуе көлігін білесіңдер?
- Зымыран.
- Зымыранды орыс тілінде біз- ракета дейміз.
Ал, зымырандар ұшатын жерді «Ғарыш айлағы » дейміз.
Ғарыш айлағын Космодром дейміз.
Көк пен жерді жалғаған,
Ғарышжайы Байқоңыр.
Зымырандар самғаған,
Ғарышжайы Байқоңыр.
Қанаттылары мекені,
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр.
Біздің Қазақстанның ғарыш айлағы Байқоңыр деген елді мекенде орналасқан. Осы зымырандар Қазақстанда Байқоңыр қаласынан ұшырылады. Біз ғаламшарлардың ішінде жер ғаламшарында тұрамыз.
Сонымен осы Байқоңырдан ұшқан зымырандармен ғаламшарларды зерттейтін адамдарды ғарышкерлер дейміз.
Қорытынды.