Т?рбие са?аты: Ма??ыстау ту?ан мекенім! /11 сынып/
Сабақтың тақырыбы : Маңғыстау туған мекенім!!!
Сабақтың мақсаты : Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа тек пайдалы
қазбаларға ғана емес , сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген қазақтардың тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, кітаптар көрмесі , слайд (презинтация)
Сабақтың барысы :
Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер !Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер !Ғашықтар бірін-бірі өпкен жер!
Сарылып сал-серілер кеткен жер!
Бас иіп, иіскеп топырағына
Тағзым етпей өтпеңдер
Маңғыстау . . . Бұл атауды естігенде соңғы кездері көп адамдардың санасында ашылып , игеріліп жатқан мұнай мен газ кен орындары ғана тұрады . Ал, осынау ежелгі мекен тек пайдалы қазбаларға ғана емес , сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген Кіші жүз қазақтарының тарихына да бай.
Біз бүгінгі «Маңғыстау туған мекенім!!!» атты тәрбие сағатымызда , өлкенің еркін дала аптап жартылай шөлдің , ежелгі таулар мен ойпаттарды , сорлар мен әсем борлы жартастардың өлкесі екендігін , тарихи ескерткіштер мен аңыздарға бай өлке екендігін айтып өтеміз.
Сандуғаш: «Пірі- Бекет, жырым-зекет» Сабыр Адай
Қайран елдің қабағында мұңы бар,
Перзент керек жан жарасын жазатын.
Ей, қарағым бұл сөзімді ұғып ал :Онсыз енді, күнің- тозақ, аза-түн.
Ай тербеген аспан еді-бесігім,
«Іңгәлаған» ұлтым қайда, ұланым!
Құлағымнан кетпей қойды есіл үн,
«Бұрынғыдан сәл өзгерек бұл әнім»
Жылап айсам , көз жасыма тұншығып ,-
Өртер ме екен өзегіңді жалыным?
Қауыз жарды өлең атты-бүр шыбық,
Самал желмен , сар даланың зарымын.
Пірім-Бекет, жырым-Зекет тараттым,
Жүрегіңде , орын бар ма , мөлдірім?
Жыр-астарын, жатыр дейсің , қарап кім ?
Бекіреден жұлдыз шашып , өлді күн.
Бекет қолдап , Әулиелер дем бермей ,
Біздің ұрпақ қайран қылып жарытпас .Жерден- Мәді, көктен – Айса келгендей ,-
Сордан құтқар ?!..Сорлы елді алып қаш!
Жаным Бекет , не айтайын , Пір Бабам!
Қолтығымнан өзің деме , намыс бер !
Ұлы көште Ұлт бақытын ұрлаған,
Сол қарақшы , қалтаманшыл «Таныс Төр!..»
Жасберен:
Бекет атаның мешіттерінің саны төртеу. Біріншісі-Оғаландыда, екіншісі – Ескі Бейнеуде, үшіншісі-Жем өзені бойнда Ақмешітте , төртіншісі- Арал теізіні жағасындағы Баялыда .
Бекет Мырзағұлұлы – Маңғыстау , Үстірт , Атырауды мекендеген адай тегінен шыққан . Туған жері қазіргі Атырау обылысының Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылы , Жас кезінде қолына қару алып , көршілес қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасып , халқының егемендігін қорғаған Бекет батырлығын танытып , ел аузында «Ер Бекет» атанады.
Бекет Ата Қарақия ауданы , Оғланды жеріндегі жерасты мешітінде жерленген.
Көрніс : «Бекет ата»
Мусабек:
ОТПАН ТАУ- тарихи – мәдени кешен , кесене . 2007 жылы 25-қазанда ашылды. Кешен Сабыр Адайдың бастамасымен 2004 жылы қолға алынған . Әулиелі кешен жобасына байқау жарияланып , оған бірнеше үміткерлер қатысты ; сарапшылар ұйғарымымен К. Демесіновтың жобасы бойынша Отпантаудың басына салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп , ол алтынмен апталады. Үш құпытастың ортасындағысының қас беті алтын әріппен «АДАЙ АТА » деп жазылады.
Еламан:
«Отпан» Сабыр АдаевҚадіріңді Хақ білер,
Халалдан болған Ақ білер ,Ақ білмесе , жат білер.
Қаратауда-
Қалың Ел
Ұрандап алау жақты дер.
«Адай» деген бір сөзгеАлтынан күмбез салдырып,
Арулап белгі қалдырып,
Аспанға моншақ тақты дер.
Бала тілек- бал қылық ,Баба тірек – арлы үміт.
Көк төрінен нұр ұрттап,
Көкбөрісін ұлықтап,
Қыранш қанат қақты дер,
Батасы бірге Алашты,
Атасы бірге АлшындыОтпан таудың басында ,Адайдың ұлы асында,
Ордалы жұрт күтті дер.
Ақмарал:
«Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әнін орындайды.
Айдос :
«Маңғыстау» Сайын Назарбекұлы
Көз суарар ну да жоқ есің кетіп ,Мәуеде жоқ талмайтын несіп етіп .
Ғажап …қалай таңдаған әулиелер-
Маңғыстауды мәңгілік бесік етіп ?…
Болды ма екен нәрлілеу дәмі бөлек?
Әлде аққулар арманды әнін елеп?-
Риза ма қу шөлді қорғады деп,
Батыр елді жатыр ма желеп-жебеп?…
Тапшы жусан күймеген көні бір түп,
Жаның жар , Маңғыстау , тәнің тыртық .
Сан ғасырлар ет жыртып , тер төккенмен,
Аруыңның иіні әлі жыртық .
Смағұл:
Маңғыстау өлкесі өткен ғасырларды әртүрлі құрамды болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық- әкімшілік бөліктрге бөлінген.
Бұл күндері Маңғыстау облысы әкімшілік жағынан екі қалалық мәслихатқа және төрт әкімшілік ауданға бөлінеді: