?азіргі ?аза?станды? суретші-кескіндемешілерді? туындыларымен танысу
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 29. Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша бағаланады.
30. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар: 1) кәсіби және халық музыкасының негізгі жанрларын; 2) дәстүрлі музыканың қазіргі заман мәдениетінде алатын орнын, кәсіби композиторлар шығармашылығындағы халық музыкасының әсерін; 3) танымал Қазақстан композиторларының есімдерін; 4) әлем халықтары эпикалық шығармаларының ең озық үлгілерін; 5) музыкалық аспаптардың классификациясын; 6) түркі халықтары музыкасының айырмашылықтарын; 7) Шығыс музыка мәдениетінің ең үздік жетістектерін; 8) Батыс Еуропа және орыс музыкасының ең танымал композиторларының есімдерін; 9) әлемге танымал ең ірі опера және балет театрлары мен концерттік залдарды білуі тиіс. 31. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар: 1) өмірдегі музыкалық құбылыстарға өз көз-қарасын білдіруді; 2) халық музыкасын бағалауды, халық әндері мен күйлерге жасылған аранжировкаға өз ойын білдіруді; 3) музыкалық жанрлар туралы алған білімдерін пайдалана отырып, классикалық, халық, қазіргі заман шығармаларын талдаған кезде, олардың ерекшеліктерін ажырата білуді; 4) музыканы тыңдауды, талдау жасауды, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс; 5) халық әндерін, қазіргі заман және классик композиторларының әндерің өз мәнерінде орындау; 6) оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. 32. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында оқушылар: 1) бейнелеу өнері, әдебиет және музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын; 2) аспапты, вокалды және сахналық жанрларды, музыка және басқа да өнер түрлері арасындағы өзара үндестікті табуды; 3) қазақ эстрада жанрларын қалыптастырушылар мен жасаушыларды; 4) қазіргі заман музыкалық өнердегі дәстүр мен жаңашылдықты; 33. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында білім алушылар: 1) музыканың басқа да өнер түрлерімен байланысын табуды; 2) әр түрлі бағыттағы музыкалық шығармаларға баға беруді; 3) музыканың адам өмірімен байланысын сезінуді; 4) музыканың адам өміріндегі алатын орнын білуі тиіс; 5) күнделікті естіп жүрген музыканың жақсы жаман аражігін ажыратуды меңгеруі тиіс. 34.Тұлғалық нәтижелер: 1) қазақстандық музыка өнерінің шынайы құндылықтарын ажырата білу; 2) қазіргі қоғамдағы музыка өнерінің маңызы жайында көзқарас қалыптастыру; 3) әлем халықтарының музыкасының сан алуандығын сезіну, басқа халықтардың музыкасымен мәдени байланыстарды таба білу; 4) өнер шығармаларының адамгершілік қасиетін түсіну; 5) музыка өнерінің әр түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасындағы түсіністік құралы екендігін сезіну; 6) музыканы өз жақындары мен достарына деген көзқарасын білдіретін тәсіл ретінде пайдалану; 7) музыкалық шығармаларды талдау барысында өз білімдерін пайдалану арқылы айқындалады. 35. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер: 1) музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажырату; 2) музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасау дағдыларын қалыптастыру; 3) ғылыми-шығармашылық ізденісін қалыптастыру; 4) көркемдік талғамын қалыптастыру, қазіргі музыка мәдениеті жайында өз ойын емін-еркін жеткізе білу; 5) музыка өнері туралы пікір таластыра білу.
Қазақстан Республикасы