Т?рбие са?аты ?арым-?атынас-ізгілік пен адамгершілік бастауы
Қарым - қатынас – ізгілік пен адамгершілік бастауыТүрі: Тренинг - сабақМақсаты: Адам өміріндегі қарым - қатынастың мәні туралы алғашқы түсінікті беру;Оқушылардың жағымды қарым - қатынасын дамыта отырып, ізгілікке тәрбиелеу;Оқушыларға қарым - қатынасты үйрете отырып, көңіл күйін басқара білуге үйрету;Әдісі: Сахналау, ситуациялық талдау, сұрақ - жауап.Тренингтің барысыІ. Кіріспе:Қарым - қатынас – адам іс - әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс - тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым - қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым - ишара, белгі, таңба арқылы да бір - біріне мағлұмат бере алады. Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау, тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым - қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым - қатынастық қызмет атқаратынын біле бермейміз. Сөйлесу - қарым - қатынастың негізгі түрі.Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады.Қазақ халқында амандасудың қазір түрлері көп. Олай болса, біз амандасудың мына түрлерін орындап көрейік:ІІ. Сахналау (жұптық жұмыс)1. Оқушы мен мұғалімнің амандасуы;2. Ата мен немеренің амандасуы;3. Ақсақал мен замандасының амандасуы;4. Ұлдар мен қыздардың амандасуы;5. Студент екі қыздың амандасуы;Ата - баба дәстүрінің қастерлейтіні – дұрыстап сәлемдесе білу. Дұрыс сәлемдесу – имандылығымыз бен ар - ұятымыздың бастауы екендігі хақ. Амандасу кезінде әрбір адам бір - біріне саулық, жақсы күн тілейтінін, тілекші екенін есте ұстаған жөн.
ІІІ. «Жағдаяттан шыға білеміз бе?» ойыны(Жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңдер)1. Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?2. Назым әп - әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп - нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.Назымға қандай кеңес берер едіңіз?Мұғалім сөзі: Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстауы әдемі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл - қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.ІV. «Рөлдік ойын»Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіз.1. Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі.2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері.3. Үлкендер мен жастардың дастарқан басында өзін ұстау әдебі.V. «Әдептен озбайық» ойыны(Төменде берілген әдеп қағидаларын өз ойларыңмен жалғастырыңдар)1. Қоғамдық орындарда, көшеде:- Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.- Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе.- Тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.- Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.- Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме.- Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады.2. Іс сапарда:- Жолға шыққанда соған лайық киін.- Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс.3. Театрда:- Театрға 15 - 20 минут бұрын келіп, спектакль басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғанда қолайсыздық тудырады.Осы тапсырмада адамгершілік қарым - қатынас жасау әдеп қағидаларын өз ойларымен толықтыру ұсынылады.VІ. Қорытынды.Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы.Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір - қасиеті арта түседі. Әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады.Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу.
М.Ахметбеков атындағы орта мектеп
Қарым - қатынас – ізгілік пен адамгершілік бастауы.
(Тәрбие сағаты)
Өткізген: 7 сынып жетекшісі: А.А. Шоткина
2015-2016 оқу жылы