Урок-конспект для 11 класса общ.гум.направления на тему К?пшілік алдында с?йленетін с?зді? ??рылымы
Қазақ тілі, 11-сынып Сабақтың тақырыбы: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы.
Жалпы мақсат: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы туралы білім бере отырып, тілдерін, сөздік қорларын, сыни көзқарастарын дамыту, адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралы біліктерін шыңдау.
Сілтеме: Қазақ тілі(оқулық),қазақ тілін оқыту әдістемесі, интернет материалдары
Күтілетін нәтижесі:
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын білудің маңыздылығын түсінеді, тілдері, сөздік қорлары, сыни көзқарастары дамиды, рефлексия жасайды, адамгершілік қасиеттердің құндылығын сезеді.
Сабақтың типі: Жаттығу – талдау, баяндау.
Оқыту әдістері: АКТ, СТО, Жеке жұмыс, іздену, талдау.
Түйінді идеялар:
Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайд, өлең мәтіні.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдасытру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу)
Психологиялық дайындық: (3 мин)
II.Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап әдісі: (5 минут)
Жұрт алдында дайындалу жолдарының сатыларын атаңыздар;
Психологиялық дайындық дегеніміз не?
Нақты сөзге дайындық дегеніміз не?
Күнделікті сөзге дайындық дегеніміз не?
Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдарын атаңыздар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады,
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ,- деген екен Бұқар жырау.
Үй тапсырмасы бойынша: 179-тапсырма:
Байлық пен мансап туралы;
Денсаулықты сақтау;
Ғаламтор;
Соңғы мода туралы
ІІІ. Жаңа сабақ:
Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы
Кіріспе:
Тәжірибелі шешендер тыңдаушының назарын аудару үшін тартымды сөз оралымдарын қолданады: «Құрметті әріптестер...», «Ханымдар мен мырзалар...», «Танысып қоялық...», «Сіздермен кездесу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын...», т.б.
Кіріспе сөздің міндеті – тыңдаушының назарын сөз мазмұнына бұру, ойына түрткі жасау арқылы негізгі бөлімде айтылар тұжырымдарды қабылдауға дайындау.
IV. Тақтамен жұмыс:
Тапсырмалар:
№1: Мәтінді түсініп оқып жоспар құрыңыздар:
... Уа Жалпақ! Ергенекті ел елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналдың. Мен малымды бердім, сен жаныңды бердің, жаныңды бергенің емей немене, қырық жетіні қырқа матап бүгіп отырған қалыңдығыңды бергенсің! Білетін бе едің? Ол кезде сен жас едің. Қазір сен Жалпақ балуан атандың. Ол кезді қалай ұмытып жүрсің?-дейді.
Жоспар:
Ергенекті елді шабуы
Жалпақтың жас кезі
Қалыңдығынан айырылуы
Бала бидің шындықты айтуы
№2
Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, тақырыптарын атаңыз, сәйкестендіріңіздер.
Туған жердей ел болмас Алтын бесік
Жаманға айтқан ақылың Ормансыз бұлбұл
Аз сөз алтын- Баққанға бітеді
Туған жер Көп сөз-көмір.
Отансыз адам, Туған елдей ел болмас
Мал Далаға атқан оқпен тең.
№3.
Сөйлемдерге синтаксистік талдаулар жасау:
Сен өзіңнің жағымды, жағымсыз қасиеттеріңді тани біл.
Өзіңнің кемшіліктеріңді жеке басыңның туы біткен қасиеттері деп санама, оны жоюға тырыс.
Өз әрекеттерің туралы сыннан қорытынды шығар, бірақ өз басыңды сынауға жол берме.
V. Рефлексия: (3 минут) Сабақта қандай жұмыстар жасадық?
Не құрдық, не білдік, не үйрендік?
VІ. Сабақты бекіту сұрағы:
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы неше бөліктен тұрады?
Жоспардың түрлерін атаңыз.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
VІІ. Үйге тапсырма: 186-тапсырма: Газет-журналдардан өздеріңізге ұнаған шешендік сөздерді жинап, ондағы кіріспе бөлімді ажыратыңыздар. Оларға талдау жасаңыздар. Кіріспенің жетістігі мен кемшілігін дәлелдеңіздер.
Бағалау: Жиынтық (сумативті) баға қою
Оқушының аты-жөні:күні: 06.02.2015