?арыш туралы т?сінік. Адамны? ?арышты зерттеуі Д?ниетану п?ні /4 сынып/


Тақырыбы: Ғарыш туралы түсінік. Адамның ғарышты зерттеуі.
Мақсаты:
Білілімділік: Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру.
Дамытушылық :Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту
Тәрбиелік :Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Саяхат сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару .
Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тақтада 15 сурет артқы бетінде сұрақтар жазылған, әр оқушы жауап беріп, суретті оң қаратып іліп шығады. Барлық оқушылар айтып болған соң, мұғалім:
Балалар осының бәрі туған өлке өсімдіктерімен жануарлары екен! Осы табиғатты қорғау сендердің қолдарыңда- дейді .
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Сендер күделікті өмірде қолданып жүрген күн тәртібін айта аласың ба?
3-4 оқушыға күн тіртібін айтқызамын. Міне балалар, демек біз таңертең тұрамыз аспанға қараймыз , күнді көреміз, күн батқанда аспаннан ай шығады, сосын жұздыздар. Дұрыс енді менің қолымда аспан, күн, ай, жұлдыздар деген сөздер бар соларды ретімен орналастырып қойып шықсақ бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын оқи аласыңдар!
Жаңа тарау Жер-ғарыштық дене.
Ғарыш туралы түсінік. Адамның ғарышты зерттеуі
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
Балалар біз бүгінгі сабақта тақырыпқа сай, ғарышқа ұшып саяхатқа шығамыз. Ракетамыз қонған әрбір ғаламшарда берілген тапсырмаларды орындау арқылы келесі ғаламшарға ұшып қонып отырамыз. Берілген тапсырмаларды орындап, кездескен кедергілерді жеңе білейік! Іске сәт!
НЕПТУН 1.Суреттер сөйлейді .
Лайка –Стрелка, Н.Терешкова. Ю. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев. Ракета. Костмонавтың суреттері бойынша түсіндіремін.
Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол—Ю.А. Гагарин.
Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.
Уран 2. Сен білесің бе?
Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері ғаламшарлар ( планеталар) айналып жүреді.
(планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)
Ғаламшарлар —өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..
Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында.Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий,Шолпан,Жер,Марс)ішіндегі ең үлкені.
Жер-шар тәрізді екенін бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары .Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді.
Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды.Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған.Барлық Жердің шар тәрізді екенін дәлелдейтін мысалдарды айтып,түсінік беру.
Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады.
Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп алынады.
Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады.Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады.
САТУРН 3. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Мұғалім бастап мәнерлеп оқиды, оқушылар тізбектей оқып жалғастырады.
ЮПИТЕР 4. Дәптермен жұмыс.
Күн , Ай, Жер –ғарыштық денелер. Ендігі кезекте Ай жердің серігі болғандықтан Жер мен Күнді Венн диаграммасы бойынша салыстырып ортақ қасиетін табамыз,- деп дәптерге орындатамын. 1-2 оқушы тақтадағы Венн диаграммасын толтырып жазып айтады.
Марс 5 . Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бір отырып , бір тұрып,
Орнымызға қонамыз.
Жер 6. Сұраққа-жауап.
Жер басқа ғаламшарлардан несімен ерекшеленеді?
Оқушылар өз ойларын айтып шығады. Сосын жер сөзіне топтастыру жазады.

Шолпан 7. Кім шапшаң?
Жұмбақ жасырылады , шешуін оқушылар табады. Жұмбақтың жауабы аспан денелері, жұлдыз, ай, күн, жер туралы.
МЕРКУРИЙ 8. Жұлдыздар жарқырайды!
Бірнеше жұздызша болады. Артқы бетінде сұрақтар берілген, соларға жауап береді.
Жұлдыз деген не ?
Ғаламшармен жұлдыздың қандай айырмашылығы бар?
Күн жүйесіне нелер кіреді?
Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата.
Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?
Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы не білесің?
-Мінекей, балалар, біз күн жүйесінің құрамын толық зерттеп шықтық. Сендер қалай ойлайсыңдар ,неліктен, біз күнге қонып зерттемедік? Себебі күннің қызуы біздің ракетамызды жарып жіберуі әбден мүмкін болғандықтан 8 ғаламшарға ғана саяхатқа шықтық.

VІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі:
68-69беттерді оқу, мазмұнын айту. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.
VІІІ.Бағалау. 5-тік баға алған оқушылар күндей жарқырап жүрсін деп күнмен, 4-тік баға алған оқушылар жұлдыздай жайнап жүрсін деп, жұлдызшамен бағаланады.