?арыш?а ?шу. ?арышты игеру (саба?тасты?, а?паратты? саба?) 4 сынып
Сабақтың тақырыбы. Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру.
Сабақтың мақсаты:
1. Ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру2. Тұңғыш ғарышкер, қазақ ғарышкерлерімен таныстыру, оқушы бойындағы қызығушылықты арттыру3. Оқушылардың ғарыштық әлемге қызығушылығын оятуСабақтың нәтижесі: станса, ғарышкер туралы біледі, адам өміріндегі қажеттілігін дәлелдейді.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары: 4-сынып оқулық, физикалық карта, Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев портреттері, интербелсенді тақта, жұмыс парағы, бағалау парағы, маркер, стикер, «Пазл»
Сабақ әдіс – тәсілі: «Пазл» жинау, ЖИГСО, диктант, эссе жазу, ұсыныс
Жұмыстың формасы: жеке дара, жұппен, топпен.
Сабақ барысы:
ТапсырмаларМодуль
Уақыт
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Ұшақтар ұшыру
СТОҮ,ОБжК,
2
Ғаламшар туралы сұрақтарыңызды бір топ екінші топқа ұшақтар арқылы ұшырады.
Ұшақтарға сұрақтар жазып, бір топ екінші топқа ұшырады
Мәтінді оқу
ОмОЖ,
ТСТОү, топтық әңгіме
15
«Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру» мәтінінің үзінділерін жұпта, топта, топарасында бір-біріне түсіндіруге ұсынылады.
Оқушылар жұпта, топта, топарасында талқылап бір-біріне түсіндіреді.
Постерге түсіру
СТОү,
диалгтік оқыту («Бас бармақ» – өзара бағалау)
5
- «Ғарышты игеру» туралы не білдік постерге түсіріңіздер
Оқушылар мәтіннен алған мәліметтерді постер арқылы көрсетіп, қорғайды
Хронологиялық кесте құрастыр
СТОү,ОБжК,
диалогтік оқыту
(стикер арқылы бағалау)
5
Алғаш ғарышқа ұшқан кім?
Алғаш қазақ ғарышкері кім? Қашан ұшты?
Талған Мұсабаев туралы не білесің?
Сұрақтарға жауап беру арқылы хронологиялық кесте жасайды.
Кесте толтыруАКТ,СТОү, ЖЕСО,
диалогтік оқыту
(стикер –топтық бағалау)
10
Ай
Марс
Меркурий
Ғалымдардың зерттеуі бойынша сипаттап кестеге жазыңдар
Ғалымдардың зерттеуі бойынша сипаттап кестеге жазадыОй толғау
СТОҮ, ТжДОО(«Күн, бұлт, жауын» суреттері арқылы өз- өзін бағалау)
6
Егер Сен стансада болсаң нені зерттер едің? (ауызша жауап)
Егер Мен стансада болсам нені зерттер едім? (ауызша жауап)
Эссе
СТОҮ, ТжДОО(Өзара,топтық бағалау)
2
«Менің қиялымдағы ғаламшар» тақырыбында эссе жазыңдар
«Менің қиялымдағы ғаламшар» тақырыбында әр оқушы өз ойын жазады