Т?рбие са?аты мені? ата мекенім ?аза?стан


Тақырыбы: «Менің ата мекенім – Қазақстан»Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер, суреттерТәрбиеші: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты  Жарқырайды күніміз, Жарқырайды  даламыз  Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, «Менің ата мекенім – Қазақстан» атты тәрбие  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз.Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.Тәрбиеші:-Балалар  ,сендер қандай ән орындадыңдар?Балалар:-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін. -Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр. - мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.- Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?Балалар:-- Астана қаласы- Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,Астанамыз Астана –бас қаламыз.
Жәния
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрасың жап –жасыл боп
Мен үлкен болғанда да.Тәрбиеші:-- балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.
Хор:
Көк аспандай көкпеңбеқ
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы
Қасиетті алтын күн
Жалауы бұл халқымның
Мәртебесі қуатты
Ақ ниетті алтын күн
Бұлт баспасын көңілді
Тарылмасын өрісің
Биік ұста туыңды
Қасиетті борышың
Тәрбиеші:--Балалар біздің тұңғыш Президентіміз кім?
Балалар:--Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз.
Тәрбиеші:-Ия дұрыс айтасыңдар балалар Елбасымыз елімен бірге аман болсын. Біз барша бөбектер  Елбасымызға сәбилік жүректен  ақ тілегімізді арнайық!
Еркенұр: Қазақстан елі - ең кең ел!
Басшысы жайсаң , кемелді ер!
Зейіні зерек өзі алғыр,
Нұр атасы кемеңгер
Мұрат:Қазақтың туын ұстаған
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұр ата аян ғаламға
Беделі биік күшті адам !
Гүлден:Бір басында кемеңгерлік даналық
Елін сүйген елі үшін жаралып,
Нұр атадай болса болсын әр алып 
Махамбет: Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық! 
Иманғали:
Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз  -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?Отан деген менің үйім,туған жерім. Менің жүрегім Отан деп соғады.
Айгерім:
Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы
Тегі әке баланың
Қазақстан жалауы.
Інжу:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды
Тәрбиеші:
Өнерлі гой балалар,
Көңілдері пәк, жайсаң
Би де билеп береді
Егер біздер қаласақ
Би Інжудің орындауында
Хор: «Балақан»
Би: Қыздардың орындауында.
Тәрбиеші:- Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.Құрметті ұстаздар! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.