Санды 1-ге к?бейту. санды 0-ге к?бейту. 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Санды 1-ге көбейту. Санды 0-ге көбейту Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға 1-ді және 0-ді сандарға көбейту жағдайларын үйрету. Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі туралы білімдерін бекіту. 2) Дамытушылық: Сабаққа қызығушылығын, зейінің, байқампаздығын,ойлау қабілеттерін дамыту. 3)Тәрбиелік: Бірлікке, шапшандыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, беттерге жазылған өрнектер, үлгі, геометриялық фигуралар т.б.Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу, түгелдеу.
2. Назарларын өзіме аударамын.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын!
Сәрсенбінің сәтіндей
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Топқа бөлу: І топ – «Көбейтінді», ІІ топ – «Бөлінді», ІІІ топ –« Амалдар»
Бүгінгі біздің сабағымыз ойын сабағы болмақ.ІІ.Үй тапсырмасы: Кел, ойнайық! «Жауқазын» гүлін теру.
Кестеге жауаптарды кему ретімен жаз.Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз. Сөзді оқы.- Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем айларын ата.
Көктемгі табиғат жөнінде не айтуға болады?
Көктемгі еңбек түрлерін ата.
Көктемде қандай мерекелер болады?
Көктемде қандай ойындар ойнайсыңдар?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.Біз қандай математикалық ережелерді білеміз? (Жақшалы өрнек, жақшасыз өрнек)Бөлудін компоненттерін айтайықшы? Азайтудын компоненттерін айтамыз? ІІІ.Жаңа сабақ
Қосуды көбейтумен алмастырыңдар, қорытынды жасайық.
1+1=2 2*1=2
1+1+1+1=4 4*1=4 1+1+1+1+1+1+1+1+1+1=10 10*1=10
Қорытынды: Санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады. 0+0=0 2*0=0
Оқулықпен жұмыс
№1,2 есептер бойынша жаңа сабақ түсіндіріліп қорытынды жасалады.Балалар қосуды көбейтумен алмастырып, қорытынды жасайды. №1
3*1=3 100*1=100 5*1=5 999*1=999 10*1=10
Есіңе сақта! Қорытынды: Кез-келгкен санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады. 0+0+0=0 3*0=0
№2
3*0=0 100*0=0 5*0=0 999*0=0 10*0=00+0+0+0+0=0 5*0=0 Есіңе сақта! Қорытынды: Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады. Оқулықпен жұмыс: №2 Оқы.Теңдіктерді салыстыр.Қорытынды жаса. (диофилім лентасы ілінеді) №3 Ауызша «Құра, бұра» ойыны, Зымыран құрастыру(ауызша). Сыныптағы оқушылардың барлығы қатысады.Кезек-кезек жауабын айтады.
Ітоп ІІ топ ІІІ топ
8*1=8 9*1=9 12*1=12 30*1=30 27*1=27 394*1=394 10*0=0 7*0=0 25*0=0 40*0=0 38*0=0 875*0=0 №4 «Құстарға қамқорлық» ойыны. Тақтада баған-бағанмен есеп шығарады.
Ітоп ІІтоп ІІІ топ(37-13)*0=0 (93-70)*0=0 33*0+9=9 5*0+6*1=6 (78+44)*1=122 20*(30-29)=20 44*1-0=44 9*1-7*0=9 №5 «Балапанға көмектес» ойыны. Қай топ жылдам? Тақтада орындалады.Автобус пен жеңіл көліктерінің суреттері ілінеді. Автобекетте 10 автобус және 10 жеңіл машина тұрған еді, олардың 15-і жол жүріп кетті.Автобекетте неше көлік қалды? Автобус-10м Жеңіл машина-10м Жүріп кетті-15м Қалды-?м Ш: (10+10)-15=5м Ж: 5 машина №6 «Көшет отырғызу» ойыны62-(15+29) = 87-(18+60) = 91-(50+34) = -Балалар енді тақтаға дұрыс жауабын ілемін сендер тексеріп көріндер. №7 «Футбол» ойыны, қақпаға доп сал.Қаб.ұз. -13 дм, 17 дм 24 дм, 16 дм. Р - ?дмШ.Р=13+24+16+17=70 (дм)Ж:70 дециметр.ІV.Қорытынды: «5 сұрақ» ойыны. Кез-келгкен санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
І топ
1.Бұл не? 6х1-- 2.Қандай амал? 3.Қай амалға кері? 4.Не белгісіз? 5.Тұжырым
ІІ топ
1.Бұл не? 82х1-- 2.Қандай амал? 3.Қай амалға кері? 4.Не белгісіз? 5.Тұжырым ІІІ топ
1.Бұл не? 14х0-- 2.Қандай амал? 3.Қай амалға кері? 4.Не белгісіз? 5.Тұжырым Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады. VІ.Бағалау: Кімде қанша гүл? Үйге тапсырма: №6 216 бет 2бағаны.