Математикадан саба? 3-сынып. Та?ырыбы: Санды 9-?а к?бейту кестесі


Сабақтың тақырыбы: Санды 9-ға көбейту кестесі
Сабақтың мақсаты:
а) 9-ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. 9-ға бөлу,кеміту,есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.
ә) ұлттық дүниетанымын байланыстыра отырып, ой-өрісінің ауызша есептеу қабілетін дамыту.
б) сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке, ұйымшыл болуға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: дамытпалы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын сұрақтар.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, сынып тазалығы
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушы назарын сабаққа аудару
-Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, сендерге әр ісімізге сәттілік тілеймін.
Үй жұмысын тексеру:
«Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.
№9 тапсырма. Периметрін табуды пысықтау.
Жаңа сабақ:
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін пайда болуы кезеңін тамашалаймыз. Сандарға тоқталу: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Сыйлыққа тоқталу:
-Ойланайық бір мезет,
Бақылайық, байқайық.
Есептерді шығарып
Жауап берген балаға
Күн шуағын сыйлайық!-деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалаймын.
Күлімдеген күн –«5»
Мұңайған күн –«4»
Жылаған күн –«3»
Тапсырма:
Тоғыз бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыр. 9+9+9+9+9+9+9+9+9=9*9
81 дәптерді 9 балаға нешеден бөліп алады? 81:9=9
-Барлығында 9 шықты, бәрекелді! Енді бүгінгі сабағымыз Санды 9-ға көбейту кестесін түсіндіру.
9*9=9*8+9 9*9=81 81:9=9
Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?
-Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін, есептерді жеңілдету үшін қолданамыз.
Көркем жазу:
9-цифрын көркемдеп жазайық.
№2 тапсырма.
А)18 банан мен 36 апельсин 9 балаға тең бөлініп берілді. Әр бала неше жемісін алды?
18:9=2
36:9=4
4+2=6
ә) 15 сәбізді 5 қоян тең бөліп жеді. Осылайша бөліп жесе, 24 сәбізді неше қоян жейді?
15:5= 3
24:3=8
№3 тапсырма «Кім тез ойлайды?» арқылы ауызша орындаймыз.
А)9*9 9см*9 81:9 81см:9 10см*9
90*9 90см*9 810:9 810см:9 100см*9
ә) Тақтамен жұмыс.
63:9*7 =49 48:8*9 =54 54:6*9=1
90-9*9 =9 32:4*9 =72 72:8*9=1
36:9*8 =32 86+27:9=89 62-72:9 =54
№4 тапсырма. «Математикалық диктант»
82:9=9(қ.1) 71:9=7(қ.8)
80:9=9(қ.8) 75:9=8(қ:2)
74:9=8(қ.2) 48:9=5(қ.3)
70:9=7(қ.7) 42:9=4(қ.6)
№5 тапсырма үйге.
80-ге дейінгі сандардың ішінен 8-ге бөлінетіндерін теріп жаз. Сол сандардың ең кішісін және ең үлкенін ата.
Сергіту сәті:
Сандарға байланысты мақал-мәтел білеміз бе?
№6 тапсырма
Өз бетінше орындауға арналған тапсырма. (парақшаларға орындап апайларға тексерту.)
(40+40):10 100:( 18+32) (75-70)*50
(90-90)*100 100:(45-40) (80+120):50
№7 тапсырма «Әлемнің жеті кереметі»
Осы тапсырманы дұрыс орындасақ әлемдегі жеті кереметке не жататынын білетін боламыз.
Есептердің шешуін және жауабын жаз.
А)Кітапта 63 бет бар. Әлібек күніне 9 беттен оқиды. Ол кітапты неше күнде оқиды?
Ә)Түйеқұс жұмыртқасының массасы 2кг. Түйеқұстың 9 жұмыртқасының массасы неше кг болады?
Б)Бір собықта 6 дән бар. 9 собықта неше дән бар?
В)Құстардың 5 тобының әрқайсысында 9 торғайдан бар. Барлығы неше торғай?
Г)Сары шымшық 9 жыл тіршілік етеді. Ал қырғауыл одан 3 есе артық тіршілік етеді. Қырғауыл неше жыл тіршілік етеді?
Сабақты қорыту:
“Кубизм”әдісі арқылы өткен көбейту кестесін қайталау.
Үйге тапсырма №5 9- ға көбейту кестесі.
Бағалау