Операциялы? ж?йені? бас?ару, Объектілерді іздеу. Объектілерді к?шірмедеу, орнын ауыстыру ж?не жою . Алмасу буфері. (5 сынып)


№ 11
Сынып: 5
Пәні: Информатика Күні: 5а-______/ 5б-______2015ж

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің басқару, Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмедеу, орнын ауыстыру және жою . Алмасу буфері.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға операциялық жүйенің басқару, объектілерді іздеу,
объектілерді көшірмедеу, орнын ауыстыру және жою , алмас
буфері. басқару тақырыбына түсінік беру.
2. Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту.
3. Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-сипаттау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, үлестірме қағаз
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру
3. Үй тапсырмасын тексеру
Сұраққа жауап алу.
ІІ. Түсіндіру кезеңі
Windows ОЖ жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте жұмыс үстелінде Компьютер, Желі (сеть), Қоржын (Корзина), Басқару тақтасы (Панель управление) сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы(Панель задач) мен Бастау (Пуск) батырмасчы орналасады.
Бастау батырмасын басқанна кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б мүмкіндіктер Windows-тің Бас мәзірі (Главное меню) ашылады.
Есептер тақтасы
Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.
Есептер тақтасының оң жағындағы сағатты тышқанның сол жақ батырмасымен шертіңдер. Күн мен уақыт терезесі көрінеді.
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға файлдарға, бумаларға және жарлықтарға көбіне мынадай амалдар қолданылады:
Көшіру
Орын алмастыру
Жою
Атын алмастыру
Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады.
Нысандарды shift пернесін жібермей басып тұрып та ерекшелеуге болады.
Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;
shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін Упорядочить =>Выделить все бұйрығы немесе Ctrl +А пернелерінің тіркесімдері қолданылады.
Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар, мысалы, дискіде.
Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.
Алмасу буфері
Windows-тің алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.
Алмасу буферінің көмегімен көшіру сендерге екі бұйрық: Көшіру (Копировать) және Кірістіру (Вставить) керек болады.
Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру
Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows-те арнайы құрал – Қоржын (Корзина) қарастырылған. Қоржын – жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.
Нысанды бумадан жылдам іздеу
Ізделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонысмен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.
Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сабақты бекіту:
ОЖ жүктегеннен кейінгі көретініміз – Жұмыс үстелі.
Стандартты түрде Жұмыс үстелінде: Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.
Жұмыс үстелінің сыртқы пішімін өзгерту үшін Персонализация бұйрығын қолданады.
Сабақты қорыту:
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Жұмыс үстелі деген не? Ол неге олай аталған деп ойлайсыңдар?
Әдетте жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасады?
Есептер тақтасы қайда орналасқан?
Бастау батырмасы не үшін қажет?
Тілдер тақтасы не үшін қажет?
Алмасу буфері деген не?
Нысандарды көшіру үшін қажетті бұйрықтарды атаңдар.
Нысандарды жою бұйрығы қалай жұмыс істейді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §9 оқу 68-77 бет
Тексерген __________