Имандылы? ізгілікті? негізі т?рбие са?аты


Ақтау қаласы.
№8 орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі Дуванова Алия Кемалатдиновна
Тақырыбы: Имандылық –ізгіліктің негізі
Мақсаты: Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұруға тәрбиелеу. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс – тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер құндылықтарды салт – дәстүр, әдет – ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушы бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүюге, ата - ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мешіт, құран суреттері, имандылық туралы нақыл сөздер, бейне роликтер, үнтаспа.
Кіріспе сөз: Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.Міне, сол себепті біз «Имандылық - ізгіліктің негізі» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.Жүргізуші: Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.(бейне ролик көрсету)
Хадисте: Күнәлардың үлкені ата-анаға лағнет айту. Ата-анаға ренжіп, яғни ата-ананы ренжітуден аулақ болумыз керек.
Аллаһ тағаланың разылығы,
Ата-ананың разылығында.
Аллаһ тағаланың ашуы,
Ата-ананың ашуында. (Имам Бухари)
Жүргізуші: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдарды біледі екен, соған кезек берелік.
1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран.7 - оқушы: Шариғат бойынша адам қылмыс жасамауы, маман сөз өтірік айтпауы керек. «Менде ғана болсын» деген өзімшілдік, біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген, діннен қорықпағандардың ісі, ондай адам күнәхар болып есептелінеді.
Имандылық деген не?
Адамның - басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен - ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде - ең тәттісі сыйластық. Ал осының бәрі - ИМАННАН.
Жүргізуші: Көрініс "Соқыр ана"
Жүргізуші: Ананың рөлін сомдаған: Мира, баланың рөлін сомдаған: Диас, мұғалім: Құндыз, көрші апа: Әйгерім, оқушылар: Нұрбол, Томирис, Салауат, Асель. Авторы: Аружан
Мұғалім: Имандылық туралы қандай нақыл сөздер білеміз.
Ұлағат сөздер8-оқушы: Түйе – жүктен, адам – ұяттан шөгеді. (Сағди).
9-оқушы: Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ. (Абай).10-оқушы:Арсыз – адам қоры. (Жүсіп Баласағұн)
11-оқушы:Ұят кейде заңдар шектемеген нәрсені шектейді. (Сенека)Хадистерден12-оқушы:Иманның абзалы – сабыр мен шындық – дүр.
13-оқушы:Әдемі киім кию де имандылық.14-оқушы:Кімде - кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды.
Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер имансыздар.
Жүргізуші:Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады. (слайд) көрсету
Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты:1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.2. Адам ойына үстемдік жүргізу.3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу.4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.
Жүргізуші: Міне, балалар бүгін біз имандылық туралы ой бөлістік.
Кезекті Абай Құнанбаевтың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін мәнерлеп оқуға береміз. Қорытындылау. Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады.Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.
"Ұлт болашағы -білімді ұрпақ қолында" - деп жастарға сенім артқан.
Жүргізуші: Әрқашан елімізде бейбітшілік болсын, көк туымыз биікке самғай берсін.
Тәрбие сағатымызды "Көк тудың желбірегені" әнімен аяқтаймыз.