ЦИКЛДІК АЛГОРИТМДЕР (6 сынып)


Информатика Күні Мұғалім есімі
Сынып Қатысқандар саны қатыспағандар саны -
Сабақтың тақырыбы Циклдік алгоритмдер
Сабақ негізделген оқу мақсаты Оқушыларға циклдік алгоритмдер туралы түсінік беру
Оқу нәтижелері Оқушылар циклдік алгоритм қызметін, циклге арналған блок-сызба элементтерін біледі;
Цикл түрлері (арифметикалық цикл,  командалық итерациялық цикл) туралы түсінеді
циклдің әрбір түрін құрастыру арқылы талдайды(цикл операторлары:while..do, repeat..until, for..to..dо ажыратады
циклдің әрбір түрі жайлы білімдерін түйіндейді
Алгоритмнің барлық түрлерін қиыстыру арқылы жасалған алгоритмді сипаттайды. Циклді құрылымды алгоритмдердің блок-схемасын құрады.
Алдыңғы оқу Алгоритмнің түрлері(типтері)
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
1мин
3мин
І.Ұйымдастыру. Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу.( Оқушылар бір-бірлерінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.)
2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау.
66 бет, оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, компьютерде электронды тест.
3.Еске түсіру кезеңі. Жақсы әуен
Оқулық, эл тест
Бағалау парағы Семантикалық карта
Ортасы
5 мин
7 мин
5 мин
5мин
5мин
2мин
8 мин
 Жаңа сабақты бастар алдында жүк тасымалдау бейнеролигін көрсеттім. Көтеру кранының жұмысын қалай суреттеуге болады? Алгоритм қандай әрекеттер орындайды?Ққайталау саны неге байланысты?-деген проблемалық сұрақ қойылады? Өмірде тағы қандай құбылыстарды айта аласыңдар?(жыл мезгілдері, табиғаттағы су айналымы)
«Золушка» ертегісі бойынша жүргіздім, себебі оқушылар бұл ертегіні жақсы біледі екен.
1.Золушканың аяқ киімін табу үшін принц не істеді еске түсірейік. Блок-сызбасын оқушылар құрады, керек жағдайда мұғалім көмекке келеді. Енді тармақтарына қарап «ия», «жоқ» тармақтарының қайсысы көп қайталанатынын байқадыңыз ба?-деген сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар цикл түсінігін біледі.
2. оқулықтағы 68 беттегі тақырыпты сынып өз беттерінше оқып циклдік алгоритммен танысуын сұраймын. «Инсерт» әдісі бойынша.
Ендеше циклдік алгоритм мысаларын қарастырайық: (интерактивті тақтада орындалады)
Есеп 1. Әмір спортшы. Ол күнде таңертең дене шынықтырумен айналысады. 20 рет жерден кеудесін еркін көтереді, сосын жуынып мектепке барады. Блок-сызбасын құрып көрейік. Осы алгоритмде қайталанатын әрекеттер бар ма?
Ия, жерден кеудесін көтереді. –Жарайсыңдар!
Есеп 2. Дана жеңіл атлетикамен айналысады. Егер ол жүгіруден нормативті орындаса, жеңіл атлетикадан спорт шебері болады, әйтпесе оған тынбай дайындалу керек.
 Қараңдаршы 1 есепте Әмір жерден кеудесін көтереді әрекеті бірінші орындалып тұр, ал Дана нормативті орындады ма шарты бірінші орындалады ендеше циклдің қандай түрлері болады екен? (оқушылар оқулықтан оқыған, есептерді шығарған блок-сызбалары бойынша) цикл түрлерін анықтайды.
3.Мұғалім цикл түсінігін енгізеді. Оқулықтағы сурет бойынша талдау жүргізіледі.
Бекіту: «Алма жинау» алгоритмін құру. Жеке жұмысты дәптерде орындайды.
Оқушылар дәптерлеріне блок-сызбаларды сызып алады.
Физминутка
Практикалық жұмыс. «Жіптен секіру» презентациясын жасау.
1.  PowerPoint бағдарламасын қосу.
2. 4 слайдтта қыздың жіптен секірген бейнесін салу:(вставка-фигуры қолданып)
          3. барлық 4 слайд дайын болғанда  Показ слайдов - Настройка презентации -  непрерывный цикл до нажатия клавиши {Esc} белгілейміз - ОК. осы бөлім
5. автоматты көрсету режиміне қоямыз.
слайд 2
ертегі бойынша блок-сызба
оқулық, кесте
слайд 3
есеп 1
слайд 4
есеп 2
Алма жинау алгоритмі слайд
Бейне материал
PowerPoint бағдарламасы
Аяқталуы
2мин
3 мин
Бағалау бағамдау.
Сен қалай ойлайсың?
Өзіңнің өміріңде циклдер кездеседі ме, мысал келтір.
Рефлексия: Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз
Бағалау парақшалары арқылы оқушылардың қойған бағаларын салыстыра отырып бағалау.
Үй тапсырмасы:§11, оқу, сұрақтарға жауап беру слайд
Бүгінгі сабақта алған әсерлеріне байланысты оқушылар өз жауаптарын сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жазу арқылы орындайды