Ашы? саба?.Информатика.Объектілерді іздеу. Объектілерді к?шірмелеу, орнын ауыстыру ж?не жою. Алмасу буфері.
Cабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.Сабақтың мақсаты: Объектілерді іздеу, объектілерді жылжыту мен көшіру және жою ережелерімен таныстыру. Алмасу буфері туралы мағлұмат беру. Алған білімдерін практикамен ұштастыру.Дамытушылық: Оқушының тез шешім қабылдай білуін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ.Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, “Білім жәрмеңкесі”ойыны, практикалық жұмыс.Көрнекіліктер: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері.Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын тексеруІII. Жаңа тақырыпIV. Сергіту сәтіV. Сабақты бекітуVI. Практикалық жұмысVІІ. БағалауVIII. Үйге тапсырма беруСабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;2) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(сұрақ - жауап әдісі бойынша)1. Файл дегеіміз не?2. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны?3. Бума дегеніміз не?4. Жарлық деп нені атаймыз?5. Бумалардың қандай түрлері бар?ІII. Жаңа тақырып.Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбінесе мынадай амалдар қолданылады:- көшірі;- орын алмастыру;- жою;- атын алмастыру;Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады.Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшелеу арқылы белгілеп алуға болады. Осы нысандарды Shift пернесін жібермей басып тұрып ерекшелеуге де болады.Әрекеттердің реті:1. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;2. Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір - бірінен алшақ орналасса онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесі қолданылады.Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін Упорядочить → Выделить все бұйрығы немесе Ctrl+A пернелерінің тіркесімдері қолданылады.Нысандарды жылжыту және көшіру.Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар. Мысал, дискіге.Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіге орналасса онда нысанды бумадан - бумаға суйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай “+” таңбасы пайда болады.Дәл сол бойынша тұтынушылар осы кезде нақты қандай үдеріс жүріп жатқанын ( Жылжыту немесе көшіру ) хабардар болады.Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.Алмасу буфернің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық: Көшіру(Копировать) немесе кірістіру(Вставить) керек болады.Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады. Ақпарат алмасу буферінде жаңа нысандарды көшіргенге дейін сақталады. Алмасу буфері компьютер өшіргенде ғана тазарады.Алмасу буферінің көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері:
1. Мәзірді реттеу (Упорядочить) пункті.Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу→ Көшіру немесе Реттеу → Қиып алу бұйрығын таңдап алыңдар. Нысанды апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу → Кірістіру бұйрығын таңдаңдар.
2. Контексттік мәзір.Контексттік мәзірде көшіру, қиып алу және кірістіру бұйрықтарын таңдаңдар. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің тәртібі Реттеу пунктінің бұйрықтарымен бірдей.
3. Пернетақта.Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындай керек.Ctrl+C – көшіруCtrl+X – қиып алуCtrl +V – кірістіруНысандарды жою және қайта қалпына келтіру.
Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне осындай себептермен байланысты нысандарды жою ушін Қоржан қарастырылған.Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын бума. Жойылған нысанды қайта калпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржан терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру.(Восстановить) бұйрығын орындау керек.Нысандарды қоржынға орналастырмай жою үшін Shift+ Del пернелері қолданылады.
IV. Сергіту сәті.“ Информатика” сөзінен сөздер құрастыру.V. Өткен тақырыпты бекіту.- Сөздердің орнын тапНысан тышқанның........ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.2. Қатар орналасқан нысандар........ деп аталады.3. Объектілерді........ үшін Пуск → Поиск батырмасын басамыз.4. Барлық жойылған нысандар орналасатын бума …….. деп аталады.5. …….. дегеніміз – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.“Білім жәрмеңкесі ” ойыныДәптер – Қоржындағы жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге бола ма?Қаламсап – Ақпарат алмасу буферінде қанша уақыт сақталады?Қалам – Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?Өшіргіш – Алмасу буфері деген не?Сызғыш – Корзинаны жоюға бола ма?
VI. Практикалық жұмыс.1. Word Pad бағдарламасында:1 желтоқсан – Президент күніне орай елбасымызға құттықтау хат;16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған шағын эссе;2014 Жаңа жылға отбасына, достарына арналған тілек жазу.2. Жазылған мәтінді файлға сақтау.3. Өз атына жаңа папка ашу.4. Файлды папкаға көшіру.5. Папканы жою.6. Қапшықтың ішінен жойылған папканы қайта қалпына келтіру.
VII. БағалауVIII. Үйге тапсырма беру§ 12 оқу;107 - 108 беттегі сұрақтарға жауап беру;
Информатика пәнінің мұғалімі
Муздыбаев Мақсат Мухидинович
Жамбыл облысы,Қордай ауданы, №22 Еңбек орта мектебі