Та?ырыбы: С?йіспеншілік — ?мір н?рі (11 класс)


Ақтөбе облысы, ойыл ауданы, Амангелді орта мектебінің өзін өзі тану пәнінің мүғалімі: Жұбатқанова Гүлайым Қуанышқызы
Мектеп:  Амангелді орта мектебі
Мерзiмі: 25.11.2016 ж
Мұғалiмі: Жұбатқанова Гүлайым
Класы: 11 Оқушылар саны: 15
Тақырыбы:  Сүйіспеншілік - өмір нәрі
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттері:  мейірімділік, ізгілік, адалдық
Сабақ мақсаты: сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
«сүйіспеншілік» ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
ә) сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту;
б) оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу;
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т»
Топқа бөлу. «Мейірімділік», «адалдық», «ізгілік»
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.. Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзімізді ашамыз.
Үй тапсырмасын тексеру. Шаян (өсиет әңгіме)
Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға ты де, тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта –қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сондағы жаңағы кісі: «шағу» шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса, «сүю» бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», - дейді.
«Табиғатымда бар» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
«Менің табиғатымда болса, сүю бар» - дегенді қалай ұғасыңдар?
Өз бойыңда қай құндылық басымдырақ?
Сабақ барысын талдау:

     Сүйіспеншілік – жүрекпен беріледі.
Ш. Құдайбердіұлы.
Сүйіспеншілік неліктен жүрекпен беріледі?
 

Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

Оқушылар, қане, сыни ойлап көрейікші, мына интербелсенді тақтадағы көріп отырған суреттеріңіз белгілі мөлшерде жарық шығаратынын бәріміз білеміз. Бірақ бұл заттардан шыққан сәулелердің сүйіспеншілік ұғымына қандай байланысы болуы мүмкін?...



Өзара сүйіспеншілік Өзімшіл сүйіспеншілік Риясыз сүйіспеншілік
(сенде болса ғана жақсы көреді) (айналасына ғана жарық береді) (қайтарымын
сұрамайды)
Қазақтың көрнекті жазушысы
С.Сейфуллиннің мына
бір өлең жолдары соны дәлелдегендей.
Шырқ айналар шіркін тауық
Жемің болса қолыңда,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама,
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама.
Нағыз достар – бір-ақ қалып,
Шындап берік сүйіскен,
Бір-біріне сыр ақтарып
Сыр түйінін түйіскен
«Батырдың көз жасы» филімінен үзінді.
Батырдың елге деген сағынышы қандай?
Еліне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді?
Өз бойымыздағы құнды қасиеттеріміздің орны қандай?
 
Шығармашылық  жұмыс. Топтық жұмыс.
«Суреттер сөйлейді». (Әр топ берілген суреттер бойынша мәтін құрастырып суреттерді сөйлетіп, өз ойларын білдіреді. Жұмыстарын қорғайды).
 
Топпен ән айту.
«Ізгілік әлемінде».
Сөзі мен әні: У.Каирова.
Рухы таза көңілім,
Махаббаттан жаралған..
Жарқын, бейбіт өмірім,
Ізгіліктен нәр алған.
Бауырмалдық сезімім,
Қамқорлықтан нәр алған.
Сәби бала сәттерім,
Мейірімнен жаралған. 2 рет
Өшпес нұрдың сәулесі,
Жойылмасын бойымнан.
Тануменен өзімді,
Мақсаттарым қойылған
Мейірімді жүрегім,
Арманыма жетсе екен.
Туған жердің алдында,
Парызымды өтсе екен. 2-рет
Рухы таза көңілім,
Махаббаттан жаралған..
Жарқын, бейбіт өмірім,
Ізгіліктен нәр алған.
Бауырмалдық сезімім,
Қамқорлықтан нәр алған.
Сәби бала сәттерім,
Мейірімнен жаралған.
 
Үйге тапсырма.
«Сүйіспеншілікке толы өмірім» эссе жазу.
 Сабақтың қорытынды минуты:
Бүгінгі сабақтан алған жақсы сөздерді, шынайы қасиеттерді жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!