Т?уелсіздік-т?у етер жал?ыз кие т?рбие са?аты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кие»
Мақсаты: 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» жайлы білімдерін толықтыру.
Азат елдің болашағы өздері екенін түсініп, елін, жерін сүюге, ата-баба ерліктерін бағалап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: желтоқсан оқиғалары жайлы кітаптар, постер, маркер, бейнежазба, суреттер.
Сабақтың түрі: кездесу, сұхбат сабақ.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру.
2.«Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы» миға шабуыл (желтоқсан оқиғасы жайлы бейнежазба)
3. «Желтоқсан оқиғасының куәгері» Құсайын Дәмет Есенжолқызымен сұхбат.
4. «Халық қаһарманы» көрініс.
5. «Қазақстан кеше және бүгін» («Тәуелсіздік», «Желтоқсан оқиғасы») постермен жұмыс
6. «Елбасына хат» хат жолдау.
7. Қорытынды.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
3536954381502.«Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы» миға шабуыл (желтоқсан оқиғасы жайлы бейнежазба көрсетіледі).
314896583185
Мұғалім:
-Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кие» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес. Жаңа өздеріңіз тамашалаған бейнежазбаға шолу жасасақ:
Мұғалім: Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналып еді?
Оқушылар: Үкімет басына Колбиннің келуіне наразылық білдіру үшін.
Мұғалім: Колбинге неге қарсы шықты?
Оқушылар: Қазақстанда қазақ мектептері мен бала бақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады.
Мұғалім: Колбин қайдан келген?
Оқушылар: Колбин Ресейден келген болатын.
Мұғалім:Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?
Оқушылар: Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз.
Мұғалім: Сонымен біз тәуелсіздігімізді алдық па?
Оқушылар: Иә, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл.
Мұғалім:Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты аға-апаларымыздың еңбегі сіңді.
4109720292103. «Желтоқсан оқиғасының куәгері» Құсайын Дәмет Есенжолқызымен сұхбат.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгін бір сәт осы аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас. Біз осы желтоқсан оқиғасы жайлы, тәуелсіздігіміз жайлы оқулықардан оқып, теледидардан тағы басқа да ақпарат құралдарынан естіп жүрсек те, бүгін осы оқиғаның куәгерінің өзімен сұхбаттаспақшымыз. Осы оқиғаға басқа қалалардан да көптеген жастар қатысқан екен. Сол Желтоқсан оқиғасының куәгері, қаламыздың №2 кітапханасының меңгерушісі Құсайын Дәмет Есенжолқызы бізге сұхбаттасуға қонаққа келіп отыр. Олай болса, оқиға жайлы апайларыңызға арналған сұрақтарыңызды қойып отырыңыздар.
Оқушылар:
Гүлназ: Құрметті, Дәмет апай, «Желтоқсан оқиғасы» қалай басталды? Оқиға болған кезде сізді алаңға баруға қандай жағдай итермеледі?
383476546932857620583565Дәмет Есенжолқызы: Биыл, міне, тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл, «Желтоқсан оқиғасына» 30 жыл толып отыр. Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Өйткені, осы тәуелсіздікті біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тәуелсіз жеке мемлекет, ел болсақ деп аңсады. Желтоқсан оқиғасында аға –апаларың біздің қазақ елінің өзіндік ана тілін қалыптастыру үшін, тілін, дінін қорғау үшін сол алаңға шықты. Ол кезде он тоғыз жаста едім. Алматы қаласында қазақ қыздар педагогикалық институтында екінші курс студенті болатынмын. 1986 жылдың 16 желтоқсаны күні сабақта отырғанымызда терезеден жастардың Брежнев алаңына бейбіт шеруге шығып бара жатқанын көрдік. Жастардың қолында «Қазақстан – қазақтардікі!», «Дербестікті талап етеміз!», «Ресейге қайт!», «Долой, Колбина!» деп жазылған транспаранттар, яғни плакаттары болды. Біз де сабақтан шыққаннан кейін бейбіт шерумен бірге өз ойымызды айтуға алаңға қарай жүрдік. Мен ғана емес, сол Алматы қаласында оқитын көптеген студенттер, жұмысшылар да шықты. Ол кезде дәл сондай оқиғаның болатынын біз ойлаған да жоқпыз. Ол кездегі жастардың алаңға жиналуы бейбіт шеру болатын. Ондағы мақсат, қазақ елін өз елімізден шыққан, ел қамын ойлайтын басшының сайлануы болатын. Д.Қонаевтың басшылықтан кетіп, орнына Г.В.Колбинның сайланғанына қазақ жастары шыдамай бейбіт шеруде оның биліктен кетуін талап еткен болатын. «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын!», «Тәуелсіздік керек!»,-деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, бейбіт шеруге шығып, көкейдегісін билікке ашық айтқаны үшін жастарды аяусыздықпен шаштан сүйрелеп, тепкілеп, темір таяқтармен ұрып, қақаған аязда үстеріне мұздай су шашып, итке талатып, улы газдар сеуіп қинап, көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылып қудаланды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп қыршыннан қиылды. Осы оқиғадан кейін де қаншама тергеуге алынғандар өте көп болды.
Серікболсын: Дәмет апай, Желтоқсан оқиғасына осы Арқалық қаласынан сізден басқа тағы да қатысушылар болды ма, олар кімдер?
Дәмет Есенжолқызы: Ия, балалар, басқа қалалардан да қатысушылар өте көп болды. Осы Арқалық қаласынан да бірнеше кісілер қатысты. Олар: Бейімбет Майлин атындағы №3 орта мектеп директоры Нұрлан Мұқатаев, мен жұмыс жасап отырған кітапхананың өнер бөлімінің қызметкері Алия Қарсақбайқызы, Сүлекеева Айгүл апаларың сияқты тағы басқа да қатысушылар болды.
Асет: Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апаларымыз сол кездегі оқиғаларды еске алғысы келмейді, неліктен деп ойлайсыз?
Дәмет Есенжолқызы: Ол кезде қаншама жастар қатысты. Көбісін жазалап, ұрып-соқты. Сол кезде біз оқиғаға қатысқанымызды еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін біз ешкімге айтқан жоқпыз. Өйткені, Желтоқсан оқиғасына қатысқан 8500-дей адам ұсталып, 99-ы түрлі мерзімге сотталды. 300-ден аса студенттерді оқудан шығарды, 300-ден аса адам жұмыстан босатылды. Міне сондықтан, сол оқиғаға қатысқан жастардың көбісі бертінге дейін, менің өзім де қатысқаным туралы біразға дейін ешкімге айтқан жоқпын. Себебі, жастарды «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар», «Маскүнемдер»-деп айыптап, жазалады.
Жарас: Дәмет апай, сізді осы оқиғаға қатысушы ретінде кейіннен билік органдарынан қудалау болған жоқ па?
Дәмет Есенжолқызы: Сол кездері Желтоқсан оқиғасы біткеннен кейін әр бір оқу орындарына барып, сол оқиға кезінде көптеген суретке түсіп қалған жастарды тексере бастады. Кей кездері суреттегі адамдарды білсек те танымаймыз дедік. Өйткені ол кезде қудалай өте көп болды. Бірақ біздің қатысқанымызды оқу орнындағы мұғалімдеріміз де, араласатын адамдарымыз да біле тұрса да қатысқан жоқ деп жасырып, бізді жазалаудан арашалап қалды.
Мұғалім:Құрметті, Дәмет апай, біз сіз сияқты аға-апаларымыздың бар екеніне қуанамыз. Осы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында мерекелік тілегіңізді айтсаңыз.
Дәмет Есенжолқызы: Міне қазір сендер ата-бабаларымыз аңсап кеткен, ғасырлар бойы қолы жетпеген тәуелсіз елде өмір сүріп жатырсыңдар. Осындай қиыншылықпен келген тәуелсіздігімізді құрметтей білейік. Ол үшін сендер сабақтарыңды жақсы оқып, ел болашағына өз үлестеріңді қоса біліңдер.
Мұғалім: Сізге көп рахмет. Отбасыңызға бақыт, жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілейміз.
4. «Халық қаһарманы» көрініс.
Тергеуші: Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат: Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші: Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
2385060165735Қайрат: Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші: Ақымақ, сен
оны өлтірген!
Әкетіңдер, атыңдар,
көзін құртыңдар.
432689074930Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мүғалім: Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков осылайша қыршыннан қиылған еді.
Ән: «Желтоқсан желі». Орындайтын: Балғабек Айдана.
5. «Қазақстан кеше және бүгін» («Тәуелсіздік», «Желтоқсан оқиғасы») постермен жұмыс
Мұғалім:
-Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік. Бүгінгі сабағымыздан білген-түйген ойларыңызды постерге салып шығыңыздар (постермен жұмыс).
32010356731015621067310
-5626100204470-2583815119380
6. «Елбасына хат» хат жолдау.
Мұғалім:
- Балалар, тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай, Елбасына деген ыстық ықыластарыңызды хат арқылы жолдап, сабағымызды қорытындылайық. (Оқушылардың тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай Елбасына арнап жазған хаты оқылады)
Құрметті, Нұрсұлтан ата!
Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Еліміздің тәуелсіздігін алу жолында елге сіңірген еңбегіңізді ата-аналарымыз, апайларымыз бізге үлгі етіп айтып отырады. Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы» болғымыз келеді. Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүниежүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата!
«Бала-болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз. Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылы құтты болсын»!
Жанкелді Әліби 5 «А» сынып оқушысы
48425101574803304540965203619585725
-8318567945
7.Қорытынды.
Мұғалім:
-Міне, балалар, Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз, Гимніміз бар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздігінің 25 жылдығы елеулі де мерейлі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын Отаншыл ұрпақ болып өсе беріңдер. Еліміздің көк Туы көк аспанда қалықтай берсін!
«Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ
866140216535
Тақырыбы:
«Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кие»
Өткізген: Кошанова Гулнур Бейсенбековна
Сынып: 5 «А»
Арқалық қаласы, 2016жыл