Шы?арма Мені? анам (6 сынып)


Менің анам
Ана – дүниедегі ең құдіретті де, асыл сөз. Әр адамның өз анасы бар. Әрбір адам баласы анасын жақсы көреді. Әйел заты үшін кішкентай ғана перзентінің «Ана», «Анашым» деген сөзін есту үлкен бақыт. Ал, перзенті оны «Анашым» деген кезде оның мөлдіреген көздерінен тамшы-тамшы жас ағады, одан бақытты адам жоқтай сезінеді. Осындай дүниеде, бақытқа бөленеді. Менің анам бұл дүниедегі ең жақсы ана деп айта аламын. Себебі: кім анасын жақсы көрмейді. Мына өмірге келген барлық адам, өз анасын құрмет тұтып, оны өмір бойы басына көтеріп жүруге де разы.
Халық арасында мынадай сөз бар «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген. Мен үшін Ана деген сөз өте құдіретті сөз. Ана тіршілік иесінің бастауы. Ана алдында біз әлі баламыз. Менің анам дүниедегі теңдесі жоқ жан. Анам әрдайым қамқоршым, кішкентай ғана бізді өз панасына алып қорғаштап әлек. Ал, біз ше, анамызға не бере аламыз? Ешнәрсе. Анаңның саған берген махаббатын дәл анаңдай ешкім бере алмайды. Тіпті құс екеш құс та,өз баласын қорғаштаумен әлек. Сен ауырсаң, анаңның жүрегі ауырады. Сенің қуанышың ананың қуанышы. Міне, осыны білген адамдар анасын құрмет тұтады. Мен анаммен әрдайым мақтанамын.
Менің анам мен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, мені жұбатқан. Анамды өмір бойы қуантып жүргім келеді. Сабағымды жақсы оқып,анашым үшін қолымнан келгенін бәрін істеймін.Тек менің анам әрқашан күліп жүрсе болды. О, адамдар ананың қадірін біліңдер дегім келеді. Аналарымызды құрметтеп жүрейік!
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Қоссейіт ауылы
«Сырдария» жалпы орта мектебі
6 «Ә» сынып оқушысы
Махмутова Мунисабану