Та?ырыбы : Циклдік алгоритмдер 8 сынып


САБАҚ: Информатика МЕКТЕП: Ә.Бөкейханов ат.мектеп-лицей
КҮНІ: МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ:Н.С.Есмаганбетова
СЫНЫП: 8 Б
ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ Циклдік алгоритмдер
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ -Циклдік алгоритмдерге программа құруды үйрету. Оның қызметші сөздерімен таныстыру.- логикалық ойлау қабілеті, ой-өрісін дамиды. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыландыру
ТІЛДІК МАҚСАТ Негізгі сөздер мен тіркестер
Цикл, алгоритм, блок-сызба, циклдің алғы шарты, циклдің ілесу шарты, параметрлі циклер
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым):
Топпен, жекелей, кубизм, «Сәйкестендіру», миға шабуыл, ЖИГСО, өзін-өзі бағалау, кері байланыс
АЛДЫҢҒЫ ОҚУ Өткен білімді еске түсіру және байланыстыру
«Кубизм» стратегиясы.
Өзіне түскен сан арқылы интерактивті тақтадан ActivSlate құрылғысы арқылы сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.
Программа неше бөліктен тұрады?
Айнымалы дегеніміз не?
Өзгеретін шама қалай аталады?
Шартты оператор
Таңдау операторы
Шығару операторы
ЖОСПАР
ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ Жоспарланған жаттығулар РЕСУРСТАР
Басталуы (Қызығушылықты ояту) Амандасу; психологиялық дайындық;Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты.Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы күн балалар,Қайырлы күн қонақтар! Топқа бөліну сурет қиындылары (блок-схема /Сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритмдер тобы/)Түгендеу /Жоқ оқушыны белгілеу/Топбасшысы сайланады. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
«Сәйкестендіру»
Программа құрастырады, жаңа сабақтан While Do операторы қосылғандықтан, артық қалады. Осы жерде проблемалық сұрақ туындайды да, жаңа сабаққа мақсат қойылады. Интерактивті тақта, сурет қиындылары, флипчарт
Ортасы (Мағынаны тану) Интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі.
ЖИГСОҮш топқа бір есеп беріледі. 1 топ-берілген есептің блок-схемасын сызады, ережелерін айтып өтеді. 2 топ- программасын құрады. 3 топ – компьютерде орындайдыБір-бірінікін салысытырып, тексереді.
Сергіту сәті. «Физминутка» би билету
Ойын: «Мені тап» топтық жұмыс. Бірлесе отырып жұмыс жасайды. Әріптерді тізбектеу арқылы алгоритмге байланысты сөздерді табу керек. Оқулық, постер, маркерлер, стикер, электрондық оқулық, әріптер қиындысы
Аяқталуы (Ой толғаныс) Жеке жұмыс. Әр оқушы өз компьютерінде берілген есепке прграмма құрады. Берілген уақыт ішінде программаның жауабын шығару керек. Тақтаға бағалау критерийлері көрсетіледі. Бағалау парағына өздері алған бағаларын қояды.
Интерактивті тақтадан сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма:
Циклдік алгоритмдер туралы интернеттен қосымша мәлімет тауып келу. Тест сұрақтарына жауап беру. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. Деңгейленген карточкалар
Қосымша ақпарат Қосымша 1 Слайд «Циклдік алгоритмдер»
Қосымша 2электронды оқулық
Слайд, электронды оқулық
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, көңіл күйіне сәйкес тақтаға іледі.