Мені? анам алтын! 1 сынып


Астана қаласы№ 32 мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Ахметжанова Меруерт Мухтархановна
-23241011049000

ТАҚЫРЫБЫ: «МЕНІҢ АНАМ АЛТЫН»
Мұғалім сөзі:
Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бүгін асылжандар және қызғалдақ қыздарымыздың мейрамы. Қыздарымызды қошеметтеп ортаға шақырайық. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Адамға айтар негізі
Бүгінгі «Менің анам алтын!» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән «Менің анам алтын»
Слайд МАҚАЛдардың жалғасын табу керек аналармен ойын
ТАҚПАҚ
Мұғалім:
-Ана деген кім?
- Ойын «БИНГО» кім жұмбақтың шешімін табады сол күн сәулелерін іледі.
Көктемде күн жылынып, ауа райы құлпырып, табиғат ерекше күйге енеді. Құстар сайрап, гүлдер жайқалып өседі.
2. Би: «Гүлдер»
3. Ән «Құттықтаймын анашым»
ТАҚПАҚ
4. Ән: «Анашым қартаймашы»
ҚАРА СӨЗ оқу 6 оқушы. АНАЛАР деген сөз шығады.
5. Би : «Қолшатыр» биі
ТАҚПАҚ
6. КӨРІНІС «АНА»
7. Ән: «ОТАН»
8. Ән: «Көбелек»
9. Би: «Қамажай»
Ойындар «Ана мен бала»
( балалар шеңбер құрады. Анасы көзін байлап, өз баласын табу керек)
Ойын «Әдемі сөз»
Анасымен баласы бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Анасы баласына жеткенше әдемі, жақсы сөздер айтады.
(Жеңген анаға гүл беру)
Ойын «Орныңды тап» 7 қыз бала
Орындықтар тұрады. Музыка өшкенде бала отыра қалу керек. Кімге орындық жетпесе сол бала ойыннан шығады.
Ата аналар комитетіне сөз кезегін беру.