Саба? жоспары Онды? б?лшектерді к?бейту
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: Ондық бөлшектерді көбейту ережесін әртүрлі есептеулерді шығару кезінде тиімді пайдалана білу және өтілген сабақты оқушы санасына ұғындыру.
ә)дамытушылық: Өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой-өрістерін кеңейтіп пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушы шығармашылығын дамыту.
б) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау. Есептер шығару.
Сабақтың әдісі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Қайталау сұрақтары.
1) Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
2) Ондық бөлшектерді 10,100,1000 сандарына қалай көбейтеміз?
3) Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?
4) Ондық бөлшектерді 0,1 , 0,001 , 0,001 санадарына қалай көбейтеміз?
Сабағымызды жарыс сабақ түрінде өткізетін болғандықтан мақсатымен таныстыру. Оқушыларды үш ауылға бөліп, әр ауылдың билері, палуандары, мергендері сайланады.
Аулымызда Наурыз тойы .(Наурыз тойы туралы түсінік беру) Осы тойға әр ауылдың әкелген шашулары бар шығар.
Үй тапсырмасы тексеріледі № 1070
1) 17,4 • 5,2=90,48: 4) 2,6• 0,24=0,624: 7) 32,5• 0,6=19,5:
2) 5,81• 1,5=8,715: 5) 10,2• 2,02=20,604: 46,2• 0,07=3,234:
3) 1,42• 0,3=0,426: 6) 5,08 •3,03=15,3924:
№ 1071
1) 7,22• 0,08=0,5776: 4) 0,91• 0,2=0,182: 7) 3,52• 0,1=0,352:
2) 0,61• 0,023=0,01403: 5) 0,14 •0,25=0,035: 16,03• 0,6=9,618:
3) 0,25• 1,32=0,33: 6) 0,6• 0,08=0,048: 6) 36,11• 0,5=18,055:
ІІІ. Тақырып бойынша есептер шығару. Оқулықпен жұмыс.
Той басталды. Той – думанның шарттарымен танысу.
1) Палуандар күресі (Қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беру)
2) Теңге ату
3) Аламан бәйге (Бәйге, ат жарыстары туралы түсінік беру)
4) Билер төрелігі (Үш би туралы, төрелер туралы түсінік беру)
1 – ші шарт бойынша тақтаға екі «палуан» шығады.
№ 1076 есептің а) екеуі де орындайды.
Қабырғалары:
а) а= 3,2 cм; в=1,7 см ә) а= 4,28 cм; в=3,5 см
табу керек: S = ? табу керек: S = ?
б) а= 8,1 дм; в=3,23 дм в) а= 7,25 дм; в=2,3 дм
табу керек: S = ? табу керек: S = ?Екі «палуан» орындайды.
а) а= 3,2 cм; в=1,7 см S = ав = 3,2•1,7 = 5,44 см2
Екі палуанның жеңгені отырады, жеңілгенімен келесі палуан шығып екіншісін орындайды.
ә) а= 4,28 cм; в=3,5 см
S = ав = 4,28•3,5 = 14,98 см2
Бұл екеуінің жеңгені мен біріншісі жеңген палуан есептің үшіншісін орындайды.
б) а= 8,1 cм; в=3,23 см
S = ав = 8,1•3,23 = 26,163 см2
2 – ші шарт бойынша теңге ату.
Үш ауылдан бір – бірден оқушы шығады. Тақтадағы теңгелерді таңдап алып, жауаптарын стол үстінен тауып, алып іледі.
3 –ші шарт бойынша «Аламан бәйге» Ережені бекіту мақсатында
Ондық бөлшектерді көбейтуге арналған өлеңді оқимыз.
Үтірлерін ескермей,
Көбейте бер сескенбей Бүтін сан деп есепте,
Бұрын оқып кеткендей.
Үтірден соң қанша сан
Бөлшек орнын санаңыз
Оңнан солға сонша сан,
Аттап үтір қоямыз.
Атыраудан Ақтөбеге дейін алдымен автобуспен – 4,5 сағат, ұшақпен 2,4 сағат, поезбен – 5,6 сағат және жеңіл машинамен 3,4 сағатта жетуге болады. Егер автобус 55,6 км/сағ, ақ 472,4 км/сағ, поезд 74,2 км/сағ және жеңіл машина 60,4 км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, екі қаланың арақашықтығы қанша?
Шығарылуы: S = νt
4,5 •55,6 = 250,2 (км) автобуспен 2,4• 472,4 = 1133,76 (км) ұшақпен
5,6 •74,2 = 415,52 (км) поездбен 3,4• 60,4 = 205,36 (км) жеңіл машинамен 250,2+1133,76+415,52+205,36=2004,84
Жауабы: екі қаланың арасы 2004,84 км
4 – ші шарт. Билер төрелігі.
Әр ауылдың билері кезек – кезек шығып, есепті түсіндіріп шығады.
1) (3,5 + 5,63) • 0,1 = 0,913;
2) (2,3 + 8,35) • 0,2 = 2,13;
3) (6,31 + 2,7) • 0,3 = 2,703;
Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
№ 1086, 1087 есеп