«?аза?стан жолы — 2050: Бір халы?,бір ел,бір та?дыр»атты т?рбие са?аты/3-сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан жолы - 2050:
Бір халық,бір ел,бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер,слайд.Тәрбие сағатының барысы: -Сәлеметсіңдер ме,балалар. Мен сендерді бүгінгі Білім күні мерекесімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында білімдерің одан әрі шыңдалып,биік белестерден көрінулеріңе тілектеспін.
Білім күніне арналған тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
Қазақстан туралы не білеміз?
1-оқушы: Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып
жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін
қалаймын.
Ой қозғау:
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім сөзі. – Міне,балалар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
2-оқушы:
Алтын бесік, туған жер, далам менің,
Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.
Сырлы сазын жүректің төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала келдім.
3-оқушы: Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жарияланды.
4-оқушы:
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
«Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр» - бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
-Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды,- деді.
5-оқушы: Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.
6-оқушы: Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев.
7-оқушы: Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
8-оқушы:
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
9-оқушы: Астана – жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесі, жаңарудың символы, республикамыздың тәуелсіздігінің символы. Астана –қазіргі заманғы маңызды мемлекеттік, экономикалық, инвестициялық және саяси жоба.
Мұғалім сөзі: - Білім сабағының бір бөлігін елорданың қалыптасу тарихына арнауды ұсынамын.
10-оқушы: 2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері – бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.
11-оқушы: 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы,қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.
12-оқушы: Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017» өткізілуі – халықаралық көрме және ақпараттық-тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
13-оқушы:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
14-оқушы:
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
15-оқушы:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек,
Елдің ашық қабағы.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
16-оқушы:
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
17-оқушы:
Азаттық жері, Қазақтың елі,
Шаттыққа толы бүгінгі төрі.
Достықты берік, еткен бір серік,
Бейбіт күн тұрсын сәулесін төгіп.
Қорытынды:
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
18-оқушы:
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
19-оқушы:
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мұғалім сөзі: Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!